Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Құстың вирустық аурулары, олардың ерекшеліктері



бет4/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Құстың вирустық аурулары, олардың ерекшеліктері:

Т ұ м а у - құстың күйінің кетуімен, ас қорыту жүйесінің жарақаттануымен ерекшеленетін жіті өршитін аса жұғымтал вирустық ауру. Оның түрлі мемлекеттерде анықталған . эталондық штамдары ете кеп. Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған құс. Вирустың негізгі берілу жолдары аэрогенді, алиментарлы. Аурудың панзоотия түрінде таралуына жыл құстары себеп болады.

Ньюкасл ау. руы- ішкі ағзалардың нүктелі қанталауымен, пневмониямен, энцефалитпен сипатталатын асажұқпалы, РНК-лы парамиксовирус қоздыратын инфекциялық ауру. Індеттанулық зерттеу жүргізгенде тауықтың барлық тұқымдастары ауыратыны, вирус тозаң түрінде сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталып, бірнеше ш-ге дейін таралатыны, індеттен сау шаруашьшықтарға, сонымен қатар инкубаторға берілген жұмыртқа арқылы таралатыны, аурудың маусымдылығының болмайтыны ескеріледі.

Аурудың негізгі клиникалық белгілері жас балапандарда айқын байқалады. Ауруға шалдыққандар әлсіреп, орнынан қозғалмай, бастары қанатының астына тығылып, жөтеліп, түшкіріп, дем алғанда сырылдаған дыбыстар шыгады.

Ньюкасл ауруы жеке шаруа қожалығындағы жергілікті тауықтарда проблемалық мәселетудырмайды, бірақ оларда аурудың індет ошағы ұзақ мерзімде персистеніп ірі тауықфабрикаларына жұғу қаупін төндіреді. Ауруды дауалау мақсатында В-1, Н, Ла-Сота, Бор-74 штамдарынан дайындалған тірі вирус вакциналары түрлі схемаларда қолданылады.

Жұқпалы бронхит- балапандардың тыныс жолдарын, ал ересөк тауықтың репродуктивті мүшелерінің қызметін бұзумен сипатталатын, жіті өршитін вирустық ауру. Ауру қоздырушы вирустың бірнеше серологиялық типтері анықталған.

Марек ауруы (нейролимфоматоз) - көздің көз қабығының депигментациясымен, қарашықтың деформациялануымен, шеткері нерв талшықтарының оалдануымен сипатталатын құстың жұқпалы, вирустық ауруы. Қазіргі кезде құс фабрикаларында ауру қоздырушысының жоғары вируленттігіне байланысты проблемалық мәсөлелер тудырып отырған өте жұғымтал ауру. Вирус қорадан қораға ауа ағынымен таралады. Індеттанулық зерттеу жүргізгенде вирустың транспорт, адам, құрал-жабдықтар, кеміргіштер, эктопаразиттер және жабайы құстар арқылы берілетіні ескерілуі қажет.

Жұқпалы энцефаломиелит- тауық балапандарының басының, мойнының дірілдеуімен, дене қозғалысының бұзылуымен, салданумен сипатталатын, жіті өршитін вирустық ауру. Ересек тауық ауырмайды, ауру қоздырушысы жұмыртқа арқылы беріледі. Көбінесе 6-20 күнді балапандар ауырып, 80% жағдайда өлімге шалдығады.

Жұқпалы брусит (Гамборо ауруы, инфекциялық нефроз) - балапанның фабрица қалтасының, бүйрегінің жарақаттануымен, диареямен ерекшеленетін вирустық ауру. Ауырған балапандар 25% жағдайда өлімге шалдығады. Ересек тауықтар сирек ауырады. Вирус негізінен азық, су, құрал-сайман және күтуші адамдар арқылы беріледі.
Құс тұмауы -  қарым-қатынас болған кезде тез  жұғатын  құстың вирустік ауруы. Ауру  жүйке, тыныс жүйелерін  зақымдап, 70-100 пайыз жағдайда өлімге әкеліп соқтырады. Құс тұмауының вирусі  құстардың  миграциясы және  жұмыртқасы, мұздатылған  құс еті өнімдерін тасымалдаған кезде  таралады.  Сонымен қатар адамдардың  аяқ киімімен, сыртқы киіммен, автокөлікпен де вирустің  жұғуы  мүмкін.
 Қазақстан Республикасының аумағында құс тұмауының пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында 2006 жылдан  құс тұмауының пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылып келеді, ал 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап жоғары патогенді тұмау бойынша ахуалға  мониторинг жасау жүйесі енгізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет