Кеудесіндегі тамыр «жұлдызшалары» - тері бетінен аздап көтеріліп пульсация беріп тұратын ангиомалар.
Ксантелазма - холестериннің сары табақшалары (бляшки) жиналып симметриялы түрде көздің айналасында орналасады. Холестерин алмасуының бұзылуынан дамиды.
Бауырдың бұзылысынан бізде паренхиматозды сарғыштану байқалады, себебі бізде тура билирубин бауырға барып тура емес билирубинге айналып шығып кету керек еді. Бауырда ондай билирубинді яғни активсіз формаға ауыстыратын функциясы бұзылды ( гепатоциттер кетіп жатыр, қызметі бұзылды) сондықтан бізде билирубиннің деңгейі қан сарысуында көбейіп айқын сарғыштану байқалады.
Терісіндегі қасынған сызаттар бізде регенерация төмендеп тұр, қасыну аллергиялық реакциядан туындайды. Тері қышуы – қанға өт қышқылдарының шығып, жинақталуынан, терідегі жүйке ұштарын (рецепторларды) тітіркендіріп, қышуға алып келеді.