Физика билеттері 1-сурак: Белсенді датчиктер



бет11/19
Дата04.01.2022
өлшемі1,19 Mb.
#129140
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Физика билеттері осы
Галогендер, Қорғаныс техникасы.Ойын тактикасы. Екі жақты баскетбол ойындары, 1, Арт білім беру3
11-сурак: Бугер заңы

Ответ:Бугер-Ламберт-Бер заңы — бір түсті (монохромат) жарық шоғының орта арқылы өткендегі әлсіреуін анықтайтын заң. Қалыңд. І-ге тең жұтатын қабат арқылы өткен жарық шоғының қарқындылығы І0 шамадан І шамаға дейін төмендейді. Ол былай анықталады: І=І0Һе-kҺl, мұндағы k — жұту көрсеткіші, ол заттың қасиетін сипаттайды; kжұтылатын жарықтың толқын ұзындығына () тәуелді, ал қарқындылығына тәуелсіз болады. Ерітінділер үшін k=СҺ болып жазылады, С — ерітілген зат концентрациясы,  — ерітілген зат (жұтатын зат) молекуласының толқын ұзынд. -ға тең жарықпен өзара әсерлерін сипаттайтын коэффициент, ол С-ке тәуелсіз. Бұл заңды тәжірибе арқылы француз ғалымы П. Бугер ашқан (1729), неміс ғалымы И.Г.Ламберт оны теориялық жолмен қорытқан (1760), ал тағы бір неміс ғалымы А.Бер ерітінділер үшін тұжырымдаған (1852). Бугер-Ламберт-Бер заңы ерітінділердің жарықты жұтуын өлшеу арқылы ерітілген заттың концентрациясын анықтау әдісінің негізіне алынған. Бугер-Ламберт-Бер заңының орындалу ауқымы кең, бірақ жарық қарқындылығы өте жоғары (мыс., импульсті лазердің фокусталған шоғы) болған жағдайда kкоэффициенті жарық қарқындылығына тәуелді болады да, бұл заңнан ауытқушылық байқалады.

Бугер-Ламберт және Беер заңдарын біріктіріп. жарық сіңірудің негізгі заңын алуға болады. Ерітінді сіңірген электромагниттік сәуле шығару мөлшері, оны өзіне сіңіретін бөлшек концентрациясы мен ерітінді қабатының қалыңдығына пропорционал,

It = I0*10-εcl

It/I0— қатынасын Т арқылы белгілейді де, оны өткізушілік немесе мөлдірлік коэффициенті деп атайды, яғни

T = It/I0 = 10-εcl

Өткізушілікке кері шаманы жарық сәулелерін сіңіру деп атайды, ал сіңірудің ондық логарифмін - оптикалық тығыздық немесе абсорбциялық тығыздық дейді, яғни:

A = lgIt/I0 = εcl

Бұл оптикалық тығыздық - талданатын заттың концентрациясы мен ерітінді қабатының қалыңдығына тура пропорционал болатын негізгі жарық сіңіру заңының логарифмдік өрнегі. Бугер-Ламберт-Беер заңының осындай түрдегі тұжырымдамасын сандық талдауға пайдалану өте ыңғайлы. Оптикалық тығыздықтың концентрацияға тәуелділігін график түрінде көрсету мақсатында ордината өсіне оптикалық тығыздық, ал абцисса өсіне концентрация мәнін алсақ, қабат қалыңдығы бірдей болғанда, координат басынан басталатын түзу сызық шығады. Ал олардың көлбеу бұрышы мольдік сіңіру көрсеткішіне тәуелді. яғни әдістің сезімталдығын анықтайды. График зерттелетін ерітінділерге жарық сіңірудің негізгі заңын қолдануға мүмкіндік береді. Алайда оптикалық тығыздықтың концентрацияға түзу сызықты тәуелділігі әркез байқала бермейді. Мұндай ауытқулардың себептері түрліше, оларды тікелей өлшегенде ескерген жөн.

Жарық сіңірудің негізгі заңы өлшеудің спектрофотометрлік және колориметрлік әдістерін пайдалану арқылы абсорбциялық спектроскопияда кеңінен қолданылады. Бұл әдістердің көмегімен талданатын заттың концентрациясымен байланысты оптикалық тығыздығы немесе өткізгіштігі тікелей өлшенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет