Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсеков Ж, Касымбекова Н. Ж



бет42/83
Дата26.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#175493
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   83
Байланысты:
Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе

11. Санды үш қосылғышқа жіктеді, сонда екінші қосылғыш біріншісінен 25%-ке кем, ал үшінші қосылғышы екіншісінен 1-ге аз болып шықты. Бірінші қосылғышты табыңдар.
A) 1,2; B) 1,3; C) 1,4; D) 1,5; E) 1,6.
12. Тік төртбұрыштың биіктігі оның табанының 75%-ін құрайды. Егер тік төртбұрыштың ауданы 48 м2-қа тең болса, тік төртбұрыштың периметрін табыңдар.
A) 24 м; B) 26 м; C) 28 м; D) 30 м; E) 32 м.
13. Жаңадан орылған шөптің ылғалдылығы 85%-ті құрайды. 1 т шөпті құрғатқанда оның ылғалдылығы 75%-ті құраған болса, қанша шөп буланған?
A) 300 кг; B) 350 кг; C) 400 кг; D) 420 кг; E) 450 кг.
14. Санды 10%-ке арттырған, одан кейін оны тағы да 10%-ке арттырған. Екі рет арттырғанда сан қанша процентке артқан?
A) 18 %; B) 19 %; C) 20 %; D) 21 %; E) 22 %.
15. Санды 10%-ке арттырған, одан оны 10%-ке кеміткен. Бастапқы берілген санға қарағанда сан қалай қанша процентке өзгерген?
A) 1%-ке артқан; B) 1%-ке кеміген; C) 2%-ке артқан; D) 2%-ке кеміген;
E) сан өзгермеген.
16. Соңғы 3 айда азық-түлік тауарларының бағасы әр айда орта есеппен алғанда 10%-ке артқан. Осы үш айда тауарлардың бағасы қанша процентке артқан?
A) 30 %; B) 31 %; C) 32%; D) 33%; E) 34%.
17. Тік төртбұрыштың барлық қабырғаларын 10%-ке арттырған. Оның ауданы қанша процентке артқан?
A) 15 %; B) 18 %; C) 20 %; D) 21 %; E) 25 %.
18. Квадраттың әрбір қабырғасын 20%-ке арттырған. Оның ауданы қанша процентке артқан?
A) 40 %; B) 41 %; C) 42 %; D) 43 %; E) 44 %.
19. 40 т руданың 6% қоспасы бар 20 т металын қорытқан. Рудадағы қоспаның процентін анықтаңыз.
A) 50 %; B) 45 %; C) 51 %; D) 52 %; E) 53 %.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет