Физика пәніне қазақ тілінде тест сұрақтары. Сұрақ кітапшасы 35 нұсқа



бет126/267
Дата15.09.2017
өлшемі22,39 Mb.
#33360
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   267

6. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалған автомобиль кенеттен тежелді. Егер тежелу кезіндегі үдеу 4 м/с2 болса, автомобильдің тоқтағанға дейінгі жүріп өткен жолы және толық тоқтағанға дейінгі уақыты

A) 16,4 м, 3,6 с.

B) 12,6 м, 2,6 с.

C) 13,5 м, 4,5 с.

D) 10,5 м, 2,5 с.

E) 12,5 м, 2,5 с



7. Биік құздан 15 м/с жылдамдықпен лақтырған тас 7 с-та оның түбіне жетеді. Құздың тереңдігі: (g = 10 м/с2)

A) 400 м.

B) 185 м.

C) 450 м.

D) 250 м.

E) 350 м.



8. Массасы 8 кг дене 2Н күштің әсерімен қозғалғанда алатын үдеуі.

A) 0,4 м/с2.

B) 0,05 м/с2.

C) 0,25 м/с2.

D) 0,1 м/с2.

E) 2 м/с2.



9. Кристалдану кезінде дененің температурасы ...

A) кристалдандыру температураға тәуелді емес және ол температураның кез келген өзгерісінде жүреді.

B) көтеріледі.

C) төмендейді.

D) заттың химиялық құрамына байланысты көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін.

E) тұрақты бір мәнде болады.



10. Температураны арттырғанда металл өткізгіштің кедергісінің өзгерісі

A) Кемиді.

B) Бірдей.

C) Тәуелді емес.

D) Артады.

E) Өзгермейді.



11. Біртекті магнит өрісі тогы бар рамаға

A) химиялық әсер көрсетеді.

B) жылулық әсер көрсетеді.

C) жылулық және химиялық әсер көрсетеді.

D) механикалық әсер көрсетеді.

E) жарықтық әсер көрсетеді.



12. Тербелмелі контурдағы электр тербелістері мынадай q = 10-2 cos20t теңдеумен берілген. Заряд тербелістерінің амплитудасы

A) 20 t Кл.

B) cos20t Кл.

C) 0,01 Кл

D) sіn20t Кл.

E) 20 Кл.



13. Тұрақты интерференциялық көрініс шығарып алу үшін қажетті шарттар:

1) Тербеліс амплитудалары бірдей болуы керек.

2) Үйлесімді толқындар болуы қажет.

3) Толқындар когерентті болуы қажет.

4) Толқын жиіліктері бірдей болуы керек.

5) Фазалар айырымы тұрақты болып келуі керек.

A) 1,3

B) 2,3,4,5



C) 1,2

D) 1,4


E) 1,2,3

14. Вильсон камерасының жұмыстық заты –

A) аса қыздырылған сұйық (сұйық сутегі мен пропан).

B) судың немесе спирттің қанығуға жақын буы.

C) газ (аргон).

D) бромды күмістің кристалдары бар фотоэмульсия.

E) кәдімгі немесе ауыр су.



15. Массасы 5 кг денеге бір жазықтықта =10Н және =5Н екі күш әсер етеді. Дененің үдеуі мен қозғалу бағыты

A) 3 м/с2, F1 бағытымен.

B) 1 м/с2, F1 бағытымен.

C) 2 м/с2, F1 бағытымен.

D) 2 м/с2, F2 бағытымен.

E) 1 м/с2, F2 бағытымен.



16. Массасы 2 т жүкті 9 м биіктікке 1 мин ішінде көтеретін кранның пайдалы қуаты

A) 1,8 кВт.

B) 18000 кВт.

C) 3 кВт.

D) 0,3 Вт.

E) 3 Вт.



17. Тік төмен қарай түскен тастың 1 м жолдағы кинетикалық энергиясы 16 Дж-ға көбейген. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысы:

A) –4 Дж.

B) 4 Дж.

C) 0 Дж.


D) –16 Дж.

E) 16 Дж.



18. Бір атомды газдың көлемін 3 есе азайтып, молекулаларының орташа кинетикалық энергиясын 2 есе арттырса, оның қысымы:

A) 6 есе өседі.

B) өзгермейді.

C) 5 есе кемиді

D) 5 есе өседі.

E) 6 есе кемиді.



19. 4 нКл зарядтан 3см қашықтықта өрістің кернеулігі 10 кВ/м-ге тең. Сұйықтың диэлектрлік өтімділігі

A)  = 3.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет