Формирование профессиональных умений и навыков



бет11/25
Дата14.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#149478
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
статьялар

Түс (рең). Бір қалыптылық - ашық түстің қою түске бір қалыпты өтуі, бір қалыптылық деген түсінік қою түстің ашық түске созылыңқы түрге көшуі, натураны қадала анықтаңқырап қарауға, онда түрлі-түсті реңдердің молшылығын көруге, сезім гаммасын байытуға ықылас тудырады, кескіндеме мен сызбаның туындылары мен түсімен танысуға, олардың өңдестік шешіміне, алып жат-тығудың қиындылығы айналадағы дүниенің жарық көлеңкеге бай екендігіне зер салдырады, түсті сезіну түйсігін дамытады.
Табиғатта әдеттегі күн жарығында заттар үлкен көлемді болып көрінеді, яғни біздің көзіміз жарықтың үстіңгі қабатқа түсуінен, оның көршілес объектілердің шағылуы рефлекция немесе ауада оның таралуы арқылы жарықтың бір бөлігінің көлеңке түсуінен көлемді сезеді. Заттардың көлемін сезу контрасты жарықта (сұлба) немесе таралып түскен жарықта жоғалады.
Ауаның тығыздылығы мен жарықтың жиілігінің түрлілігінен бірдей объектінің әр түрлі болып көрінуі мүмкін, олардың көлемділігін сезіну де өзгереді, үстіңгі қабатының бедерін, фактурасын сезіну де өзгереді. Үстіңгі қабатының бедерін, фактурасын сезінуде ауысады. Мысалы, таңертең, кешке – таулар түрліше, әрқалай көрінеді. Біздің көлемді сезінуіміз:

  • ауаның тығыздылығына;

  • жарықтың қайнар көзінің жиілігі мен бағытына,

  • жарықтың қайнар көзінің сан-мөлшеріне;

  • көрушінің заттан немесе заттың жарық көзінен қашықтығына байланысты, өнерде түс үш күрделі топқа бөлінеді;

  • жылы түс (ашық түс);

  • суық түс (қанықтылық);

  • бейтарапты (түстің өңі).

Жылы түске сары-қызыл түстер жатады. Олар биологиялық жағдайда организмге өте белсенді әсер етеді, қоздырады, өмір сүю процесін жылдамдатады, адамның көңіл-күйін жақсартады, бірақ шамадан тіке қызыл түс жүйелерінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Суық түске көк, жасыл, күлгін түстер жатады, олар селқоз, еңжарлық тобына жатады, олар тынығуды керісінше шаршататын, қажытатын, тұңжарық сияқты қарсы сезімге әкелуі мүмкін. Егер заңды ұғым бойынша көршілес түстерді тізсек, сақинаша иіліп күн спекторы болып тұйықталады. Оны пайдалана қандай түстердің қарама-қарсы (ортақ диаметрдің аяғы бойынша) екенін көреміз. Оларды контрасты түстер немесе қосымша түстер деп атаймыз. Оптикалық араластыруда бейтараптанып сұр және қара түс ахроматикалық пайда болады.
Форма. Форманың тұтастық заңы және мазмұны көрерменнің, оқушының өнерді қабылдауы форма мазмұнымен бөлінбейді. Бір-біріне қарама-қарсы қойылмайды, бірақ біреуі екіншісінің даму дәлдігін, өзіндік белгісін сапасының шартын көрсетеді, бұл өнер шығармаларында бөлінбейтін тұтастық (Н.Филов).
Адамдарды шартпен екі топқа бөлеміз, суретті жасаушылар (суретшілер, ақындар, композиторлар) және өнерді қолдаушылар (көрермендер, оқырмандар). Біз түсінуіміз керек, негізгі бейнесі бар туынды жанасушыға әсер етіп, өзінің барлық сапасымен тұтастыққа қабылданады, форма мазмұннан бөлінбейді, ол қорытынды тұжырым. Қандай жағдай болса да, өнер туынды суретші форма мен мазмұнды байланыстырса ғана ғасырды бастан кешіреді, оны басқаша елестету мүмкін емес, мазмұнға форманың барлық элементтері жұмыс істейді, «алмау керек», «қоспау керек».
Ертеде былай деген екен «шектік бар нәрсенің негізі», суретші өмір бойы табиғаттан үйренеді, өйткені ол неліктен өз шығармаларында ұқсас, мөлшерлес, барлық элементтері функционалды және формасы оның мағынасы болып табылады. Мысалы, ағаш, тамыр, бағана, діңгек, қабық, бұтақ, жапырақ барлығы ерекше мақсатты өз формасына лайықты. Сонымен қатар, олар органикалық байланыста өзара – ағаш бір тұтасты бір функцияны атқарды, бір формаға ие (Леонардо да Винчи). Өнер шығармасын түсінуді үйренуге эстетика ғылымы көмектеседі, ол грек тілінен аударғанда сезімді қабылдауда қатысты 19 ғасырдың аяғында философиядан бөлініп шыққан.
Эстетиканың негізгі бөліктері, өнердің түрлерімен жанрлары, эстетиканың негізгі формалары және маңызды, категориялары – тамаша және ұсқынсыз, асқақ және айнымалы, қайғылы және күлкілі т.б. өнер қоғамдық құбылыс іспеттес, көркем шығарма және көркем бейне өнер психологиясы және көркем қабылдау теориясы, көркем-суреттік процесс. Эстетика өнердің тамаша туындыларын тани отырып, тұжырым жасайды, әдемілік тек мұражайларда ғана болуы тиіс емес, адамның күнделікті өмірінде, оның қылықтырында болуы керек.
әдебиеттер
1. Козлов В.М. Основы художества и оформления текстильных изделий. М., 1981.
2. Соколова О.Ю.Секреты композиций для начинающих художников. М., 1986.

Түйіндеме


Мақалада композиция туралы түсініктеме және оның негіздері симметрия, ассимметрия, сызық, дақ, ырғақ қатарлары мен құрылу қатарларының заңдылықтары айтылған.
Резюме
В статье излагаются основы композиции, говорится о его составных частях - симметрии, ассимметрии, линии, ритме, строении ритма и его закономерностях.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет