ӘОК 373.642
Технология сабағында жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби білім беру
Рахметова Н.Б. – п.ғ.к., аға оқытушы (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Қазақстан Республикасы жалпыға білім берудің мемлекеттік стандарты бойынша оқушылардың өздігінен еңбек етуіне ықпалы зор. Өйткені, жас ұрпақты жаңа технологиялармен таныстыруды жалпы еңбек біліктіліктері мен дағдыларын игеруді қамтамасыз ету қазіргі ұстаз алдындағы үлкен жауапкершілік. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын дамытуды жүзеге асырады. Бұл орайда, әсіресе ұлттық таныммен әлемдік биік талғамның бірлігі айқын танылатын қол өнерін оқыту мәселесі өзінің өзектілігімен және өткірлігімен ерекшеленеді.
12-жылдық білім беру стандартына сәйкес мектеп қабырғасынан бастап оқушыларға кәсіби бағытта білім беру қарастырылып отыр. Осыған орай кәсіби білім беру мақсатында технология пәнінің де алатын орны ерекше. Жоғарғы сынып оқушыларына, яғни, қыз балаларды киім тігуге, модельдеуге, киімді пішуге үйретіп, әрі эстетикалық талғамын арттыру, кәсіби білім деңгейін көтеруді қажет етіп отыр.
Тәуелсіз Қазақстанның жеке мемлекет ретінде өз туын көтеруі, басқалармен экономикада, білім мен ғылымда рухани өмірде бой таластыруға талпынуы бізді ойландырмай қоймайды. Қазақстан Республикасының жастарын ертеңгі күннің өлшемдеріне сай өмір сүруге дағдыландырып, халық салт-дәстүрін меңгерген жаны да тәні де сұлу адам тәрбиелеуге, жалпы ұлттық сана-сезім мен ұлтаралық қатынас мәдениетінің биік деңгейіне жете алатындай білім беру жүйесі қарастырылған. Бүгінгі таңда халықтың өмірге деген ынта-ықыласы анағұрлым жоғарылады. Себебі, қоғамның даму барысында мәдени, экономикалық, саяси жағдайлардың бәрі ұлттық психология мен көзқарастарға, адамның сана-сезімімен, талғамының дамуына әсер етеді. Осыған орай тұтынушылардың талғамы арта түсуі де сән ағымы да үнемі жаңарып отырады. Қазіргі кезде киіне білу де өнер. Сондықтан жастардың киім киюге және киім үлгілерін әзірлеуге эстетикалық талғамын арттыруымыз қажет.
Мектеп қабырғасында жоғары сынып оқушыларын, технология сабағында сәнді және қазақтың ұлттық киім үлгілерімен олардың тарихымен, ою-өрнектерін, тігілу әдіс-тәсілдерін үйретеді. Теориялық сабақ барысында оқушыларға ұлттық киімдерге қолданылатын мата түрлерін, киілу мақсатын, түстерінің үйлесімділігі, тігілу жолдары жайлы мәліметтер беріледі. Сарамандық жұмыс барысында таңдап алған үлгі суретін салып, оны түсте шешіп, ою-өрнегінің эскизін әзірлейді, сондай-ақ қажет өлшемдерін пайдалана отырып үлгі сызбасын сызып, дайын үлгі бойынша бұйымды пішуге және тігуге икемділігі мен белсенділігін қалыптастырады.
Жоғары оқу орындарында болашақ еңбек пәні мұғалімін немесе суретші модельер мамандығындағы студенттер, мектепте алған білімдерін одан әрі жан-жақты толықтырып, ұлттық киім үлгілерін әзірлеуді игереді. Киім адамның мінез-құлқын, сыртқы қоршаған ортамен қарым-қатынасын, беделін жан дүниесін айқындап көрсетеді. Жеке адамның эстетикалық талғамы тек оның киінуінен және жүріс-тұрысынан немесе адамдарменен сөйлесіп араласуынан ғана пайда болмайды. Сонымен бірге ол жеке адамның өз іс-әрекетінде бар мүмкіндіктерді жүзеге асыра алу барысынан және сол мүмкіндіктерді қандай ортада болсын қаншалықты сүйкімді әрі қызықты етіп көрсете білуімен қалыптасады.
Сән ағымындағы киім үлгілерін ең алдымен жастар киіп шығады, себебі олар жаңаны қабылдауға бейім. Олардың қоршаған ортадағы заттарға эстетикалық талғамына әсер ететін факторлардың бірі – демонстрация залындағы киім үлгілерінен көруге болады. Киім үлгілерін таңдауға жастардың шығармашылық қабілетін туындату үшін, оларға киім үлгілеріне талдау жасатып дайын модельерді іздемей өз бетінше шешім қабылдауға және жағымды киімді бойына қалыптастыруға көмек көрсету қажет. Нарық экономикасы талаптарын жүзеге асыру ісіне еркін еңбек пен жоғары өнімділік кепіл бола алады. Сондықтан жастарға еңбектің адам өміріндегі мәні мен маңызын түсіндіру, шығармашылық еңбекті дамыту, еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру, оны табиғи қажеттілікке бейімдеу іс-әрекеттері орындалады.
Ұлттық мәдениет пен өнер – негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету, адамзат қоғамында бұрын-соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеуге бағыттайды. Сондықтан қазақтың ұлттық киімдерінің тәрбиелік мәнін, эстетикалық талғамын келешек жастарға тәрбиелік мәнінің зор екендігін ескере отырып, кәсіби еңбек сабағына осы аталған тақырыпты енгізу туындап отыр.
Қазақтың ұлттық киімдерін айтыста, театр сахнасында, ұлттық мерекелерде кию бұрыннан қалыптасса, қазіргі уақытта сол киімдерде кездесетін көптеген элементтерін сәнді киім үлгілерінде қолданылады. Атап айтқанда: ою-өрнек сәнді киімдердің жағасында, жеңіне, әр түрлі кестелеу жолдарымен немесе тас моншақтармен әсемдеп және бедерлі кестелеу жолдарымен әшекейленсе, блузка, көйлек жеңдерінің, белдемшелердің төменгі етек тұстарында желбіршектерінде қолданудың өзі осы ұлттық киімдердің үлгісінен туындап отыр.
Қазақтың ұлттық киімдерінің тәрбиелік, талғамдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ол ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді. Жастардың ақыл-ойын өсіреді, адамгершілік қасиеттерін арттырады, эстетикалық түйсік-талғамын дамытады, еңбекке баулиды. Мектеп оқушыларын қазақтың ұлттық киімдерінің үлгісін әзірлеу бүгінгі күн талаптарына сай меңгерту үшін технология пәнінде оқушыларға кәсіби бағытта теориялық және практикалық шарттарын анықтауды талап етеді. Теориялық және практикалық негіздер арқылы оқушыларды адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруде ұлттық киімдердің үлгілерін тігуге үйретуді талап етеді. Бұның бәрі жеке тұлғаны рухани байытады, жан-жақты дамуға әсер етеді, қазақтың ұлттық киімдерін, ұлттық өнерді бағалауға, түсінуге үйретеді.
Сән ағымындағы киім үлгілерін алдымен жастар киіп шығады, себебі олар жаңаны қабылдауға бейім. Киім үлгілерін таңдауға жастардың шығармашылық қабілетін туындату үшін оларға киім үлгілерінен талдау жасатып, өз бетінше киім үлгілерін іздестіру әдістерін бойына қалыптастыру керек.
Технология сабағында жоғарғы сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін арттыру үшін оқытудың ауызша, көрнекілік, сарамандық, проблемалық әдістері пайдаланылады. Бүгінгі біздің ісіміздің күнін ертең жалғастыратын, өз қолына алатын жас жеткіншектер. Оқушыларды киім тігуге қызығушылығын арттыру – ең бір ғанибет шара. Сондықтан, жастарды киім үлгілерін пішуге, модельдеуге, тігуге үйрету барысында олардың эстетикалық талғамын қалыптастыру үшін мынадай мақсат, міндеттер қарастырылады:
жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби еңбек сабағында киім үлгілерін тігуді үйрету және тәрбиелік мәні арқылы әсемдікке, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу;
жоғарғы сынып оқушыларына заманға лайық бұйым жасау үшін мына қағидаларды ұстану керек: бұрынғы дәстүрмен байланысты сақтау; алдыға шығу, өрлеудің барлығын игеру; көркем жаңа ойларды өндірісте жылдам іске асыру; киімнің мәдениет, ғылым мен өндірістегі жетістіктеріне, сәнді болжауға ғылыми ізденістер жасау; адам бейнесінің қоршаған материалдық ортамен стильдік бірлігі; киім көшенін шеше білу.
Қазақстанда сән мен салтанаттың, әдемілік пен әсемдіктің бірден-бір ордасы болып отырған қазақтың ұлттық киім үлгілерін қазіргі заман талабына сай жаңғырту, жаңарту, көпшілікке жеткізе білу - бұл біздің ең басты мақсатымыз. «Жақсы киім жетілген қоғам белгісі» деп есептейтін болсақ, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін үйлесімді сәнді киініп жүргенге не жетсін. Тәуелсіз елдің туын биіктетуге ұлттық киімнің қосар үлесі орасан зор. Дербес қазақ мемлекетінде тұратын ұлттар үшін ұлттық киімдердің алатын орны ерекше. Іс жүзінде жүргізілетін жұмыстардың мазмұны қазақтың қолданбалы қолөнерін оқушылардың жалпы еңбекке, сондай-ақ мамандық таңдайтын еңбекке дайындығын түрлі заттарды, ағаш, металл, сүйек, тері, киіз, мата т.б. қолдан келмесе машинамен өнім шығаруға үйренуі тиіс.
Кәсіби еңбекке үйрету оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілетін, эстетикалық сезімін жалпы еңбекқорлық мәдениетін, жеке басшының дербестігін шыңдап тәрбиелейді. Мүмкіншілікке байланысты, ішкі бастық басшылығына, оқушылардың және олардың ата-аналардың қалауына байланысты тақырып аралық сағат санын, өзгертуге, өңдеу жұмысының бір түрін екінші түрінен, алмастыруға мектеп ұжымы ерікті. Еңбек сәндік-қолданбалы өнері мен ұлттық кәсіптерін енгізу халықтық өнерді қайта жаңғыртуға және дәстүрді одан әрі дамытуға, жастарды салт-дәстүрге деген құрмет рухында тәрбиелеуге игі ықпал етеді.
Кәсіби еңбек дәстүріне оқытудың және тәрбиелеудің принциптерін төменгі сынып оқушыларының бастапқы кәсіби маңызды іскерліктерін дамытуға тиімді пайдалану. Кәсіпкерлікке баулуға бағытталған тұтас оқу-тәрбиелік жүйенің әр құрылымының жұмысын ізгілендіру мен теңестіру негізінде жүргізу. Негізінен оқушыларды кәсіби еңбекке баулуға бағытталған жұмыс оқу процесінде басталып, тәрбиемен ұштасады. Еңбек пәнін оқыту оқушылардың көркем эстетикалық талғамын, яғни көру, сезу, бақылау, түсіну, қабылдау шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы оларға эстетикалық білім мен тәрбие беру мақсатын көздейді. Соңғы кезде сабақ туралы, әсіресе оның жеке түрлерге жіктелуі туралы теріс пікірлер айтылып жүр.
Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың басты түрі болғандықтан оны атқаратын қызметі мен оқыту жүйесінде алатын орыны ерекше екенін білу қажет. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардын рухани қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделген. Сабақтарды топтастыру жалпы алғанда мынадай белгілерге негізделген:
сабақтың дидактикалық мақсаты;
сабақтың құрылымы (дидактикалық кезендегі этаптары);
сабақта қолданылатын негізгі бір әдіс.
Бірінші берілгенге байланысты сабақтың мына түрлері анықталады; кіріспе сабақ, жаңа білім беру сабағы, бекіту қайталау, оқушылардың білімін тексеру сабағы.
Еңбекке тәрбиелеу мақсатымыз Қазақстан мектептерінде білім мазмұны көп сапасы жоғары білім құрылыс және тағы басқалар. Бұл нормативтік документтер жоғары білім реформасын бағдарын анықтауға арналған бірақта педагогика ғылымының жемістіктерін қолданбай оқушының педагогика білім мазмұны проблемасы. Тәрбие жұмысының мәні мектептің басты міндеті - оқушылардың жеке басын қалыптастыру, олардың барлық қабілетін, дене, ой және адамгершілік – ерік сапасын дамыту. Мектептің күрделі де алуан түрлі өмірі оқушыны күн сайын, сағат сайын өзіне тартып, білімге адамгершілік қарым- қатынасқа баулиды өз бетінше еңбек етуге мәжбүр етеді.
Оқушы ең басты тәрбие үлгісін мектепте алады, ол онда білім мен дығдыны ғана меңгеріп қоймай ақыл-ойын, ерік жігерін дамытып білу білім қиыншылығын меңгереді, өзін қайырымдылыққа және ізгілікке баулиды, оқуда тағы басқа жолдастарына көмектеседі.
Шындығында еңбек мұғалімі өз пәнін үйрете отырып, оқушыларды тәрбиелейді. Мұғалімнің әрбір сабағы әрбір сөзі мен іс-әрекеті, тіпті сыр келбеті әрқашанда тәрбиелік ықпал бере қою, әрине оңай емес. Еңбек сабағында оқушыларды шыдамдылыққа төзімділікке, іскерлікке, қызығушылық туғызуға тәрбиелеу керек. Сабақты ұйымдастыру көбінесе оқушылардың сабаққа дайындалуын тексеруден басталады. Егер бірнеше оқушылардың қажетті құрал- жабдықтары менен материалы болмаған жағдайда мұғалім қосымша заттар береді. Мұғалім оқушылардың сабаққа барлық құрал-жабдығы мен материалы бар екенін біліп сабақты бастайды. Сондай-ақ оқушылардың жұмыс орнын ұйымдастыруы да қажет. Еңбекті оқыту пәнінде жаңа сабақты түсіндіру әңгімелесу демонстрация инструктаж ретінде өтеді. Демонстрациялау кезінде мұғалім оқушыдан берілген бұйымнның үлгісінің және оның бейнесінің үлгісін сұрайды. Содан кейін сабақты анықтайды. Оқушылар менен әңгімелесу негізінде орындалатын бұйымға қанша және оны орындауға қандай құрал-жабдық қажет екенін, сондай-ақ орындалу реттілігін өзінің жұмысының нәтижесін бақылау керек. Жаңа сабақты өтілген сабақтармен байланыстарын жаңа сабақты қалай орындау керектігі түсіндіріледі.
Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің классификациясы. Бүгінгі күнге дейін жасалған қазақ ою-өрнектерінің классификациясына шолу. Зооаморфтық, өсімдіктер тектес, геометриялық, космогониялық ою-өрнектерге нақтылы мысалдар келтіре отырып, мотивтеріне қарай жіктелгенін ұғындыру. Аталған ою-өрнек топтарының өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау. Қазақтың ою-өрнек үлгілерін аталу принциптеріне қарай да жіктелуін көрсету:
Бейнесінің ұқсастығына байланысты аталған ою-өрнектер;
2. Жан-жануар аң, құс, тектес (құсқанат, бұғы).
Сәнділік ұғымына киімнің әсемдігі ғана емес, сонымен бірге нақты жағдайға байланысты киіне білу, адамның шұғылданатын ісіне, жас шамасына сәйкестігі де ескеріледі. Адамның өзіне тән ерекшелігі, талғамы, мүсіні, басқаларға ұқсамайтын тұлғасы болады. Адамның осы қасиетін ескере отырып әртүрлі киім ассортименті қолданылады.
Ассортимент - әртүрлі тауарлар жинағы. Киім ассортименті тұтынушылар сұранымды қанағаттандыру үшін өнеркәсіп шығаратын түрі мен мақсаты алуан түрлі бұйымның жиынтығы.
Киім – адам денесін мүшелеп немесе бүркеп тұратын жабындылар жиынтығы. Киім үлгісі адамның жаңалыққа, өзгеріске шынайы талпынысынан тұрады. Осыған орай киім үлгілеуде мектеп оқушыларына үйретудегі әдістерді дұрыс қалыптастырудың маңыздылығы көрсетілді.
әдебиеттер
Атутов П.Р., Поляков В.А. Роль трудового обучения в политехническом образовании школьников. - М.,1985.
Линда А.С. Принципы трудового обучения. // Школа и производство.–1998. №1 –С.11-15.
Тхоржевский Д.А., Гетта В.Г. Внедрение проблемного обучения на уроках труда. // Школа и производство. – 1997. №4.
Түйіндеме
Мақалада мектепте технология сабағында оқушыларға кәсіби білім беру арқылы шығармашылық қабілеттерін жетілдіру сараланды.
РЕЗЮМЕ
В статье освещаются вопросы развития способностей к творчеству учащихся через профессиональное образование на уроках технологии в школе.
Достарыңызбен бөлісу: |