Г. А. Амрина Әдістемелік Кеңес отырысында мақұлданды



бет20/34
Дата11.03.2022
өлшемі3,73 Mb.
#135157
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Байланысты:
4. ДӘРІС КЕШЕНІ латын тілі МІ

9.4.3. Дәріс тезистері.


Сұйық дәріліқ түрлері: ерітінді, түндырма, қайнатпа, түнба, сығынды, эмульсия, суспензия, микстура, сироп, эликсир.
Рецепте жазылуы
1). Ерітінділер – Solutiones – еріткіште қатты, сұйық, газтәріздес заттарды ерітіп жасалынатын сұйық дәрінің түрі. Ерітішке байланысты ерітінділер түрі: сулы, майлы, спиртті.
Еріткіштер:дистилинген су – Aqua destillata, этил спирті - Spiritus aethylicus, сұйық майлар: күнбағыс майы (Oleum Helianthi), шабдалы майы (Oleum Persicorum).
Ерітінділер ішке, сыртқа, егуге қолданылады. Өндірісте және дәріханада дайындалады.Ерітінділер түнық болу қажет.Рецепте ерітінділер толық әдіспен (еріткішпен ерітілген зат белғіленеді) немесе қысқартылған түрінде (еріткіш қөрсетілмейді) белғілі концентрацияда (көлем бірлестігіндеғі дәрінің мөлшері) жазылады.
Концентрациясы 3 түрлі әдіспен белғілінеді:
пайыздық/процентіқ/ (pro centum – жүзге) – 100 мл еріткіштеғі дәрінің мөлшері ,
қатынас арқылы (мысалы: 1:5000, бүл концентрация бойынша 1 грамм дәріліқ зат 5000 мл ерітінде ерітілген);
салмақ-көлем концентрациянда дәрінің мөлшерімен ерітіндінің қөлемі белғіленеді ( мысалы: 6,0-180 ml).


Ерітінділердің рецепте жазылуы:
а) концентрациясын қөрсетіп қысқартылғаң әдіспен: дәріліқ түрі, дәрінің атауы, концентрациясы, қөлемі.
Rp.: Solutionis Furacilini 0,02% - 500 ml
Da. Signa. Жараны жууға.

Келесі пропорция арқылы фурациллиннің мөлшері табылады:


0,02 – 100
х - 500 х =
0,1 – фурацилина + 500 мл су 0,02% -қ ерітінді

б) осы рецептің толық әдіспен жазылуы: дәрінің атауы, оның мөлшері, еріткіш және оның қөлемі, араластыруға ұсыныс.


Rp.: Furacilini 0,1

  • Aquaе destillataе 500 ml

Misce.
Da. Signa. Жараны жууға.

в) концентрациясын қатынас түрінде қөрсетіп қысқыртылған әдіспен ерітіндінің жазылуы, яғни дәрінің 1 бөліғіне қажет ететін еріткіш қөлемі жазылады:


Rp.: Solutionis Furacilini 1:5000 - 500 ml
Da Signa. Жараны жууға.

Есеп:
1 – 5000


х - 500 х =
0,1 – фурацилин + 500 мл су

г) қысқартып жазу әдісіндеғі концентрациясының салмақ-көлем түрінде белғіленуі:


Rp: Solutionis Furacllini 0,1 - 500 ml
Da. Signa. Жараны жууға.

Бүл рецепті 4 әдіспен жазуға болады, бірақ мәні бір, яғни 0,1 фурацилинді 500 мл дистиллинген суда еріту қажет.


Бұл рецептті төрт жолмен жазуға болады, бірақ бұл ерітіндіні дайындаудың мәні өзгермейді, яғни 0,1 г фурацилинді алып, 500 мл тазартылған суға еріту керек.

Егер еріткіш ретінде этил спирті қолданылса, онда рецепте көрсетілу тиісті: спирт ерітіндісі алынады деп.


Rp.: Solutionis Camphorae spirituosae 10% - 50 ml


Da. Signa. Жағуға.

Егер еріткіш-май болса, онда май ерітіндісі алынады, ол да рецепте көрсетіледі:


Rp.: SolutionisCamphorae oleosae 20% - 100 ml


Da. Signa. Теріні сүртуге.

Ересектерге ішке арналған ерітінділер – 200-250 мл, 1 асқасық = 15 мл қабылданады; балалар үшін – 100 = 150 мл, десерттік не шай қасықпен( 1 десертті қасық = 10 мл, 1 шайқасық = 5 мл қабылданылады.


Ішке, көзге, мұрынға, құлаққа арналған тамшылары 5-10 мл көлемінде жазылады.


Шаюға арналған сыртқы ерітінділер үлкен көлемде жазылады-500-1000 мл.

Инъекцияға арналған ерітінділер – дәрілік заттардың стерильді сулы немесе сулы емес ерітінділері. Ампулаларда, контейнерлерде, құтыларда шығарылады. Өнеркәсіптік жолмен немесе дәріханаларда ex tempore жасалынады.


а) ампулаларда стерильд іерітінділерді жазылуы (стерильдеу туралы нұсқау жасалмайды)):

Rp.: Solutionis Acidi ascorbinici 5% - 2 ml


Da tales doses numero 20 in ampullis
Signa. 2 мл б/е 1 рет күніне.

б) дәріханада дайындалатын (үлкен көлемде – флаконда) стерильдеу туралы нұсқау беру керек:


Rp.: Solutionis Natrii chloridі isotonicae 0,9% - 500 ml


Sterilisetur!
Da. Signa. Тері астына.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет