Сабақтың ортасы
|
8 минут
15 минут
|
4.Топтық жұмыс
«Балық қаңқасы» тәсілі арқылы үш топ берілген тақырып бойынша автор бейнесіне қатысты себептер мен дәлелдемелер тауып қорғайды.
1-топ: Автор – оптимист.
2-топ: Автор – реалист.
3-топ: Автор – патриот (елжанды).
Топтардың қорғауы. Өзара бағалау. Шапалақ
5. Жеке жұмыс
1-тапсырма. «Екі түрлі күнделік»
Өлеңнен үзінділер
|
Өзімнің пікірім
|
|
|
Берілген үзінді негізінде автор бейнесіне талдау жасаңдар.
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік.
Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал енді, олай болса, кімді алалық?
Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?
Шын іздесек, табармыз шын ғалым,
Күнде күйлей бермелік бозбалалық.
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық.
Дескриптор:
өлеңнен автордың көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді анықтайды;
автордың көзқарасын өз пікірімен түсіндіреді;
үзінді арқылы автор бейнесін анықтап, сөз тіркестері арқылы жеткізеді.
|
8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы
|