ӨМІР МЕН ӨЛІМ
Соңғы жылдары қазақ қаламгерлері өлім туралы көп
жазып жүр. Өлім болмаса, өмірдегі тірінің қадірін білмейтіндігі-
міз рас. Адам қимайтын арсыз жалғанда бір-ақ опасыз дүние
бар. Ол – тіршілік. «Мені де, өлім, әлдиле» дейді Мағжан. Мені
де, мені де... Адам өлімді есіне алған кезде ғана Аллаға жақын-
дай түседі. Қаламгердің кейіпкерінің Құдайды іздеуі бекерден-
бекер емес. Дүниеде Құдайдан асқан философия жоқ. Кейіпкер-
дің мына уы мен шуы, қуанышы мен қайғысы мидай сапыры-
лысқан тіршіліктен безіп, жалғыздыққа қарай қашуы – Құдай-
дың шұғылалы сәулесінің жылуын іздеуге ұмтылысы.
233
Автордың айтпағы Құдай – адам жүрегінің сәулесі. Ол –
өлгенше пендесімен бірге болатын жалғыздығы, қуанышы мен
қайғысы. Автордың кейіпкерінің жалғыздығы – Құдай. Жалпы
адамзат басыңа түскен қайғыға, жаныңды ауыртқан жаманатқа
қара емен боп қатып қалған күнде ғана сен бұл өмірдің қасіретін
жеңесің деп ой түйдіреді. Ал, әзірше, автор кейіпкерінің ұлы
идея үшін азап шегіп, қайғының отына күюі – қаламгердің сю-
жет ойыны тәрізді.
«Ақыл мен ғылым адамзат тарихында тек екінші сатыдағы
қызметті атқарып келеді» деп күйінген еді Достоевский.
Суреткер кейіпкерінің күйінбеуін, бәрібір тастай қатып
қалған өмірдің жүрегін жібіте алмайтындығын бағамдатады.
«Ұлылық дегеніміз – өзіңді-өзің тергеу» (Ибсен).
«Өмірдің талаптарымен келісе алмаған адамның жаны
азапқа түседі» (Бодлер) айтқаны еске түседі. Жалпы, Бодлер
айтпай-ақ Ұлылық дегеніміз – азап шегу. Абай «Ойлы адамға
қызық жоқ бұл жалғанда», Мағжан «Сұм өмір абақты ғой сана-
лыға» деген ғақлияны ұлылықтың тонналық қасіретін бек сез-
гендіктен айтқан.
Жалғыздық сарынын прозадағы ҚҰДАЙ МЕН АДАМ
тұрғысынан қарастыруға да болады.
«Жалғыздығыңа қарай қаш» дейді Ницше. Жазушының
кейіпкерін жалғыздық қана құтқарып қалады. Жалғыздыққа Жа-
ратушы да қарсы тұра алмайды. Алла тағала пендесін алып кет-
кенмен, біреудің жүрегінде жалғыздығың қалады. Ең құрығын-
да...Біреудің.
Ағылшын ақыны Д.Г.Байронның «Еврей саздарында»:
О, дариға,
О пейіштің ішінде
Жаның өлмей,
Қалса сүю күшінде,
Рас болса, қауышарсың есен-сау
Тірліктегі жүрек ынтық кісіңе.
Сапар шегіп дүниеге сол жұмбақ,
Кете барсаң бұл өмірге қол бұлғап,
Рақат қой жер қайғысын ұмытып,
Өлмес тірлік жайын ғана сөз қылмақ.
234
Қалса бір күн өлім шіркін төтен кеп,
Ажал – шыңырау, қазір құлап кетем деп.
Өмір – арқан, жабысасың ұшына,
Соңғы түйін қолдан шықпаса екен деп.
Өзіңді емес, өзге өмірді қимайсың,
Қимайсың да, қыршын жанды қинайсың.
О, дариға, үміт тәтті шүбәдан,
Болып мәңгі жан сәлемет, дін аман.
Мақшар күні сол сәулемен жолығып,
Мәңгі өлмейтін күн кешем деп жұбанам.
(Аударған Ғафу Қайырбеков)
Автордың кейіпкері ойлана бастады. Егер ғанибет өмірдің
бәрі о дүниеде болса, бұл өмірге келуде не мән-мағына бар. Біл-
меймін.
Вольтердің «Егер Құдай жоқ болса, оны ойлап табуға та-
тыр еді» деуі, бәлкім, жалғыздықтың үрейлі елесінен құтылу
үшін айтылған нала шығар. Жалғыз адам жападан-жалғыз қал-
ған кезіңде жалған тіршіліктің азабынан құтылудың жолын із-
дері хақ.
Зады, адамның өмірінен асқан трагедия жоқ. Кішкентай
нәрестенің шыр етіп жарық дүниеге келіп, кіндігінің кесілуі –
сол ұлы спектакльдің басталуы.
Қош келдіңіз, жалғыздық! – деп қазіргі қазақ прозасында
қалам сілтеп жүрген қаламгерлер қатары көбеймесе, азаймасы
анық.
Опасыз тіршіліктің рақымсыздығына үнсіз төзіп, қамшы-
ның сабындай шолақ өмірдің мағынасы, рухани дидарыңның ай-
надан күлімсіреген шындығы жалғыздығыңды есіңе түсірді.
Жалғыздық сарыны прозалық туындыларда алуан түрлі
сипатта көрініс табады. Мәселен, қарт көңілдің жалғыздығы
мына әңгімеде өзгеше көркемдікпен кестеленген: «Елсіз иен жа-
панда жалғыз өзім қалыппын. Жападан жалғыз. Бәлкім олай
емес те шығар. Жан жағыма байыздап қарағым келді. Жоқ қарай
алмадым, көзім тарс жұмулы екен. Қанша тырбансам да жана-
рымды ашуға шамам жетер емес. Сосын ойыма кімді іздеймін
деген сауал келді. Шынымен мен кімді іздеймін. Кімді іздеуім
235
керек?! Ата-анамды шығар... Несіне? Олардың да өз әке-шеше-
лері бар, солармен бірге шығар... Ал, менің балаларым ше... Иә
өз балаларымды іздеуім керек! Бұл жолы үстіңгі қабағымның те-
рісін сыпырып тастауға дәс қалдым... деседе жанарым ашылма-
ды... Жоқ менің жанарым ашық шығар. Бәлкім мен көру қабіле-
тінен айрылған шығармын... Тағы талпындым... Еш өнім жоқ...
Мен тағы ойландым. Несіне жанталасам... Менің балаларым да
өз балаларына кеткен шығар... Олардың балалары бар ғой. Жоқ
оларды мазаламайын. Тоқтап дем алғым келді. Жоқ тоқтауға
болмайды екен. Неге екенін қайдам тек алдыға ғана тоқтаусыз
жүгіре беруге міндетті екенмін. Бұл неғылған қағида деп ашу-
ландым. Осы қағыиданың тас-талқанын шығармақ болып ақыры
жер табандап тұрып алдым. Енді жанарым ашылғандай болды...
Маңайымнан сан милиондаған таныс және бейтаныс адамдар
алға қарай жан ұшырып кетіп барады екен... Әлде бір тылсым
күш алқымымнан езіп алға қарай сүйрелейді... Мен өзімді бек
қайсар һам қажырлы адам есептейтінмін. Қарысып бақтым...
Енді көзіме соңымнан маған қарай жүгіріп келе жатқан балам
көрінді... Қуанып кеттім. Әлгіндегі тамағымды езген жойқын
күштің зұлматын сезінбей де қалдым. Маңдайынан сүйіп, құ-
шағыма қыспаққа балама қарай тұра жүгірдім. Иә, не болған,
ұлым менен кері бажылдап қашып бара жатыр. Олда мен сы-
қылды жалғыздықтан жабығып, адам танымай қалған шығар.
Ақыры қуып жетіп иығынан жұлқа тартып өзіме қараттым. Мас-
қара балам деп қуып келгенім өзім екенмін... Иә өзім... Тура осы
киім, осы сөмкемен алғаш мектепке барғанмын. Қолым еріксіз
босап кетті. Менің бала бейнем анадайға барып маған қарап жы-
мыип қойды. Ұлым екен деп алданғаныма ашуым келді. Тұңғыш
рет өзімнің балалығымды барынша жек көрдім. Оған қарамай
алдыға қарай тұра жүгірдім... қаншалықты жүгіргенімді білмей-
мін әйтеуір бір кезде қаптаған қалың нөпірдің ішінде әкем кетіп
барады екен. Бейшара шал қартайыпты... маңдайы жерге тиер-
дей белі бүкірейген, таяққа сүйеніп әзер кетіп барады. Қолты-
ғынан демегім келді. Қуып жетіп енді қолтығынан ала береге-
німде ол маған жалт қарады. Баж ете қалдым. Әкем деп жетіп
келгенім менің қарттығым екен. Бет аузымның алжа-алжасы
шығып, маңдайымдағы әжімдердің тереңдігіне көз жетпейтін із
236
қалдырып таяққа таянып қалт-құлт етіп әзер кетіп барады екем...
Бала
бейнеме
қайтқым
келді...Бірақ
ол
менен
қашады. Қарт бей-
немнің қасында қалғанға өзімнің дәтім жетер емес.
Мен көзімді тарс жұмып алып алға қарай қаптаған қалың нөпер-
дің ішінде жападан жалғыз сызып келе жатырмын...» леп
М.Әуелхан өз жалғыздығы туралы сыр шертеді.
Ислам дінінің негізі – Аллаһқа деген сенім, ал Аллаһқа де-
ген сенімнің негізі – Аллаһтың жалғыздығын мойындау болып
табылады.
Аллаһ алдында біздің дініміздің қабыл болу шарттарының
бірі, ол Аллаһтың жалғыздығын білімімізбен және сенімімізбен
мойындауымыз. Ол Аллаһты – бәрінен Үстем, Жалғыз және бар-
лық ісінде және қасиетінде Дара және Оның көмекшісі әрі Оған
тең келетін ешкім жоқ екендігін мойындау, Р.Отарбаевтың «Ас-
пандағы ақ көбелектер» атты кітабындағы. «Торшақыз бен то-
тықұс» әңгімесінде өзгеше тағдыр тордағы тотықұстың атымен
беріледі.. Әңгіме тордағы құстың атымен беріледі. Бұл тұспал.
Жалғыздықтың шектен шығуы. Адамдардың психологиясын-
дағы әсіресе, қалалықтардың көбінің төрт қабырғаға қамалып,
елеспен өмір сүруі, қазақтың оқу оқыған қызының көбіне дұрыс
семья құра алмай қалуы тақырып етіп алынған. Торшақыз соның
бірі, типтік бейне, оңай жол іздеген шөпжелкенің бірінен, мар-
құм академик Айсариннің аспиранты, тоқалы оның бәйбіше
екеуі аруақ үшін, зираттағы ескерткіш үшін бақталастық күй ке-
шеді. Күндестіктің асқынған әрекетін көрсету арқылы автор
уыты күшті жалғыздық сипатына тереңдей енген. Ал,
Р.Отарбаевтың «Дүние ғайып» повесінде Чукоткадағы екеу –
Эмрон (Қабыл) мен Айнан (Абыл) боранда адасады. Бірі адам-
сүйгіш жан, бірі эгоист, жауыздығы басым. Аласапыранда жақ-
сылық пен жамандықтың беттесуі арқылы баяғы аңыздағы Абыл
мен Қабыл оқиғасының вариациясы беріледі. Автор өмір туралы
толғауын Айнан бейнесі арқылы берген. Мұнда да жалғыздық
азабы тым терең қаузалған. Автор Ш.Айтматов рухында әңгіме
тудырғысы келген сыңайлы оның шедеврі «Теңіз жағалай жү-
гірген тарғыл төбет» еріксіз жадқа оралады. Иен даланың азы-
наған дауылды кеңістігінің өзі жалғыздықтың символы. Автор
өзі де философиялық ойды тұғыр етеді.
237
Ал, Ә.Салықбайдың «Түн түнегіндегі екеу» әңгімесіне
шығармашылық адамдарын шырмайтын жалғыздық арқау бол-
ған. Қабырғасымен кеңесу, жас жазушының арман, қиялының
биіктігі әңгімеде әжептәуір шынайы көрініс тапқан. Үлкен әде-
биет «раздвоение личности» деп атайтын дүние емес. «Құдай
қарызға берген бес күн» дейді автор санасы буырқанып, сол
тіршілікті көркем, мағыналы жұмсау жазушы атаулының мақ-
сат, мүддесі. Қалғаны әншейін дүние! Ұйқысыздықтың өліара-
сында жатып, жазушы өз-өзіне есеп береді. Қасындағы жауап-
тасқан серігі ұйқы екен, ол кісі бейнесінде екен. Өзімен-өзі диа-
лог құру мидағы бір творчестволық процесс, сол замат ол фи-
лософқа айналып кетеді: «Біз өтірік айтуды ең әуелі өзімізді ал-
даудан бастаймыз. Шындық шыңырау, өтірік өлермендігімен
өміршең. Өтірікті шындыққа орап айтса өтімді» – бұл кейіпкер-
дің ар алдындағы таза ойы. Өзімен-өзі қалу адам үшін кілең
мойындаулардан тұрады. Бұл әңгімеде де айна идеясы бар. «Әр
қиялидың бір-бір әпенділігі болмай ма» – автор мұны қош көріп
айтады. Айнадан бетін көру, бұл жан тазалығына кепілдік. Же-
беуші періштесі, ұйқы-кісі өзін солай атайды, мұның бетіне кі-
нәсін басқанда түкірмепті, соның иллюзиясын жасапты. Айна
жанын жарқыратып жібергенін көріп кейіпкер қатты қуанады.
Бұл оған өмірден түңілмеу үшін қажет. Жалғыздық идеясын ав-
тор солай түрлендіреді. Б.Қанатбаевтың «Ескі жұрт» әңгімесіне
келсек, «Жыңғылдының балықшылары ескі қонысты тастап ел
ортасына – айлақтың арғы басына ауысып қонған». Каспий теңі-
зі аумағы, Ақтау маңы. Ұлболсын кемпірді ағайындары көшіріп
алғысы келсе де ол үш үй ғана тұратын ескі жұртын қимайды.
Тұрғындар кілең кәрі-құртаң: құныс шал, Ұштап атты кемпір,
әңгіменің аяғында оны да қызы мен күйеу баласы көшіріп алып
кетеді. Автор қазақтың ұлттық мінезін Ұлболсын кемпір образы
арқылы береді. Қазақтық – ол жерге адалдық, аруақты сыймау,
жадпен өмір сүру, жаны қиналса да туған, үйренген жерін айыр-
бастамау. Балықшылардан қалған жер көзге елестейді. Автор
шынайы суреткер. Жасанды мінезді өз кейіпкерлеріне таңбайды.
Ұлболсынның шалы мен шиеттей кезінде шетінеген үш баласы
төмпешік болып жатыр, дүниедегі ең қимасы солар. Әңгімеде
Ұлболсынның жұма күнгі иіс шығарып, аруаққа құран оқытуға
238
зиратқа барғаны суреттеледі. «Жалғыздық – дүниедегі ең ауыр,
ең қорқынышты сөз. Қас-қағымдық өмірдің өткіншілігін, беттің
қызылындай өмірдегі бар атақ-даңқтың, өмірдің қызығы мен бар
шыжығының да жалғандығын Жалғыздық проблемасы арқылы
ашуға бейім екі жазушының кейіпкерлерінің табиғаты, тыныс-
тіршілігі, ішкі өмірлері көбіне сабақтас келетін сияқты. Жал-
ғыздық проблемасы жүрген жерде адам баласының жан арпа-
лысы, ішкі рухани күресі, адам психологиясы зерттелері хақ».
(Г.Пірәлиева)
Ол бұрын шалы барда бейқам болатын: «Шалы барда ұй-
қысы бір қанбаушы еді». Енді міне, өткенмен өмір сүру пеше-
несіне жазылған екен. Асыранды ұл Қоныс ержеткенмен өз жө-
ніне кетті. Келінді кемпір бір-ақ рет көрді. Ұлы шалына жиен.
Есек пен мысық бұл ескі жұрттың тұрғындарының қатарында,
кемпір мысықты да ес көреді.
Әңгімедегі жалғыздық тақырыбы биік адамгершілік идея-
сын ұлықтайды. Орыс прозасында Валентин Распутин тәрізді
жазушылардың прозасында ғаламдану дәуірінде ескі жұртта
қаңырап кәрілік қана қалатынын, келешек жоқ, өткен күннің
елесі ғана барын керемет суреттеген. Қазақ прозасында мына әң-
гіме де шынайылығымен баурайды.
Сонымен қатар, С.Жүнісовтің «Ақан серісінің» жалғыз-
дығы өзгеше. Автордың Ақан сері бейнесін бейнелеудегі ұстан-
ған бағыты аса мығым. Ақан серінің өз жеке басы тұрмыс тау-
қыметін қатты тартқанымен, оның ісі, ой арманы мен өмірге
деген талпынысы, құштарлығы, өнері, туған елінің, қадірлі хал-
қының бостандығы бақыты жолындағы ұлы күресіне бағыштал-
ған. С.Жүнісов Ақан образын бедерлегенде, сол ақынның қоғам-
дағы тарихи орнын көрсетіп қана қоймай, сол заман шындығы-
мен терең ұштастыра білген.
“Бей мезгіл заманда туып, өз ортасынан биік тұрған ақын-
ның қатыгез дәуір құрығынан құтылып кете алмай, жалғыз бол-
са да ешкімге мойынсұнбай өткен тәкәппар бейнесі біздің көз
алдымызда. Ақан өмірі оның осы жолдағы қат-қабат ізденісін,
тағдырдың ноқтасына басын сұқпауға тырысып, бұлқынуын
бейнелейді. Ол ескі сүрлеумен жүре алмады. Өзгеше жол іздеді.
Сұлуды сүю, маңына өнерлі жастарды жинап, дүниеден думан-
239
датып өту, жүйрікті таңдап мініп, саятшылықты кәсіп ету —
оның жалғыздыққа қарсы күрес амалы еді. Бірақ опасыз өмір
сері жолына қақпан құрды да отырды. Батима мен Үрқияның
өлімі, Ақтоқтымен ажырасу, кейін кездесіп, көз жазып қалған
Жамал мен Балқадиша тағдырлары, Құлагердің мерт болуы,
Қараторғай мен Базаралыдан айырылу, Құлагерге мініп бәйгеге
шауып жүрген кенже інісі Айбергеннің қазасы — бәрі де Ақан
қашып құтыла алмаған, оны қамаған жалғыздық атты темір тор
еді,” - деп академик Серік Қирабаев баса назар аударып отырған
Ақан серінің жалғыздығы — бүгінгі күні орыс әдебиеттануында
“Человек в мире отчуждения” яғни өскен ортасынан жеру, қоға-
мынан түңілу, жатсыну, жалғызсырау формасы болып табыла-
ды. “…Что концепции, которые исходят из идеи отчуждения че-
ловека в понимании современной социальной дествительности.
Рассмотривают человека, человеческую личность как исходную
самоценность или, выражаясь несколько иначе, как первичную,
исходную реалность и ценность социално-исторического мира.
Отчуждение — она сама является вырожением и следствием от-
чуждения от человека его собственых отношении, деятельности
и результатов”. (Человек в мире отчуждения)
Қазақ әдебиетінде әлі зерттеле қоймаған жатсыну жалғыз-
сырау формасына Ш.Құдайбердіұлының, Ақан серінің соңғы
кездегі жалғыздық өмірі тілге тиек бола алады. Озбырлық жай-
лаған заман өз дегенін қылды. Ата қонысынан қуылған ел, қай-
ғылы қал, қиын жағдайға ошарылу мінеки, сол Ақан заманының
сиқы. Базары тарқаған қос көл, амалсыз переселеңдер қоныста-
наған Қаратал, шошқа қамалған Құлагер қорасы, тоз-тоз боп
ауып кеткен ел — міне, бұл күй-күні өткен, тауы шағылған, сағы
сынған Ақанның қайғылы көңілінің қаяулы бояуын береді.
Автор Ақан серісін сонда да ешкімге де ештеңеге де мойын-
сындырмай, бойын тік ұстатып өмірден өткізеді.
«Крылов "в одиночестве способен жить не всякий" деп
толғанса, Некрасов: "Эх, одиночество круглое! Не посулю ни-
кому!" деп мұңайған. Классиктердің бейнелегеніндей жалғыз-
дық шынымен қорқынышты ма? Әлде, жалғыздық – Аллаһ та-
ғаланың пендесіне берген үкімі немесе менменсіген адамның
эгоизмі шығар бәлкім?...
240
Достарыңызбен бөлісу: |