226
қалған күнде де «өз жанының тозағына өртеніп» сау қалмас
еді деп ой түйдіреді.
Сонда
ғана шаң қаланың төсімен,
Айқай салып жүгіремін ішімнен.
Шұбыртамын санамнан да есімнен,
Күнәларды Құдай маған кешірген.− деп Ақберен Елгезек
іштей айқай салып жырласа,
Абайдың АЙҚАЙЫ жартасқа ба-
рып соғылып, кері жаңғырып қайтқан – сол БАЯҒЫ АЙҚАЙ
еді. Ал, Оралхан Бөкейдің АЙҚАЙЫ – Алтай тауын жаң-
ғыртқан, қайта-қайта жаңғырығып тұрар – АНАУЛАРДЫҢ
АЙҚАЙЫ еді. Т.Нұрмағамбетовтің АЙҚАЙЫ–алапеспен ауыр-
ған тіліне, нәсіліне, ұлтына қарамайтын адамдардың, яғни тәні-
не ғана емес жан-жүрегіне, жан-дүниесіне алапес дағы түс-
кен барша адамзаттың баласының АЙҚАЙЫ:
«....Бәрінің де алапес дерті тұла бойын түгел меңдеп ал-
ғандар. Бет-ауыздарында кісі қарар жер болсашы. Мұның бай-
қағаны олардың қай-қайсының да түстері суық еді. Женгиз айт-
қандай, бұлар дәл қазір тосын кездескен адамды да жыртқыш
аңнан әрі көруі әбден мүмкін.Кеудесін, бетін түгел басқан ақ-
таңдақтары қандай қорқынышты... Аңдап қараса, ұлының да жү-
зінде бір суықтық бар секілді».
Құдайым-ау,
мынау баяғы жұп-
жуас әрі сүйкімді Сұлтан емес қой! Өзгелер маған тура ұмты-
лып,, өлтірмек болса... тіпті ара түсе қояр ма екен деші?...»
деп автор Жалаңаш таудағы төртеудің портретін беру арқы-
лы өз танымын ұсынады. Сырт-келбеттері адам шошырлық бо-
лып, үсті-бастарының ұсқыныздығына бет-жүздеріндегі суық-
тық қосылған кезде Мехмед қорыққанынан да тұра қашып
отыр.
Дегенмен, автордың айтпағы, Тәңірім асылық етпесін,
дүние неткен опасыз, адам атаулы неткен жатбауыр, тасбауыр
еді. Біреуге жан дегендегі жалғызы, біреуге әке, біреуге аға-
бауыр болған түрік азаматтарын дүниенің түкпіріндегі
Жалаңаштау деген қарғыс атқан жерге әкеліп тастап, түріктер
қайтіп ел боп, жер болып отыр. Бұндай қаныпезерлікті түрік-
тер ғана емес, бар халық жасап отыр-ау? Бірақ адамдар
оларды
қанша алыстатып, олардан жеріп, жатсынғанмен олар адам-
дарды, туғандарын ешқашан жатсынып, ұмытқан емес. Олардың
227
түрлері адам жаны түршігерілік қорқынышты болып, түстері
қаншалықты суық болғанымен, олардың ішкі жан-дүниелері
соншалықты сұлу әрі таза боп шығады.
Алапес дерті олардың
сыртқы пошымына өшпестей ізін, дағын салғанымен ішкі
жан-дүниелеріне тап-таза, мөлдір қалпында қалды. Сондықтан
да, Мехмед өлердей қорыққан олар кавал тартып, өздерінің
ұлттық билерін билеп, тіпті жазым болған Мехмедті бетін
топырақпен жасырып, арулап көмбекші де болып қарап тұр.
Біздер адамдар оларды - алапеспен ауырғандарды сол барша
ұсқынсыз болмыстарымен қабылдай алмай, тіпті қабылдап
алуға тырыспасақ та олар бізді жатсынбай, жатырқамай бауы-
рына тартып отыр. Адамдар оларды іздемегенмен, олар біздерді
аңсап, сағынып өмір бойы іздеумен өтеді екен. Бір-біріміз-
дің жанайқайымызға құлағымызды түре жүрелік ағайын деп
салмақты ой тастайды.
Достарыңызбен бөлісу: