Геологиялық БӨлім 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4



бет4/24
Дата30.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#155669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дип.-Жетібай-кен-орнында-мұнайды-жинау-жүйесі
Кристалдар мен кристаллография туралы түсінік Геология және пайдалы қазбалар кен оындарын барлау, №2 Практикалық жұмыс., азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді

1.3. Стратиграфия


Жетібай кен орнында терең барлау ұңғыларымен жоғарғы триастан неоген-төрттік жастағы шөгінді жыныстардың шамамен үш километрлік қалыңдығы ашылған және олардың Юра жүйесіндегі шөгінділері өнеркәсіптік-мұнайлы болып табылады.


Мезазойлық топ - MZ
Триастық жүйе. (Т3)
Жоғарғы бөлім. Ұңғылармен 18, 28, 33, 63, 66, 71, 73, 92; НВО-2708 метр тереңдікте кезектесіп құмтастармен, алевро қабатшалары бар алевролиттермен; саз балшықтар мен аргиллиттермен көрсетілген жоғарғы триастың шөгінділері ашылған. Құмтастар тығыз, сұр ұсақ, түйірлі, саз балшықты алевролитті. Құмтастардың құрамы кварцтық едәуір қоспасы бар кварцты-полевошпаттық, мускавит және эффузивті жыныстардан құралған. Құмтастар мен алевролиттер негізінен базальтті және қуысты типті сазды-карбонаттық, сонымен қатар саз балшықты-хлораттық цементпен цементтеліп кеткен.
Аргиллиттер күкірт-сұрлы, алевролитті; каолилит гидроқабатшалы. Тік жарықшақтар кальцитпен көрсетілген. Ашылған қалыңдығы 253 метр.
Жоғарғы триастың ашылған бөлігінде (92 ұңғы) екі бума байқалады. Аргиллиттер мен аргиллит тектес құмтастары бар сазбалшықтар басым төменгі (2973-2875); жоғарғы (2875-2630) керісінше аргиллиттер мен саз балшықтарға қарағанда құмтастық басымдылығымен сипатталады.


Юра жүйесі (J1)
Кен орнында юра жүйесінің шөгінділері барлық үш бөлімдермен көрсетілген; орта, жоғарғы және төменгі: бір-бірінің арасындағы, сол сияқты ярустардың арасындағы шек ара қазіргі уақытта аяғына дейін толық орнықталмаған және әрі қарай нақтылауды, айқындауды қажет етеді. Юраның жалпы қалыңдығы орташа алғанда 1300 метрді құрайды.


Төменгі бөлім (J1)
Төменгі юраның қимасы құм тастардың, алевриттердің, саз балшықтардың және аргиллиттердің кезектелік келуімен сипатталған және де құм тасты қабатшалар аудан бойынша ұсталмаған және аргиллиттердің, саздардың және сазды алевролиттердің ірі линзаларымен орын ауыстырады.
Төменгі юралық құмтастар сұр, ашық-сұр, ұсақ-орташа-сирек-ірі түйіршекті, нашар іріктелген бұрыштар айырмашылықтармен көрсетілген.
Құмтастар мен алевролиттердің иілімді материал кварцпен, далалық шпатпен эффузив және мусковитпен көрсетілген.
Саз балшық пен аргиллиттер гидрослюдалы-каолилитті, сұр, қалың-сұр, құмайтты және көмірлі затпен байытылған. Қазіргі уақытта А.А. Цатуровтың микроскопиялық анализінің негізінде төменгі юралық қимасында төменгі юра ярустарының төменгі және жоғарғы бөліктеріне тән екі кешен бөлініп көрсетілген. Сәйкес кешендер Солтүстік Кавказдық төменгі юралық шөгінділеріне (71 және 92 ұңғылары) өте ұқсас. Төменгі юралық шөгінділердің жалпы қалыңдығы 100-120 метрді құрайды.


Ортаңғы бөлім (J2)
Ортаңғы юра бөлімі аалендік, байостық және баттық ярустармен көрсетілген. Жалпы қалыңдығы 745-835 метрді құрайды.


Аалендік ярус (J2 а)
Аалендік ярустық шөгінділері негізінен сазды-алевролитті және аргиллитті жыныстардың бағынышты линзалары бар қиыршық тасты қалыңдықпен көрсетілген. Құмтастар орташа, ұсақ-орташа және ірі түйіршікті ерекшеліктерден тұрады, олар төменгі қалыңдықтарда гравелиттер мен ұсақ галечникті конгломераттарға жиі көшеді. Қима бойынша жоғары қарай иілмелі материал жұқаланады және доминацияланатын орнын ұсақ түйіршікті құмтастар алады.
Конгломераттар ұсақ, көмірлі, кварц, кремнидің нашар жұмырланған үгінділерімен, эффузивпен және сирек болса да галькамен көрсетілген.
Әлсіз карбонатты, тығыз, бір шама байтылған, өсімдік қалдықтарымен көмірленетін және жеке жағдайда олар дербес көмірлі қабатшаларды түзеді.
Ярустық жалпы қалыңдығы 165-200 метрді құрайды. Барлығы құрамында ХІІІ және ХІІ өнімді горизонттары бар.


Байостық ярус (J2 в)
Байостық жыныстар қалыңдығы аудан бойынша ұсталмаған саз балшықтардың, құмтастардың және алевролиттердің бір қалыпсыз кезектесіп келуімен көрсетілген. Қиманың төменгі жақ бөлігі құмайытты алевролиттік жыныстар бағынышты линза тектес қабатшалары бар едәуір саз балшық. Жоғарғы жақ бөлігінде құмтасты кешендер басым. Барлық қима бойынша құмайтты-сазды жыныстар шашырақты, көмірленген өсімдік қалдықтарымен байытылған, олар қиманың төменгі жақ бөлігінде айтарлықтай мөлшерде қабатшаларды түзеді. Ярустық негізінде құйылу орнықтырылған.
Құмтастар сұр, сарылау-сұр, бұрыл, ұсақ түйіршікті және сазды-алевролитті, полимикті, нашар жұмырланған. Құмтастардың және алевролиттердің иілмелі материал кварцтан, негізінен регенерацияланған, шпаттардан, сонымен қатар кремнилік, эффузивті, слюалы және басқа да жыныстардан құралған.
Цемент сазды-хлоритті және сирек-кварцты-регенерациялық. Саз балшықтар негізінен, қанық-сұр, тіпті қара сирек болса да бұрыл түсті, құм тасты, алевритті, көмірленген органикасымен едәуір күшті қанықтырылған, оларда жиі монайлық топырақтың қалдықтары қатпарланады. Түпкі жүйелерде литологиялық және фациалдық өзгергіштігі нақтылы қабаттық коорреляцияны айтарлықтай дәрежеде қиындатады.
Байостық ярусқа ХІ,Х,ІХ,УШ өнімді және сулы горизонттары кіреді, ярустық жалпы қалыңдығы 335-365 метр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет