ГүЛ ҚҰрылысы



бет3/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
botanika darister

7 Өсімдіктер клетка құрылысын зерттеу тарихы.
Ғылыми әлемде тұңғыш рет «клетка» ұғымын XVI ғасырдың 70-ші жылдарында ағылшын ғалымы Р.Гук қолданды.
Клеткалық теорияның негізін қалаушылар неміс ғалымдары: ботаник М.Шлейден және зоолог Т.Шванн (1839). Бұл теория барлық организмдердің өте ұсақ құрылымдық элементтерден - клеткалардан құрылатынын, олардың іріктелген тобы (немесе жеке клетка) организмде белгілі бір қызмет атқаратынын дәлелдеді.
Клетка құрылымын терең зерттеулер ХХ-ғасырдың 30-жылдарында электронды микроскоп дүниеге келгеннен басталады.
Цитоплазма деп 1862 жылы Келликер ядроны қоршаған заттарды атады.
Митохондрияларды алғаш рет Р.Альтман (1894) биобластар деген атпен сипаттап жазды, ал кейінірек К.Бенда (1897) биобластарды митохондриялар деп атады.
Ядроны алғаш рет 1831түрлі өсімдіктер клеткасынан Броун анықтады.
Гольджи аппаратын клетка органелласы ретінде алғаш рет К.Гольджи (1898) жүйке клеткасынан сипаттап жазған.
Клетканың тікелей бөлінкі, амитоз процесін алғаш рет Ремак (1841) пен Страсбургер «1882) ашқан.
Пластидтер туралы алғашқы мәліметтер Д.Левенгуктың (1676) еңбектерінде келтіріледі.
Пластидтерді зерттеумен А.Шимпер (1882) айналысып, оны 3 типке бөлді:1) түссіз (мөлдір) лейкопластар, 2)реңі жасыл хлоропластар және 3) реңі қызыл-сары, сары хромопластар. Бұл жүйелеу осы уақытқа дейін пайдаланылып келеді. Пластидтерді зерттеуде К.А.Тимирязев, В.В.Сапожников, М.С Цвет, В.Н Любименко, Т.Н Годнев т.б.ғалымдар зор үлес қосты.
8Цитоплазма.
Протопласт- клетка сұйықтығы, негізгі бөлігі тіршілік қабілеттілігін жүзеге асырады. Онда заттар тасымалдануы мен айналымы жүреді. Осы процестің күрделі құрылымы протопластының құрылымдық элементтерге-оргоноидтарға бөлінуіне байланысты. Протопластың негізгі құрылым түзуші материалы болып белокты –липидті мембрана саналады. Мембрана беріктік, созылмалы және таңдамалы өткізгіштік қасиеттерімен ерекшеленеді.
Цитоплазма күрделі коллоидты және құрылымдық жүйе. Онда протопластың ірі органоидтары (жарық микроскопы арқылы көрінетін )-митохондрия және пластидтер орналасқан.
Цитоплазма біршама жабысқақ, қоймалжың, түссіз, меншікті салмағы 1,04-1,06 мөлдір зат болады.
Цитоплазма үш қабаттан тұрады: сыртқы плазмалемма, ортаңғы-мезоплазма, ішкі-тонопласт.
Клеткада цитоплазманың екі түрлі қозғалысы бар: ротациялық (айналмалы) және циркуляциялық. Цитоплазманың ротациялық қозғалысы клетка ортасында ірі орталық вакуольдің болуы кезінде, ал циркуляциялық қозғалыс клеткада бірнеше вакуоль болғанда байқалады.
Клетка мембранасы белоктың екі қабаты арасындағы липидтің екі қабатынан (би қабаты) тұрады. Клетка мен орта арасындағы алмасуды реттейтін таңдамалы өткізгіштік қызмет атқарады.
Эндоплазмалық ретикулум Өсімдіктер мен жануарлар клеткасына тән. Морфологиясы және қызметі жағынан екіге бөлінеді: гранулярлы және агранулярлы.
Гранулярлы эндоплазмалық ретикулумда орналасқан рибосомалар белок қорын және арнаулы ферменттерді синтездейді. Ретикулум түтікшелері арқылы макромолекулалар мен иондар клетка ішінде және клетка аралықтарында ( плазмодесмада) тасымалданады.
Агранулярлы ретикулум нашар дамыған, кейде клеткада болмауы мүмкін. Онда эфир майлары, шайыр мен каучук синтезделеді.
Рибосома. Екі суббірліктен тұратын – үлкен және кіші - өте ұсақ органеллалар. Белок және РНК бірдей мөлшерде болады. Митохондрияда (өсімдіктердегі хлоропласта) анықталған рибосомалар мөлшері өте кіші болады. Негізгі қызметі- белок синтездеу. Рибосомалар эндоплазмалық тормен байланысқан немесе цитоплазмада бос орналасалы. Көптеген рибосомалар полисома түзеді.
Митохондрия. Екі мембраналы қабықшамен қоршалған, ішкі мембрана қатпарлар (крист) түзеді. Онда аз мөлшерде рибосома, ДНК ның бір сақиналы молекуласы және фосфатты гранула бар матрикс болады. Аэробты тыныс алу кезінде қатпарда тотығу- фосфорлану және электрондардың тасымалдануы жүреді. Ал матриксте Кребс цикліне және май қышқылдарының тотығуына қатысатын ферменттер жұмыс жасайды.
Гольджи аппараты. Атқаратын қызметі көмірсу, белок, гликопротеин, липидтер секрециясына қатысады. Липидтер тасымалдануына қатысады. Онда лизосомалар түзіледі.
Лизосомалар. Асқорыту (гидролитикалық) ферменттері бар бір мембраналы органелла. Көптеген қызметтер атқарады, қандайда бір құрылымды немесе молекуланы ыдыратуға қатысады.
Микроденешік. Бір мембраналы органелла. Барлық микроденешіктерде сутегінің асқын тотығын ыдыратуды катализдейтін фермент – каталаза болады. Олардың барлығы тотығу реакциясымен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет