Глоссарий “А” абсентизм



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата21.02.2023
өлшемі199,7 Kb.
#169622
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Глоссарий Толешов Нургиса



Глоссарий 
“А”
АБСЕНТИЗМ
(лат.) – бейсаясат формасы. А. азаматтық бой ұсынбау тілдерінен 
айырмашылығы, оның ұйымдаспаған сипат алуында, кӛбінесе бұл кездейсоқ, стихиялы 
болатын процесс, органдарына сайлауда сайлаушылардың дауыс беруге қатысуға бас 
тартуынан кӛрінетін, азаматтардың саясаттағы индефференттілігі (енжарлығы).
АБСОЛЮТИЗМ 
(лат.) - мемлекет түрі, заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің 
тек бір адамның – монархтың қолында болуы. Мемлекеттік биліктің ӛте жоғарғы деңгейлі 
орталықтануымен ерекшеленеді. 
АВТОКРАТИЯ
(греч.) – мемлекетте биліктің бақылаусыз, шектелмей бір адамның 
қолына берілуіне негізделген басқару формасы; самодержавие. 
АВТОНОМИЯ
(греч.) – белгілі бір мемлекет ішіндегі қайсыбір ұлттық құрылымның 
мемлекеттік билікті дербес іске асыруы немесе ӛзін-ӛзі басқару. 
АВТОРИТАРИЗМ 
(лат.) – тұлғаға, қоғамға қатысты іс-әрекеттерінде дамыған зорлық 
жүйесіне сүйенетін жеке адамның немесе бір топтың шексіз билігімен сипатталатын саяси 
режим. Бұл режимде тоталитаризмнің де, демократияның да белгісі бар, яғни осы екеуінің 
арасындағы аралық режим болып табылады. А. кезінде экономикалық, саяси және мәдени 
мүдделердің әр түрлілігі мойындалады; бұл режим бүкіл қоғам үстінен бақылау жасауға 
ұмтылмайды. Егерде халық режимге бағынбаушылықты танытса, онда режим тарапынан 
күш кӛрсетіледі. Мұндай режимдердің мысалы әскери және азаматтық диктатуралар
монархиялар, популизмдер және т.б. болып табылады.
АВТОРИТЕТ
(лат.) – кең мағынада – білімге адамгершілік сапаларына негізделген 
қайсыбір адамдардың немесе ұйымдардың, қоғамдық ӛмірдің әр салаларында жалпы 
мойындалған, формальді емес ықпалы айтамыз. 
АВТОХТОНЫ
(греч.) – бір елдің ежелгі, алғашқы тұрғын халқы. 
АДАМ ҚҰҚЫ
- әр түрлі нақты тарихи жағдайларда адамның тіршілігін жақсартуға 
бағытталған экономикалық әлеуметтік, саяси және заңдық құқықтар мен кепілдіктер 
жүйесі. 
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ
– қоғамдағы саяси емес және саясаттандырылмаған рухани және 
экономикалық қатынастардың тұтас жиынтығынан тұратын әлеуметтік-демократиялық 
организм. Азаматтық қоғам – адамдардың ӛздерін кӛрсететін саласы (еркін индивидтер 
ретінде, немесе олардың азамат ретіндегі ерікті бірлестіктері түрінде), мемлекет және 
оның органдары тарапынан олардың қызметіне ӛз бетімен кез келген шектеу қоюынан 
қажетті құқықытық нормалармен қорғалған.
АККРЕДИТАЦИЯ
(фр.) – қандай да бір ӛкілді тағайындау, басқа елге жіберу (шетел 
ӛкілдігіне, елшіліктерге, халықаралық ұйымдарға, баспасӛз орталықтарына). 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет