Глоссарий Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное тестирование


Лекция №15. Білім беруде ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың қолданудың теріс әсері



бет39/52
Дата07.02.2022
өлшемі220,49 Kb.
#95438
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Байланысты:
ҒИАМК Шынар апай
жалпы педагогика
Лекция №15. Білім беруде ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың қолданудың теріс әсері
Қазақстан Республикасы ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл білім беру ордаларына жүктеледі.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы мақсатта негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Біраз уақыт бұрын тек байланыс көзі болған бұл ұялы телефондар да қазіргі уақытта құрылысы, құрылымы жағынан да кез келген компьютерді басып озбаса кем соқпайды.
Қазірде ұялы телефон (смартфон, коммуникатор), компьютер (ноутбук, нетбук, планшеттер) т.б. ақпараттық-коммуникациялық технологияны жүзеге асырушы құралдарды қолданбайтын адам, әсіресе жастар, жасөспірімдер кемде-кем, адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады. Техника арқылы олар баланың дамуына теріс ықпалын тигізуі мүмкін интернет жəне əр түрлі бейнеақпарат көзіне қол жеткізе алады. Зерттеу қорытындылары бойынша, орташа алғанда балалардың 68% əр түрлі жиіліктегі интернетті қолданады. Қалада интернетті қолданушылар ауылға қарағанда біршама көп. Мұнымен қоса, тұрғылықты елді мекен жері облыс орталығынан неғұрлым алыс болған сайын, қол жетімдіктің шектелуі болуына қарай интернеттің балаға тигізетін əсері соғұрлым төмен болуы байқалады. Сонымен, егер облыс орталығында Ғаламдық торға балалардың 80%-ы қол жеткізсе, алыс ауылда бұл үлес 2,5 есе төмен (31%).
10-18 жастағы балалар арасында 38%-ы интернетке үйінде қол жеткізе алады, 16% – компьютерлік клубтар мен интернет-кафеде, 14% – достарында, таныстарында, туыстарында жəне білім ордаларында қол жеткізеді. Кітапханада интернетке балалардың 1%-ы қол жеткізеді. Қаладағы балалардың арасында тек 10%-ы ғана интернетті білім ордаларында пайдаланады. Егер қаладағы балалардың арасында интернетті пайдаланудың анағұрлым кең таралған жерлері (47%) жəне интернет-кафе/клубтар (21%) болып табылса, онда ауылдағы балалар үшін бірдей деңгейде – үй мен білім ордалары болып табылады (22% жəне 21% тиісінше).

Осылайша, баланың психофизиологиялық дамуына интернеттің теріс əсерінің анағұрлым жоғары қаупі облыс орталығындағы балаларда байқалады, себебі олар басқаларға қарағанда, көп дəрежеде Ғаламдық тордың ақпаратын тұтынушылар болып табылады. Қыздарға қарағанда, ұлдар көп дəрежеде ақпараттық қауіптілікке ұшырайды, себебі олар үлкендер бақылауға алмайтын, интернет-кафе/компьютерлік клубтарда көрсететін қызметтерді жиі пайдаланушылар болып табылады.


Балалардың 65-70% бос уақытында теледидар қарайды, шамамен 50% – компьютер ойындарын ойнайды, 23-21% – бейне, дисктегі жəне он-лайн фильмдерін қарайды. Балалардың жасы үлкен болған сайын, соғұрлым олар зорлық элементтері бар ойындарды көп ойнайды, хабарлардың ойын-сауық сипатын бағалайды жəне сүйікті қаһармандарының адамгершілік сипаттамаларын төмен бағалайды. Ойын-сауық хабарларын көру деңгейі 28%-дан 53%-ға артып отыр, сонымен бірге зорлық-зомбылығы бар компьютерлік ойындармен қызығушылық өсіп отыр жəне керісінше, өздерінің мультипликациялық кейіпкерлерін адамгершілік қасиеттері үшін жақсы көретін балалардың үлесі 30%-дан 8%-ға дейін азайып отыр.
Балалардың жартысынан астамы (осы сұрақ бойынша 13 жастан асқан балалар ғана сұралды) социологиялық сұрау қорытындылары бойынша баспадан басқа, барлық БАҚ-та, əсіресе бейне ақпаратта (60%) зорлық-зомбылықтың басымдығын атап өтті. Интернет, ұялы байланыс бойынша балалардың арасында, сондай-ақ, көше төбелестерін, қатал зорлық-зомбылық көріністерін жіберу таралған. Балалардың 75%-ы осы материалды қарайды, ал 32%-ы өз достары мен таныстарына жібереді. Жасалған талдау қорытындылары бойынша экранда зорлық-зомбылық көріністеріне (фильмді қызықты қылады, өмірге үйретеді) оң көзқараспен қарайтын балалар түнгі уақытта компьютерлік клубтарда/интернет-кафелерде көп қалады, интернетте зорлық-зомбылыққа, оларды жіберуге, жыныстық сипаттағы ақпараттарға үлкен қызығушылық көрсетеді, бос уақытында кітапты аз оқиды.
Компьютерде аз уақыт, 1-сағаттан аспайтын жұмыс істегеннің өзінде жасөспірімдердің 73%-ының көзі және жалпы өзі де шаршайтыны белгілі болып отыр, ал басқа сабақтарда 54%-ы ғана шаршайды екен. Компьютерге қызығып, эмоционалдық деңгейі көтерілген оқушы шаршағанын байқамай, ары қарай жұмыс істей береді. Клавиатурадағы төмен диапазоннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.
Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат белгілері екі топқа бөлінеді:
1. Көздің көру қабілетінің нашарлауы.
2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауруы. Көру қабілетінің нашарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы
Ақпараттың қолжетімділігі мен қарым-қатынастың ыңғайлылығы үшін пайдалы болғанымен де, ғаламтордың жасөспірім денсаулығына зияны өте көп:
А) Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
Ә) Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.
Б) Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.
В) Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.
Г) Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.
Ғ) Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады.
Компьютерлік бағыныштылықтың туындауына әкелетін жағдайлар:
• Ересектердің компьютермен жұмыстың салдарларын білмеуінен туындайтын шектен тыс еркелету.
• Жасөспірім еңбекке ебедейсіз келеді, өзіне тапсырылған жұмысты орындай алмайды.
• Жасөспірім ересек өмірге өту кезінде қиындықтарға кездесіп, өз бетімен осы қиындықтарды шеше алмағандықтан виртуальды өмірдің қызығына «тығылады».
• Өз-өзіне сенімсіздік, өзін төмен бағалау, көпшілік пікіріне бағынушылық, тұйықталу, қарым-қатынасқа түсуден қашу, қатарластарымен келіспеушіліктердің туындауы.
• Ата-аналарының ажырасуына қарсылық, немесе ересекте тарапынан қамқорлықтың, қайырымның жетіспеушілігі • Ата-аналар тарапынан жеткілікті қадағалаудың болмауы, жасөспірімнің өзіне арналған бос уақытының артуы, өзінің бос уақытын дұрыс жоспарлай алмау.
Интернетке қосылған кезде, жасөспірім өзі тіпті күдік келтірмейтін тұтас бірқатар қауіптермен кездесетінін түсіну қажет. Сонымен бірге, балалар интернеттің қаупін көрмейтінін жəне оны пайдалану қауіптерін сезбейтінін есте сақтау қажет. Себебі балада əлі айыру белгілері қалыптаспаған, балаға бəрі де қызықты.
Сондықтан ата-аналар мен педагогтар алдымен ақпараттық қауіпсіздік бастамаларына өздері үйренуі, содан кейін оған өз балаларын үйретуі қажет.
Егер жасөспірім компьютерге бағынышты болса не істеу керек?
• Жасөспіріммен үнемі жақын қарым-қатынаста болып, оның туындаған қиындықтары жайлы хабардар болу • Жасөспірімнің қызығушылығын тудыратын ортаны кеңейте отырып, жан-жақтылыққа үйрету
• Ашушаңдық жағдай кезінде стресстік күйден шығудың түрлеріне үйрету
• Интернетке он-лайн шығуын бақылаусыз қалдырмау, қадағалай отырып, белгілі бір уақытты белгілеу.
Балалармен жұмыс істейтін білім ұйымдарының мамандары келесі ұсынымдарды есте сақтаулары керек:
1. Егер осыдан бұрын ересектер балаларды көшедегі қауіп-қатерден қорғауға талпынған болса, енді бүгінгі күні балалардың кибер кеңістіктегі қауіпсіздігі үлкен проблема болып туындап отыр. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ең алдымен оқытушылардың ақпараттық сауаттылығының дəрежесін көтеру қажет, себебі көп жағдайда оқытушылардың ақпараттық кеңістік туралы білімдерінің деңгейі балалардың білім деңгейінен əлдеқайда артта екендігін айтылып жатады;
2.Оқытушыларға өз сабақтарының шегінде заманауи ақпараттық технологияларды неғұрлым көбірек пайдалану керек жəне оқушыларға ол технологиялардың мүмкін боларлық теріс әсері туралы сол кезден-ақ ескерту қажет;
3.Тəрбие жұмысында оқушылардың ақпараттық мəдениетін тəрбиелеуге көңіл бөлу қажет;
4. Медиа білім беру сабақтарын жүргізу керек, ол сабақтарды ақпараттық кеңістікте қауіпсіздікті сақтау жөнінде білім беру қажет.
Шын мәнінде, жасөспірімдер виртуалды әлемнің арқасында уақыт еншісінен тысқары қалып, айналадағы шынайы тіршілікке деген қызығушылығының төмендейтіні белгілі. Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет-журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан сақтандыру – ата-аналар мен ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі екендігін естен шығармағанымыз абзал.
«Жастықта үйренеді, есейгенде түсінеді» деген тәмсіл бар. Дей тұрғанмен бүгінгі біздің жастарымыздың үйренетіні компьютер, ұялы телефон және оның ішіндегі ойындармен шектелетінін ескерсек, ұлғайғанда қандай боларын елестету қиын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет