Жұмысты орындау
Градуирлік график сызу. Көлемі 50мл-лік бес өлшегіш колбаға 0,5; 1,0; 1,5; 2,0; 2,5мл темір тұзының стандартты ерітіндісін құяды да, 1мл азот қышқыл ерітіндісін (1:1), 5мл 10% аммоний роданидінің ерітіндісін қосып, колба белгісіне дейін сумен сұйылтып, фотометриялайды. Жарық фильтрі мен кювета алдын ала таңдалады. Салыстармалы ерітінді ретінде дистильденген су алады. Алынған нәтижелерді мына кестеге жазады.
Анализденетін суға жоғарыда көрсетілген ерітінділерді қосып, колба белгісіне дейін су құйып, градуирлік графиктен «Д» мәніне сәйкес концентрацияны табады.
Достарыңызбен бөлісу: |