Тәжірибе барысы: Сынауыққа 1мл бриллиант көгінің ерітіндісін құйыңыз және сонша 2-5%-дық тұз қышқылы ерітіндісін қосыңыз. Ерітіндінің түсі сарғылт-қызыл түске өзгереді.
Сынауыққа 1мл бриллиант көгінің ерітіндісін құйып, үстіне тамшылатып 5-10%-дық натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңыз. Нәтижесінде бриллиант көгі негізінде бозғылт-жасыл түсті тұнба түзіледі.
Назар аударыңыз! Қолыңызды бүлдіріп алмау үшін тәжірибені қорғаныш қолғаптарын киіп жүргізген дұрыс!
Балмұздақпен тәжірибе
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
балмұздақ
су
сынауық
тығын
5-10%-дық натрий гидроксиді
10%-дық мыс сульфатының ерітіндісі
Тәжірибе барысы: Сіз білесіз бе, балмұздақ алғаш Қытайда шамамен 3000 жыл бұрын пайда болған. Европаға балмұздақ дайындау тәсілі 1292 жылы Марко Поло арқылы жеткен.
Сынауыққа 1мл еріген сүттен жасалған балмұздақты құйып, үстіне 5-7мл дистельденген су қосады. Сынауықты тығынмен жауып шайқайды. Алынған 1мл қоспаға 1мл 5-10%-дық натрий гидроксиді мен бірнеше тамшы 10%-дық мыс сульфатының ерітіндісін қосамыз. Сынауықтың ішіндегісін шайқаймыз. Биурет реакциясы жүреді.
Сол кезде ақуыз молекулаларының сол кезде тұнған мыс гидроксидімен өзара байланысты ашық күлгін түсі пайда болады.