Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет39/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Түтінді кесе


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • анальгин таблеткалары

  • гидроперит таблеткалары

  • фарфор кесе

  • келсап



Тәжірибе барысы:
Алдымен фарфор ыдысқа гидроперит таблеткаларын салып майдалап ұнтақтаймыз. Оның үстіне 2 таблетка анальгинді салып, оны да ұнтақтаймыз. Бірнеше минут күтеміз. Гидроперит пен анальгин әрекеттескенде бұрқырап күйдіргіш ақ түтін шығады. Реакция бөлме температурасында 3-4 мин жүреді. Ал, егер қоршаған ортаның температурасын көтеретін болсақ (мысалы, жылу батареясының үстіне қоятын болсақ, онда реакция уақытын қысқартуымызға болады.
Шарды жарудың оңай жолы


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • ауа шары

  • апельсин



Тәжірибе барысы:
Ең алдымен ауа шарын алып, қажетті көлемде үрлейміз. Содан кейін апельсинді аршып, сыртын алып шардың үстіне қысып шырынын себеміз. Шырын шарға шашырағын кезде шар тарс етіп жарылады.
Ш ар неліктен жарылады? Себебі, апельсин қабығындағы шырынның құрамында ерекше зат – лимонен бар. Лимонен көптеген цитрусты эфир майларының құрамында болады. Сонымен, лимонен резеңкені ерітіп жіберетін ерекше қасиетке ие. Ал, біздің шарымыз резеңкеден жасалған. Міне, сондықтан да шырынды сепкен кезде шарымыз жарылады.


Шееле жанартауы


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • фарфор ыдыс

  • калий пермананаты

  • глицерин

  • тамшуыр



Тәжірибе барысы:
1 779 жылы шведтің дәріханашы-химигі Карл Шееле алғаш рет глицерин алып, оны «тәтті май» деп атады. Глицериннің қасиеттерін зерттей отырып, ол бір күні оны кристалды калий перманганатымен араластырды. Кенет қоспада жарқылдар пайда болды.
Бұл тәжірибені былай жасауға болады. Фарфор кесеге майда калий перманганатын тау қылып үйеді. Таудың басына кішкене шұңқыр жасап, оған бірнеше тамшы сумен қоспасы жоқ глицеринді тамызады және одан алшақтау тұрады. 1-2 минуттан кейін калий перманганатының аздаған бөлшектерінің шаршырауынан күлгін түсті ұшқындар ұшады; сол кезде глицерин тұтанады. Бұл вулканның көрінісін береді.
Реакция теңдеуі төмендегідей:
14КмnO4 + ЗС3Н5(ОН)3 = 7К2СO3 + 14МnO2 + 12Н2O + 2СO2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет