Тәжірибе барысы: Сары түсті «шөпті» және алтын «жапырақты» химиялық күзгі бақты қолдан өсіруге болады. Ол үшін құрамында 1л суға 30-50г калий хроматы салынған сулы ерітіндіге барий хлориді дигидратының ВаС12 • 2Н2О кристалын қосамыз. Сары түсті ерітіндіде барий хроматының тұну үдерісі жүреді:
К2СrО4 + BaCI2 = BaCrО4↓ + 2КС1
Ал, 1л суда 100-150г қорғасын (ІІ) нитраты бар сулы ерітіндіге калий хроматының бірнеше кристалдарын салғанда шөпке ұқсас сары түсті жіңішке жіптер пайда болады. Бұл жағдайда «шөп» - бұл аз еритін қорғасын хроматы:
К2СrО4 + Pb(NО3)2 = PbCrО4↓ + 2KNО3
Сұйықтықтарды араластыруға арналған тәжірибе
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
үлкен және шағын стақандар
су
күнбағыс майы
тәтті сироп
Тәжірибе барысы: Стақанның ¼ бөлігіндей боялған су, ¼ бөлігіндей күнбағыс майы, ¼ бөлігіндей тәтті сироп дайындап аламыз. Сосын балалардан егер осы сұйықтықтарды араластырсақ не болатынын сұраймыз. Сосын осы компоненттерді ретімен бір стақанға құйыңыз: сироп тығыз болғандықтан, стақанның түбіне тұнады, ортасына су орналасады, ал беткі жағында май қабаты болады.