Ортаның нақты жағдайында (рН және т.б.) орындалатын ортақ реакциялар - топ реакциялары, ал пайдаланылатын реагенттер - топ реагенті болып табылады. Топ реагенті деп-жүйелі (систематикалық) талдау барысында күрделі қоспадан катиондарды бір-бірлеп ашпай, сол катиондардың барлығына бірдей әсер ететін және сол арқылы бірнеше катиондарды бірден ашуға мүмкіндік беретін реагентті айтады, ал осы реагенттің қатысына әсері бірдей катиондарды - топ катиондары деп атайды.