1 дәріс
Тақырыбы: Катиондарды аналитикалық топтарға бөлу.
Жоспары:
1. Катиондарды классификациялау. Сульфидті және қышқылдық-негіздік жүйе бойынша анализдеу. Аммиакатты және фосфатты классификация.
2. Системалық анализ әдісінің мәні.
3. Бөлшектеу анализі, оның мәні және даму жолдары.
Негізгі ұғымдар: катион, сульфидті жіктеу, қышқылдық-негіздік жүйе, аммиакатты және фосфатты классификация.
Мазмұны:
Катиондарды классификациялау.
Катиондарды аналитикалық топтарға жіктеу олардың тұздары мен басқа қосылыстарының ерігіштігіне негізделген. Жіктеу түріне байланысты әр түрлі жүйелік анализ әдістері пайдаланады.
Ең көп таралған күкіртсутектік, аммиакты-фосфаттық және қышқылдық-негіздік әдістер. Ең алғашқы әдіс – күкіртсутектік әдіс, 1871 жылы орыс ғалымы М. О. Меншуткин ұсынған. Әдістің негізіне катиондар сульфидтерінің орта рН-на байланысты әр түрлі ерігіштігі салынған (кесте 1). Аммиакты-фосфаттық әдіс - катиондар фосфаттарының әр түрлі ерігіштігіне (кесте 2), қышқылдық-негіздік әдіс - гидроксидтер мен тұздардың әр түрлі ерігіштігіне (кесте 3) негізделген.
Катиондардың күкіртсутектік әдіс бойынша жіктелуі
Кесте 1
Аналитикалық
топ
|
Катиондар
|
Топтық реагент
|
Түзілетін қосылыстар ерігіштігі
|
І
|
К+, Na+, Lі+,
NH4+, Мg2+
|
Жоқ
|
Сульфидтері, карбонаттары*, хлоридтері, гидроксидтері* суда жақсы ериді
|
II
|
Ва2+, Sг2+, Са2+
|
(NН4)2СO3 ,
NH3•Н2О+ NН4Cl
рН=9,25
|
Карбонаттары суда ерімейді
|
III
|
Fе2+, Fе3+, Сг3+, А13+, Мn2+, Ni2+ , Zn2+, Со2+
|
(NН4)2S, NH3 • Н2О+NH4С1
рН = 9,25
|
Сульфидтері суда ерімейді**, ал сұйытылған қышқылдарда ериді
|
IV
|
Сu2+, Нg2+, Ві3+, Sn2+, Sn (IV), SЬ (III), SЬ (V), Аs (III), Аs (V)
|
Н2S, НС1
рН = 0,5
|
Сульфидтері суда** және сұйытылған қышқылдарда ерімейді
|
V
|
Аg+, РЬ2+, Нg22+
|
HCl
|
Хлоридтері суда және сұйытылған қышқылдарда ерімейді
|
*— Mg2+ басқа
**— Сг3+, А13+ сульфидтері суда ыдырайды
Достарыңызбен бөлісу: |