Информатиканы оқыту əдістерінің жіктелуі



бет1/2
Дата14.12.2021
өлшемі38,53 Kb.
#126852
  1   2
Байланысты:
Информатиканы о ыту дістеріні жіктелуі

Информатиканы оқыту əдістерінің жіктелуі.

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Оқытудың әдістері- білім алушының танымдық қызметін басқаруға арналған әдіс. Оқыту әдістерінің жіктелуі: - оқытудың мазмұны бойынша; - ақпаратты қабылдау тәсілі бойынша; - білімді қабылдау тәсілі бойынша; -Кері байланысты жүзеге асыру тәсілі бойынша(өзіндік бақылау, компьютер көмегімен бақылау).

Білімді алу көзі бойынша: • ауызша(дәріс, әңгімелесу, инструкция, кітаппен жұмыс, саяхат, түсіндіру, әңгімелесу, өзіндік жұмыс); • практикалық(лабораториялық және практикалық жұмыстар, жаттығулар, шығармашылық жұмыстар); • көрнекілік(көрнекі құралдар, иллюстрация).

Білім алушының танымдық сипатына байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі Түсіндірмелі- иллюстративті (диафильм, әңгіме) Репродуктивті (дағды қалыптастыру (бағдарламалау)) Эвристикалық Проблемалы Зерттеу

Сабақтың типтері • Жаңа материалмен танысу; • Материалды бекіту; • Білім мен дағдыны қалыптастыру; • Жалпылау; • Бақылау; • Аралас.

1. Жаңа ақпаратпен танысу. - оқытудың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін хабарлау. -қайталау арқылы жаңа материалды оқуға дайындық -жаңа материалмен танысу; - жаңа материалды қорытындылау; -үйге тапсырма; -сабақты қорытындылау.

2. Жаңа ақпаратты бекіту. - үй тапсырмасын тексеру; -оқытудың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін хабарлау; - теорияны практикалық түрде жүзеге асыру; - сабақтың қорытындысын шығару; -үй тапсырма.

3. Білім мен дағдыны қалыптастыру - үй тапсырмасын тексеру; -ынталандыру тәсілдері көмегімен оқытудың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін хабарлау; - оқытушының бақылауымен тапсырмаларды өз бетімен орындау; -орындалған жұмыстарды жалпылау және жүйелеу; ; -сабақты қорытындылау.

4. Жалпылау - оқытудың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін хабарлау; - негізгі фактілерді, оқиғаларды талдау және қайталау; - сабақ барысында қолданылған барлық түсініктерді жалпылау; -сабақты қорытындылау.

5. Бақылау - оқытудың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін хабарлау; - үй тапсырмасын тексеру; - сабақ барысында өз бетімен орындаған тапсырмаларды тексеру; -сабақты қорытындылау.

6. Аралас - оқытудың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін хабарлау; - үй тапсырмасын тексеру; - өтілген материал бойынша білім деңгейін тексеру; -жаңа материалды баяндау; - жаңа материалды бекіту; - сабақты қорытындылау.





  1. Информатика саласындағы мектепте білім беру мазмұны. Стандарттар, оқу бағдарламалары, оқулықтар.

«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны- оқу пәнінің мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы. .\

Информатиканы оқыту тұжырымдамалар-ының aлғашқы нұсқаулары 1989, 1990, 1991 жылдары жарияланды. Бiрақ, олар барлық бiлiмдi ақпараттандыру негiзiнде құрылған. Бұл еңбектерде информатика үшiн оқыту мәселесi, оның мазмұны мен мақсаты жекеленiп ашылмаған. Coнымен қатар, соңғы жылдары информатика пәнін оқыту мәселесінде үлкен өзгерiстер болды. 1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы бiлiм беретiн орта мектепте оқытылатын информатика курсы бойынша мемлекеттiк бiлiм беру стандарты құрылып оқу үрдісiне енгiзілді.

Орта мектептің сатылары бойынша информатика курсын оқытуды екі кезеңге бөлiп қарастырады.

І кезең (7-9-кластар) негiзгi курс деп аталады; ол информатика пән бойынша оқушыларды мiндeтті жалпы бiлiммен қамтамасыз eтyгe бағыттaлған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ЭЕМ-нiң архитектурасы және информaциялық технологиямен жұмыс iстеу тәсiлдерiн үйрене отырып, оқу үрдісiнде компьютердi жан-жақты, тиiмдi пайдалана отырып, өзiндiк танымдық ic-әрекеттерiн қалыптастырады. Негiзгi курсты оқытуда басқару iciндeгi информацияның мәні информациялық үрдістердің жалпы заңдылықтары және жүйелi-информациялық тәсiлдер туралы түciнiктep қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызықтық, тармақтaлған қайталану), программалау тiлдерiмен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалы есептердi шешуде пайдалану жолдары мен мүмкiндiктepі туралы мағлұматтар алады.

ІІ кезең (10-11-кластар) бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабiлетiне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп кәсіптік мамандық деңгейiндегi дәрежеде білім беріледі. Мысалы, оқушы жаратылыстану­ математика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілі тереңдетіліп оқытылады, Coнымен қатар, "Дербес компьютердi пайдаланушы "Компьютер және ic-қағаздарын жүргiзyшi" және т.б. курстар енгiзiлген. Егер базистiк жоспардың өзгермелi бөлiгiнiң есебiнен курсты оқыту 136 сағатқа дейiн арттыртса, онда оқушыларға мамандыққа сәйкес қуәлiктер беру мүмкiндiғi туады;

Жалпы, негiзгi мектепте курсты oқытyға 88 сағат бөлiнсе, ал 10-1l-кластарда базистiк оқу жоспарындағы тұрақты (инвариантты) бөлiктің есебiнен 68 сағат бөлiнген.

Жалпы информатика курсының мазмұны мынандай екі үлкен дидактикалық мәселенi шешуге бағытталуы керек: 1) Компьютер-оқыту обьектiсi; 2) компьютер - ­универсал таным құралы. Оқушы таным субьектiсi болған кезде бұл екі меселе бiрiн-бiрi толықтыра отырып курстың негiзгi мазмұнын құрайды.

Информатика курсының негiзгi мектептегi мазмұны мынадай үш кешенді мәселелердiң төңipeгiндe шоғырланған бiрiншісі - компьютерлiк техникамен танысу оның негiзгi элементтерімен жалпы жұмыс істеу пpинциптермен танысу; екіншісі - алгоритмдеу және программалау негiздерін оқып үйрену; үшіншiсi информатиканың қолдану шеңберiн анықта

Информатиканың базалық курстарының негізгі бар бағдарламаларын салыстырмалы талдау.

И информатика пәнінің мектепте оқытылуы жөніндегі мәселелер жүйелі түрде төмендегі қолданбалы ғылыми - зерттеу бағдарламалары бойынша жүргізілді:

- “Жалпы орта білім мазмұнын жаңартудың ғылыми - әдістемелік негіздері” (1992-1996ж.);

- “Білім мазмұнын жаңарту Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын жүзеге асыру” (1997-1999 ж.);

- “Қазақстан Республикасындағы жалпы білім мазмұнын жетілдірудің ғылыми - әдістемелік негіздері”(2000-2002ж.)

Стандарт ережелері:

- Қазақсан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне тәуелсіз «Информатика» пәнін оқытуды жүзеге асыру кезінде;

- Бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында қабылдау емтихандарының материалдарын сақтау кезінде;

- Мемлекеттік білім стандарттары және тестілеудің ұлттық орталығында қабылдау емтихандары материалдарын дайындау кезінде;

- Жоғары оқу орындарында «Информатика» пәні бойынша педагог-кадрларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде;

- Білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау барысында;

- Білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институтта «Информатика» пәні бойынша мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында;

- Білім беру саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында «Информатика» пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде қолданылуы және сақталуы міндетті.


  1. Информатиканың базалық курстарының негізгі бар бағдарламаларын салыстырмалы талдау.

Қазіргі информатика теориялық және қолданбалы болып бөлінеді. Теориялық информатика жалпы оқыту пәні болып табылатын көптеген ғылыми пәндерді қамтиды ақпарат. Олардың ішінде: ақпарат теориясы, алгоритмдер теориясы, теориялық кибернетика математикалық және апараттық модельдеу, Дискретті математика, жасанды интеллект және бұл пәндердің көпшілігі алғашқы ЭЕМ пайда болғанға дейін пайда болды. Келуімен компьютерлік дәуірдің оларды дамыту күрт жеделдетілді, жаңа бөлімдер теориялық "ЭЕМ архитектурасы", "программалау теориясы мен әдістемесі" және т. б.

Қолданбалы информатикаға компьютерлік техниканы әзірлеу мен пайдаланудың барлық салалары жатады. (hardware & software). Аппараттық құралдарға компьютерлер, ақпаратты сақтау және бейнелеу, деректерді беру техникалық құралдары жатады. Компьютерлік жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етуі жүйелік және қолданбалы мақсаттағы бағдарламалық өнімдерден тұрады.

Курстың үлгілік бағдарламасы жұмыста келтірілген [18] және келесі бөлімдерді қамтиды:

1.Ақпарат және ақпараттық процестер (4 сағат).

2.Компьютер ақпаратты өңдеудің әмбебап құрылғысы ретінде (4 сағат).

3.Мәтіндік ақпаратты өңдеу (14 сағат).

4.Графикалық ақпаратты өңдеу (4 сағат).

5.Мультимедиялық технологиялар (8 сағат).

6.Сандық ақпаратты өңдеу (6 сағат).

7.Ақпаратты ұсыну (6 сағат).

8.Алгоритмдер және орындаушылар (19 сағат).

9.Формализация және модельдеу (8 сағат).

10.Ақпаратты сақтау (4 сағат)

11.Коммуникациялық технологиялар (12 сағат).

12.Қоғамдағы ақпараттық технологиялар (4 сағат).

Бағдарлама оқу жылы 35 аптаны құрайды және 11 сағат көлемінде Оқу уақытының резервін қарастырады. Жаңа білім беру стандартына көшу аяқталғаннан кейін базалық курс екінші нұсқа бойынша оқытылады, яғни 7-9 сыныптарда, ал пропедевтикалық курс 1-4 сыныптарды қамтиды. Бұл мектепте информатика курсын үздіксіз жасауға мүмкіндік береді.

Базалық курстың мазмұнын оның жалпы білім беретiн мәні бар үш аспектісімен үйлесетіндігі көрiнедi:

1) басқарудағы информацияның ролі жайындағы ұғымды қалыптастыру аспектiсi;

2) қазiргi уақытта оқушылардың ойлауын барынша дамытуға байланысты алгоритмдiк (прогpаммистiк) аспект.

3) компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыруға бaйланысты информациялық технологияны практикалық ic-әрекетке кеңiнен қолданyға дайындықты қамтамасыз ететін пайдаланушылық аспект.




  1. Қазіргі мектептерде информатиканы оқытуды ұйымдастыру. Сабақ жəне оның құрылымы. Сабаққа қойылатын талаптар.

Мектеп информатикасы – мектептегі ең жас әрі проблемалы пән Информатиканы оқыту кезінде орындалатын тапсырмалар физика, математика, астрономия және т.б. пәндік салалардың білімдеріне жатады, осыған байланысты информатиканың пәнаралық сиипаты бар. Дербес компьютер зерттеу нысаны ретінде пайдаланылады: негізгі білім мен ДК-мен (құрылғылар, операциялық жүйе, ақпаратты іздеу әдістері және т.б.) жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Компьютерде жұмыс істеу уақыты 10-30 минуттан аспауы тиіс (оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты), оқушылар әр жұмыс орнында бір-бірден отыруы керек.

Сабақ — бұл оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ұжымдық және жеке орындау кезінде жүйелі түрде қолданылатын мұғалімдер мен оқушылардың белгілі бір құрамының (белгілі бір 59 уақыт кезеңінде) өзара нысаналы қарым-қатынасын (әрекеті мен қатынасын) ұйымдастырудың вариативті түрі.

Сабақтың құрылымы — бұл оқу үрдісінде пайда болып, оның нысаналы әрекетін қамтамасыз ететін, сабақ элементтері арасындағы қарым-қатынастың түрлі нұсқаларының жиынтығы.

Дәстүрлі сабақ оқу материалын көп мәрте қайталауға мүмкіндік береді, бұл жадының дамуына және есте сақтауға, меңгерту сабақтарында білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Оқу әрекетінің формаларын бірнеше рет ауыстыра отырып, жаңа білімдерді жылдам іс жүзінде қолдануға жағдай жасайды. Дегенмен, құрылымның аталған бөлшектерінің ешқайсысы білімді меңгерте отыра, оқушылардың дамуын қамтамасыз етпейді, өздігінен атқаратын оқу әрекетінде оны көрсетпейді. Аралас сабақтың әртүрлі құрылымы, соған байланысты бірқатар артықшылықтары болуы мүмкін: кері байланысты қамтамасыз етеді, педагогикалық үрдісті басқарады, бағаларды жинайды, оқу кезінде дербес амалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.

Қазіргі сабақтың негізгі кезеңдері 1. Ұйымдастырушылық кезең. Оқушылардың сабаққа сырттай және іштей (психологиялық) дайындығын білдіреді. Әдетте ұйымдастырушылық кезеңге сәлемдесу, оқушылардың, жабдықтардың, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа қатыспағандарды белгілеу, сабақ жоспары мен мақсаттарын хабарлау кіреді. 2. Үй жұмысын тексеру. Қойылған мақсатқа байланысты әртүрлі әдістермен орындалады. 3. Жаңа материалды оқыту. Мұғалімнің хабарлауы негізінде немесе оқушылардың өздігінен орындауы арқылы өтеді. 4. Жаңа материалды бекіту. Үлгі бойынша жаттығуларды қолдану және ақпаратты жаңғырту тәсілдері арқылы материалдың игерілуін ұйымдастыру. Білімді іздеу және шығармашылықта пайдалану, бұрын алған білімдері мен ептіліктері бойынша құралған проблемалы тапсырмаларды орындау арқылы тәсілдерді меңгеру. 5. Мұғалім және оқушылар жүзеге асырған – оқу әрекетінің нәтижелерін бақылау – білімді тексеру; 6. Үйге тапсырма. Сабақтың осы бөліміне тапсырманың 61 орындалуын, қажет болса, орындау әдістерін түсіндіру. 7. Сабақ қорытындысын шығару. Сабақ аталған элементтердің барлығынан (аралас сабақ) немесе тек кейбіреуінен тұруы мүмкін (белгілі бір дидактикалық тапсырманы орындауға бағытталған арнаулы сабақ).



  1. Мектеп оқулықтары және оқу бағдарламаларын талдау.

Информатика оқу-әдістемелік құралдың құрамы мен құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәнінің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып анықтау — осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі деуге болады.

Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулықтың мазмұны мен құрылымын А.Құсайынов, Ұ.Асылов, Қ.Молдабек т.б отандас ғалымдар аша білді. Ал білім мазмұнының мәні, зерттеу нысаны, оған қойылған дидактикалық талаптар мен ұстанымдар, әдіснамалық мәселелер М.Скатин, И.Лернер, В.Краевский, Ю.Бабанский, Б.Лихачев, В.Леднев, А.Хуторский ғылымдардың зерттеулерінде орын алды. Мектеп оқулықтарының пәндік мазмұнын жетілдіруге Қ.Аймағамбетова, Г.Уәйісова, Т.Оспанов, Ш.Құрмнәлина, С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Ж.Қайыңбаев, К.Ерешов т.б ғалымдарымыз өз үлестерін қосып келеді.

Оқулыққа қойылатын талаптар:

— Ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;

— Бағдарламаға сәйкестігі;

— Мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;

— Әлеуметтік-мәдени құндылығы;

— Ұсынылған материалдың тарихилығы;

— Оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;

— Мазмұнының жүйелігі, бірізділігі;

— Сабақтастық принципінің сақталуы;

Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

7-сыныпта информатиканы оқытудың  негізгі  мақсаты — оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады 8 сыныпта  оқытудың  негізгі  мақсаты  – оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту, оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану д

9-сынып информатика оқулығының мазмұнына тоқталсақ: Алгоритм түсінігі; алгоритмнің түрлері және қасиеттері; Pascal бағдарламалау тілі, меншіктеу операторы, сандық функциялар; сызықтық, тармақталу және циклдік  алгоритмде бағдарламалау; графиктік режим, графиктік объектіні бағдарламалау; символдармен жұмыс істеу операторлары; массивтің (жиым) мәні және ол туралы түсінік, бір және көп өлшемді массивтермен жұмыс; модельдеу, модель түсінігі, модельдеу тәсілдері; интернет, интернетте әртүрлі ақпаратты іздеу, электрондық пошта (соңғы тақырып 7-сыныпта алғашқы ұғымдар қарастырылған).



10-11 сыныптарда информатиканы оқытудың оқу бағдарламасы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бағытында және мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасақталды.

ағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.


  1. «Алгоритмдер және орындаушылар» бөлімін оқыту әдістемесі.

Алгоритмдеу бағытының мазмұны мына түсініктер тізбегі арқылы анықталады: алгоритм, алгоритмнің қасиеттері, алгоритмді орындаушылар, орындаушының бұйрықтар жүйесі, алгоритмді формалды орындау, алгоритмді ұсыну формалары, негізгі алгоритмдік құрылымдар, шама ұғымы, көмекші алгоритмдер. Мектеп информатикасында алгоритмдеуді оқытудың екі мақсаттық аспектісі бар: біріншісі –дамытушылық аспекті, оқушылардың алгоритмдік ойлауының дамуы; екіншісі – бағдарламалық, кәсіби бағытталған аспекті. ЭЕМ үшін бағдарлама құру, алгоритм құрудан басталады: бағдармалаушының ең маңызды кәсіби сапасы – логикалықалгоритмдік ойлаудың дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар:  алгоритмнің анықтамасы;  алгоритмнің қасиеттері;  алгоритмді сипаттау тәсілдері;  алгоритмдік тілдің жалпы ережелері. Алгоритмнің анықтамасы. Алгоритм – берілген деректерден ізделетін нәтижеге әкелетін, орындаушыға түсінікті және анық шектеулі бұйрықтардың тізбегін орындау нұсқамасы. Бұл анықтамада алгоритмнің негізгі ұғымдары жән. Бұл жүйеде алгоритмді ОРЫНДАУШЫ түйінді объект болып табылады. Орындаушы – айқындалған әрекеттер жиынын 88 орындауды білетін объект (автомат немесе робот) немесе субъект (адам).

Алгоритмнің бұйрықтарын бұлжытпай бірінен кейін бірін формалды орындау – орындаушының негізгі жұмысы. Яғни, алгоритмнің формалды орындалуы – орындаушы есептің мағнасын білмесе де, дайын алгоритмнің бұйрықтарын бұлжытпай бірінен кейін бірін орындап, сол есептің нәтижесін шығару. Алгоритмді сипаттау тәсілдері. Мектеп информатикасында алгоритмді сипаттаудың дәстүрлі екі тәсілі қолданылады: блоксхемалар және оқу алгоритмдік тілі. Информатиканың базалық курсында осы екі тәсілдің екеуін де қолдану абзал. Блок-схемалардың негізгі құндылығы – алгоритмдік құрылымның көрнекілігі. Есептің шығару кезеңдері әрекеттерге сәйкес графикалық жеке блоктармен бейнеленеді. Әр әрекеттің өзінің графикалық бейнесі белгіленген. Мысалы: параллелограм – енгізу немесе шығару, тік төртбұрыш – есептеу әрекеттері, ромб – шартты тексеру, т.б. Алгоритмдік тіл (АТ) – алгоритмдерді біркелкі және дәл жазу және орындау үшін ережелер және таңбалар жүйесі1 . Алгоритмдік тіл бір жағынан, дағдылы тілге жақын. Бұл тілде жазылған алгоритм дағдылы жазылады және оқылады. Басқа жағынан, алгоритмдік тілге математикалық символика, сандар, шамалардың және функциялардың, амалдардың белгілері және жақшалар және т.б. кіреді.


  1. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы жəне оны жүргізуі.

Мұғалімнің күүнделікті сабаққа дайындалуы

Оқу жұмысының табысты болуы мұғалімнің күнделікті сабақ жоспарына тікелей байланысты. Күнделікті сабақ жоспарлау кезінде мұғалімге көп еңбектенуге тура келеді, әрбір жеке сабақтың сол сыныптағы жалпы сабақтар жүйесіндегі білімін анықтап, басқа пәндермен байланысын ашады. Күнделікті сабақ жоспары тақырыптық жоспар негізінде жасалады. Тақырыптық жоспар пәндік бағдарлама талаптарына сәйкес түзіледі.

Күнделікті сабаққа даярланудың алғашқы сатысы сабақтың мақсатын анықтаудан басталады. Сабақтың мақсаты деп- сол сабақта оқытып-үйретуге және дамытуға байланысты мәселелердің шешілуін айтамыз.

Сабақта өтілетін материалдардың мазмұны мен мақсаты, оқушылардың дайындық дәрежесі, олардың жас ерекшеліктері, мұғалімнің іс-тәжірибесі, оқытудың әдістері мен құралдарын анықтайды.

Берілетін білімнің көлемін анықтаған кезде, қандай материал оқушыларға дайын күйінде берілетінін, қайсысы оқушылардың өздігінен орындауына тапсырылатынын анықтаған жөн.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуына ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып, зерттеу көп пайдасын тигізеді. Сондықтан әр мұғалімнің жеке кітапханасы болғаны абзал. Қажетті әдебиеттерді студенттік шақтан бастап жинағаны орынды.

Өзінің сабаққа дайындалуын жеңілдету үшін, мұғалім ұдайы химиядан, оны оқыту әдістемесінен, баспасөз бетінде жарияланған қажетті материалдарды жинап, арнайы картотека жасағаны абзал.

Сонымен бірге мұғалімнің қолында дидактикалық және әдістемелік материалдар болғаны дұрыс. Бұлар қажетті мөлшерде дайындалған бақылау жұмысының нұсқаларын, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес әр сыныпқа арналған және әрбір тақырып бойынша дайындалған карточкалар жинағын, өздігінен жұмыс істеуге және білімді материалдарды, зертханалық және сарамандық жұмыстардың нұсқауларын, техникалық құралдарды пайдалануға арналған материалдар жиынтығын, көрнекі құралдарды және материалдарды қамтиды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет