І. Жансүгіров атындағы жетісу


Білім беру саласындағы саясат



бет93/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   100

Білім беру саласындағы саясат


Қазіргі мәдени және саяси шынайылық. Мемлекеттің білім беру саясаты. Білім беру қадағалау және сүзгі тәсілі ретінде. Білім беру – болашаққа капитал алу және статус

үшін күрес ретінде. Білім беру саласындағы стандарттау. Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру контекстнде білім беру жүйесін реформалау. ҚР-да білім беруді реформалаудың нормативті негізі: «Білім беру» (1999 ж.); «2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту концепциясы» (2003 ж.); «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат концепциясы» (1995 ж.). ҚР-ғы білім беру бағдарламалары және шарттары. Азаматтық білім беру идеясы. Діл және білім беру. Ұлттық білім беру: ұғым және мәселелері (проблемалары). ҚР-да білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру. Отандық білім беруді әлемдік евразиялық білім беру кеңістігіне интеграциялау. Жаһандану және

интернационализация жағдайындағы ұлттық білім беру. Әлем мәдениетін қалыптастырудағы білім берудің рөлі. Білім игерудің нәтижесін бұрынғыдай тек білім, білік, дағды аумағында ғана құрастыру қазіргі күні аздық етеді, өйткені олар үйренушінің тек біліктілігін ғана айқындайды. Сол себепті де Болонья процесінде біліктілік (квалификация) термині құзырлылықпен (компетенция) алмастырылған, құзырлылық білім игеру процесінің басты нәтижесі ретінде танылады. Бұл процесс бойыша студент білімді өздігімен игеруі керек.
Құзырлылық дегеніміз маманның белгілі бір кәсіби сала аумағындағы білімі, білігі, дағдыларының жиынтығы. Бұл ұғым тек танымдық және әрекеттік-технологиялық түсініктерді білдірмей, сонымен бірге мотивациялық, әлеуметтік және тұлғалық ерекшеліктерді меңзейді және экономикалық, моральдік-этикалық, кәсіби ауқымда қарастырады.
Болонья процесінің аумағында 2004 жылы құрылған TUNING («Еуропада білім құрылымдарын сәйкестендіруге бағыттау») жобасы
«құзырлылық» ұғымына келесі өлшемдерді жатқызады:
«білім және түсінік»;
«қалайша әрекет жасау керектігін білу» білімі;
«қалайша өмір сүру керек» білімі (Болонский процесс,2007, 18). Бүгінгі таңда кәсіби білімнің құндылығы жеке тұлғаның әлеуетті мүмкіндіктерін ашу және оны пайдалану, жылдам өзгеруші қоғамдағы шығармашылық әлеуетін, ұтқырлығын жүзеге асыру; жастардың білімге қажеттіктерін қанағатттандыру; жоғары сатыдағы қоғамдық қызметке тұруға, мәртебелі, беделді және жоғары деңгейдегі еңбек ақыға қол
жеткізіп, мүмкіндік беретін диплом алу.
Әлеуметтену әрдайым белгілі бір кеңістікте өтеді. Жеке тұлға өзінің әлеуметтеніп қалыптасуы барысында өзге индивидтермен, топтармен, әлеуметтік қауымдастықтармен, институттармен өзара қарым -қатынасқа түседі. Ал жеке тұлғаның әлеуметтік кеңістігіне әлеуметтік қатынастар жиынтығы, индивидтің түрлі жүйелердегі байланыстары мен әлеуметтік рөлдері кіреді. Жеке тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін анықтауда бірнеше тұрғылар қалыптасқан. Дегенмен ол тұрғылардың қай- қайсысы болмасын оны адамның жас кезеңдерімен байланыста қарастырады (балалық, жасөспірімдік, жастық, кемелдену).
Қазіргі заманда білім адамды бұрынғыдай табиғатты өзіне бағындырып, дүниені игеру немесе өзгерту үшін қажетті ұғымдармен
«қаруландырмай», керісінше оның болмыс пен жаратылыс заңдылықтарын біліп, дүниеге бейімделіп, «кірпіш» секілді «қалануына» әкелуі керек. Білім адамға ақыл беріп, әлемді көріп, түсінуге, оған өзінің жан дүниесін ашуға, сол арқылы ақиқатты ізденуге жетелеуі қажет.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет