Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері:
ҚР неке және отбасы заңдарының 29-30 баптарында көзделген оған:
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет кәсіп түрін, тұрғылықты жерін таңдауға құқығы бар.
Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру тағы басқа отбасы мәселелерін бірігіп шешуге құқығы
Тек таңдау құқығы жатады.
Міндеттері:
Ерлі-зайыптылар өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға;
Отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге;
Өз балаларының денсаулығына, өсіп жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Ерлі-зайыптылардың отбасы мәселелерін бірігіп шешуі олардың әрқайсысының жеке бостандығын шектеу болып табылмайды. Екі адамның бірінің жеке мүдесіне тікелей қатысты мәселелер 2-ші жұбайдың қатысынсыз жеке шешіледі. Жұбайдың бірі екіншісіне кәсіп, қызмет түрін таңдауға шек қоя алмайды, дәл осындай мүмкіндік тұрғын жайды таңдау үшін де берілген.Мұндай құқықтың бар болуы ерлі-зайыптылар үнемі бір үйде немесе бір пәтерде бірге тұруы міндетті емес деген тұжырымға келеді. Бұл жағдай отбасы өміріндегі дәстүріне сәйкес келмейтін нұсқа болса да қажет болған жағдайда ерлі-зайыптылардың екі бөлек үйде тұруы некенің бұзылғандығы болып саналмайды.
Жұбайлардың некеге тұру кезінде тек таңдау құқығына байланысты үш түрлі нұсқа берілген:
Өз тілектері бойынша өздерінің біреуінің тегін, яғни ерінің немесе әйелінің тегін таңдауға;
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалуға;
Бір жұбайдың тегіне екінші жұбайдың тегін қосуға. Бірақ, ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді.Жұбайлардың бірінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды.Ерлі-зайыптылардың арасында неке бұзылған жағдайда жұбайлардың бірі немесе екеуі де ортақ текті сақтап қалуға немесе некеге тұрғанға дейінгі тегін қайта қалпына келтіруге құқығы бар.Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері олардың меншігіне байланысты құқықтар мен міндеттерге қатысты болады.Мүліктік қатынастардың обьектісі болып меншікке кіретін барлық мүліктер яғни үй шаруашылығы құралдары, тұрғын үй, пәтер, саяжай, гараж т. б. Қазіргі уақытта меншіктің құрамына кәсіпорын, ғимарат, құрылыс,кез-келген көлік құралдары да кіреді. Сонымен бірге ақша қаражаттары, акциялар тағы басқа бағалы қағаздар меншік болып табылады. Жалпы айтқанда заңдармен көзделген кейбір жағдайларда мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігіне орай азаматтардың меншігіне берілмейтін мүліктерден басқа өнеркәсіптік, тұтынушылық, әлеуметтік, мәдени және тағы басқа мақсаттарға арналған мүліктер меншік құрамына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |