Ата – аналары мен балаларының құқықтыры мен міндеттері. Ұл (қыз) асырап алу.
Ата-ана мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастардың пайда болуының негізі балалардың белгіленген заң тәртібімен куәландырылған белгілі-бір әке мен шешеден туғандығы болып табылады.Ер мен әйел заңды некеге тұрып ол неке мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ерлі-зайыптылар ретінде құқықтар мен міндеттерге ие болады. Баланың өмірге келуі-отбасы заңдылықтарымен реттелетін белгілі құқықтық салдар туғызатын, атап айтқанда ата-аналық құқықтар мен міндеттерге ие ететін факт болып табылады.
Баланың ата-анадан туу тегін белгілеу 3 түрлі нысанда куәландыруға болады:
Бала туылғанға дейін ата-ананың заңды некеде тұруы;
Заңды некеде тұрмаған ата-аналардың өзінен туған баланы мойындауы;
Әкелікті сот тәртібімен белгілеу;
Бала заңды тіркелген некеден туылды ма немесе некеден тыс туылды ма оған қарамастан ана мен бала арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындайды.
Неке және отбасы туралы Заңның 46-бабына сәйкес бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туылған баланың туу тегі ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Ана болу фактісі азаматтық хал актілерін жазу кітабында тіркеледі. Оны тіркеу үшін баланың туылғаны жөнінде медициналық анықтама (құжат), ал медициналық мекемеден тыс жерлерде туылған баланы куәлардың көрсетулері арқылы тағы басқа айғақтар негізінде АХАЖ органы белгілейді. Заңды некеде тұратын ата-анадан туылған балалардың туу тегі ата-анасының неке туралы куәлігі арқылы куәландырылады.Заңды некеде болған, бірақ бала туылмас бұрын неке бұзылған немесе жарамсыз деп танылған болмаса жұбай қайтыс болған күннен бастап 270 күн ішінде туылған балаға бұрынғы жұбай әке ретінде танылады және балалардың тууын тіркеу жалпы негізде жүргізіледі. Балалардың тууын тіркеуді АХАЖ органдары баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. Туу туралы арызды ата-ананың біреуі немесе белгілі себептермен ондай мүмкіндік болмаса (ата-ананың қайтыс болуы, науқастануы тағы басқа) мүдделі адамдар немесе бала туылған емдеу мекемесінің әкімшілігі жазбаша немесе ауызша түрде береді. Арызбен қоса емдеу мекемесінің анықтамасы, егер бала үйде туылса дәрігердің немесе басқа бір медицина қызметкерінің, ол болмаған жағдайда кемінде екі куәнің арызы бойынша қоса беріледі. Туу туралы арыз АХАЖ органдарына бала туған күннен бастап 2 айдан кешіктірілмей берілуі тиіс. Егер бала өлі туылған жағдайда босанғаннан кейін 5 тәуліктен кешіктірілмей жасалуы тиіс. Баланың тууы туралы жазбалар кітабына баланың туған уақыты ,туған жері, жынысы, аты, тегі, әкесінің аты, баланың ата-аналарының аты, әкесінің аты, тегі, олардың тұратын жері, ұлты жазылуы тиіс. Бала өлі туған жағдайда туу туралы жазба кітабындағы ерекше бағанада тиісті белгі жасалады. Баланың ата-анасы заңды некеде тұрған болса, олардың бірігіп берген арыздары бойынша әкелік ерікті түрде белгіленеді. Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесі мен анасының АХАЖ органдарына бірлесіп арыз беруі арқылы, егер анасы қайтыс болса немесе әрекетке қабілетсіз деп танылса сондай-ақ ата-аналық құқығынан айырылған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда сот шешімімен белгіленеді. Әкелікті сот тәртібімен белгілеу баланың анасының арызы бойынша,баланың қорғаншысының (қамқоршысының) арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы бойынша, бала кәмелетке толғаннан кейінгі өз арызы бойынша сот тәртібімен белгіленеді. Баланың отбасында өмір сүруіне, тәрбиеленуіне, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығына немесе олармен бірге тұруына құқығы бар. Ата-анасы жоқ балалардың отбасында тәрбиелену құқығын қамқоршы және қорғаншы орган қамтамасыз етеді.Бала ата-анасының екеуімен де, ата-әжесімен, аға-інілерімен, апа-сіңлілерімен басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқылы. Ата-ана бөлек тұрған жағдайда, тіпті әртүрлі мемлекеттерде тұрсада бала олармен қарым-қатынас жасауға құқылы.Баланың ата-анасының некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы баланың құқығына әсер етпеуі тиіс. 10 жасқа толған баланың пікірі ескерілуге тиіс. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға, оны өзгертуге құқығы бар. Ол жөнінде неке және отбасы туралы заңның 55,56, 57 баптарында көрсетілген.Бала белгілі тәртіппен және белгілі мөлшерде өзінің ата-анасынан және отбасының басқа мүшелерінен асырау қаражатын алуға құқығы бар. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар олардың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың билік етуіне келіп түседі және ол баланың мүддесіне жұмсалады. Сыйға алынған, мұра ретінде берілген мүлікке бала меншіктене алады. Баланың ата-ана мүлкіне меншік құқығы болмайды, сондай-ақ ата-ананың баланың мүлкіне меншік құқығы болмайды. Олар бір-бірінің мүлкін өзара келісім бойынша пайдалана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |