Қылмыстық құықтың жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімнен тұратын өзінің иерерхиялық құрылымымен сипатталады.
Жалпы бөлім Қазақстан Республикасы қылмыстық заң нормаларының міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс пен жаза ұғымын, қылмыстық заңның түсінігін анықтайды; қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлардың түсінігі, қылмыс істеу сатылары, қылмысқа қатысу ұғымы және нысандары, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындау немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мәселелерін және т.б. мәселелерді зерттейді.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және құрамдары бар әрекет жасағаны үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз байланыста. Осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Қылмыстық құқық- құқық жүйесіндегі жеке саланың бірі және басқа құқық салаларымен тығыз байланысты, сондай-ақ өзінің бағыты, атқаратын рөлі, мәні және құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан бөлектеніп, ажыратылады.
Қылмыстық құқық - қылмыстық істер жүргізу құқығымен өзара тығыз байланыста. Қылмыстық іс жүргізу құқығы - қылмыстық құқықты іске асырудың нысаны болып табылады.
Қылмыстық құқық — қылмыстық атқару құқығымен де тығыз байланыста. Қылмыстық атқару құқығының пәні сот үкімі бойынша күшіне енген қылмыстық жазаны орындауға, сотталғандарға түзеу ықпалын жүзеге асыруға, оларды қылмыс істеуден сақтандыруға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке келтіру болып табылады. Қылмыстық-құқықтық қатынастар негізі-қылмыс істеу болса, қылмыстық-атқару құқығы қатынастарының негізі - заңды күшіне енген айыптау үкімі болып табылады.
Қылмыстық құқық әкімшілік құқықпен де жақын жанасады. Екі құқық саласы да қоғамға қауіпті іс-әрекет- құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізеді.
Қылмыстық құқық ғылымы қылмысты туғызатын себептер мен жағдайларды, қылмыскердің тұлғасын, сондай-ақ қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым саласы-криминологиямен тікелей байланысты.Бұл ғылымдар бірін-бірі толықтырып отырады.Қылмыстық құқық криминология бұларсыз ештеңе тындыра алмайтын- қылмыс, кінә, қылмыс субъектісі, жаза секілді және басқа да ұғымдарды қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |