Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 75-бабы).
Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар - азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.
Азаматтық істерді карау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |