Жоспар
10.1.Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме.
10.2.Қазақстан Республикасының прокуратурасы
10.3.Адвокатура және нотариат түсінігі, түрлері.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
Қолданылып жүрген заңдарда «құқық корғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжатгар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.
Құқық қорғау кызметін құқық қатынастары субъектілерінін санасы мен мінез-құлқына зан жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |