Құқық қорғау қызметіне тән белгілер:
-құқық қорғау міндетінің болуы;
-құқық қатынастарының субъектілеріне ықпал етудін арнаулы заңдық шараларын қолдану;
-заңмен қатаң түрде регламенттеу;
-белгіленген рәсім - іс жүргізу тәртібі болып табылады.
Белгілерін негізге ала отырып, құқық қорғау қызметін басқа да қызмет түрлерінен ажыратуға болады. Мысалы, республикалық «Барлау» қызметінің негізгі міндеті - еліміздің кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлауды ұйымдастыру мен жүргізу, сондықтан оның құқық қорғау қызметінін бірқатар белгілері (заң негізінде қызметті қатаң регламенттеу, билік сипатындағы өкілеттік беру) болғанымен де, ол құқық қорғау органы емес.
Достарыңызбен бөлісу: |