Жүйе - өзара байланысты және тұтас бірлікті білдіретін көптеген элементтерді атайтынын атап өту керек.
Прокуратура органдарының жүйесі – оның органдарын құрайтын жиынтық ғана емес, сондай-ақ құрылымдағы алатын орны, өзара қарым-қатынас, олардың ұйымдастыру байланыстары мен басқару қатынастары болып табылады.
Бір бағыттағы құрылым тек өзара байланысты органдардан, бөлімшелер мен бөлімдерден басқармалар аппараттарын құру нәтижесінде ғана жасалады. Әрбір төменгі деңгейдегі сатылар жоғарғы деңгейдегі басшыларға тікелей бағынышты болады. Прокуратура органдарының жүйесі мынадай аудандық, қалалық, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардан, сондай-ақ Бас прокуроратурасы сияқты звенолардан тұрады.Прокуратура органдарының басқару құрылымының негізгі мазмұны үш бөлімнен тұрады: а) субординациясы, б) реординациясы және в) үйлестіру жағдайларында оның элементтерін құрайтын өзара әрекет болып табылады. Прокуратура органдарындағы құрылымдар: ұйымдасқан құрылым, функционалдық құрылым.
а) ұйымдасқан құрылым – белгілі бір қызметтің белгілі бір түрінде мамандандырылған органдар, бөлімшелер, құрылымдық бірліктер болып табылады. Оларға арнаулы объектілермен немесе прокурорлық қадағалаудың жеке салалары шегінде анықталатын прокурорлық қадағалауды іске асыратын табиғатты қорғау, көлік және басқа (аудандық, қалалық, облыстық т.б.) прокуратуралар жатады.
б) функционалдық құрылым – басқа аудан және қала прокурорларының көмекшілері және аға көмекшілері, прокурорлар, облыс прокурорлары, бөлімдердің және басқармалардың аға прокурорлары, қызметтің негізгі бір түрімен өзара байланысты және біріккен ҚР Бас прокуратурасының департаменттер мен басқармалар, бөлімдердің көмекшілері мен аға көмекшілері.
Ұйымдасқан құрылымға кіретін әрбір бөлімшелерді немесе органдарды басшы басқарады. Бұл бірбағытты және функционалды басшылар болады.Бірбағытты басшыралға аудандардың, қалалардың прокурорлары, облыс прокурорлары, мамандандырылған прокуратуралардың прокурорлары, ҚР Бас прокуроры және олардың орынбасарлары жатады. Функционалдық басшыларға облыс прокурорларының көмекшілері және аға көмекшілері, сондай-ақ ҚР Бас прокурорының көмекшілері мен аға көмекшілері. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар республика астанасының прокуратуралы, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратуралар. ҚР Бас прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғарғы бөлігі болып табылады және барлық прокуратура органдарына және оның мекемелеріне басшылық жасайды. Бас прокуратураны Заңның 12 бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Бас прокурорының ұсынымы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілері болып табылатын бастықтар басшылық ететін департаменттер, басқармалар және бөлімдер құрайды. ҚР Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен көмекшілері болады. ҚР Бас Прокуроры орынбасарларының да көмекшілері болады. Департаменттерде, басқармаларда және бөлімдерде аға прокурорлар және прокурорлардың лауазымдары көзделген. ҚР Бас прокуратурасының құрылымына ҚР Бас прокурорының орынбасары болып табылатын Бас әскери прокурор басқаратын Бас әскери прокуратура кіреді. Республиканың Бас прокуроры департаменттер, басқармалар және бөлімдер бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілерді, кеңесшілерді ерекше тапсырмалар бойынша көмекшілерді, аға прокурорларды және департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
«Прокуратура туралы» ҚР Заңының 12 бабының 5 тармағына сәйкес Бас прокуратура:
1) Республика прокуратура органдарының іс-қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестірілуі мен ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
2) Республикада Заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау практикасына талдау жасайды;
3) прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындауын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды;
5) заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел-іздестіру қызметін, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды және олардың қызметін үйлестіріп отырады;
6) кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және жүргізеді;
7) норма шығарушылық қызметіне қатысады;
8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры. ҚР Бас прокуроры ҚР прокуратура органдарының барлық жүйесін және мекемелеріне және ҚР Бас прокуратурасына тікелей басшылық жасайды. Прокуратура органдары қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін, қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етілуін іске асырудағы тәртібін реттейтін бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, өкімдерді, ережелерді шығарады. ҚР Бас прокуроры бөлінген штаттық құрам және еңбек ақы қоры шегінде ҚР прокуратуралар мекмелері мен бағынышты прокуратуралардың штаты мен құрылымын белгілейді. ҚР прокуратурасы жүйесінің барлық буындарының прокурорларын ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындады. Бас прокурор кеңесші органы болып табылатын алқа жұмысына басшылық жасайды. Алқа жиналыстарында ҚР прокуратура қызметтерінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстардың жай-күйлері талқыланады; орындауды, іріктеуді, кадрлады орналастыру мен тәрбиелеуді, бұйрықтар жобаларын, нұсқаулықтар мен басқа маңызды нормативтік актілерді тексеру мәселелері талқыланады; Бас әскери прокурордың, бас басқармалар бастықтарының, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың есептері, бағынышты прокуратуралар жұмысының тексеру нәтижелері тыңдалады. Алқа шешімінің негізінде Бас прокурор бұйрық шығарады. Аумақтық прокуратуралар аумақтық құрылымдар мен аумақтық бөлінулерге сәйкес құрылған. Әрбір облыста атауы көбінесе облыс атауымен аталатын прокуратуралар бар. Облыс прокуратуралары құқығындағы Астана қаласы және Алматы қаласы прокуратуралары, мамандандырылған прокуратуралар жұмыс істейді.
Облыс прокуратурасы мен оған теңестірілген прокуратураларды ҚР Президентінің келісімімен ҚР Бас прокуроры тағайындаған прокурор басқарады. Облыс прокурорының ҚР Бас прокуроры тағайындаған бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары болады. Облыс прокуратуралары мен оған теңестірілген прокуратуралардың өз құрылымдарында мекемелердің, ұйымдардың, өз деңгейіндегі (облыстық т.б.) лауазымды адамдардың заңдарды орындауын қадағалауды және қалалардың, аудандардың және ҚР әкімшілік-аумақтық өзге де бірліктердің қызметтерін бақылауды іске асыратын басқармалары мен бөлімдері болады. Облыс прокуратурасында прокурор басқаратын алқа болады. Алқа мүшелері болып прокурордың орынбасарлары мен бөлімшелер бастықтары табылады.
Облыс прокуроры:
Облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды. Бас прокурорға есеп береді.
- ҚР аумағында қолданылатын заңдардың және ҚР Бас прокурорының нормативтік актілері негізінде қалалар мен аудандардың прокуратураларын және өзге де оларға теңестірілген прокуратураларды басқарады және барлық бағынышты қызметкерлер орындауға тиісті бұйрықтарды, нұсқауларды, өкімдерді шығарады, ҚР Бас прокуроры бекіткен құрам және төлем қоры шегінде өз аппараттары мен бағынышты прокурорлардың штаттық кестесіне өзгерістер енгізеді;
- облыстық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралардың алқалары өздерінің жиналыстарында прокуратура органдары қызметтерінің аса маңызды мәселелерін, қылмысқа қарсы күрес заңдарының орындалуына қадағалауды іске асыру бойынша ҚР Бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларының орындалуын қарайды, басқармалардың, бөлімдердің бастықтарының, төменгі тұрған прокурорлардың есептерін тыңдайды, кадраларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу мәселелерін, бұйрық жобаларын талдайды.
Аудандық прокуратура.
Аумақтық прокуратуралардың төменгі звенолары қалалық және аудандық прокуратуралар болып табылады. Барлық аумақтық прокурорларды облыс прокурорларының ұсыныстары бойынша 5 жыл мерзімге ҚР Бас прокуроры тағайындайды. Аудандық (қалалық) прокурор: Аудандық және қалалық прокуратураларды, оларға теңестірілген әскерижәне өзге де мамандандырылған прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады.
Олардың міндеттеріне:
- бағынышты көмекшілердің, тергеушілердің жұмысына басшылық жасау, олардың барлық бағыттарын қадағалауды іске асыру және қылмыстық, азаматтық істерді сотта қарауға қатысу жатады.
- аудандық бөлінудегі қалалардың прокурорлары аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметтеріне басшылық жасайды;
- жоғарғы тұрған прокурорға өз аппараттарымен бағынышты прокуратуралардың штаттық құрамын өзгерту туралы, кадрлық өзгерістер туралы ұсыныстар енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |