Нотариат түсінігі. Нотариат қызметтері.
Нотариат – юрисдикциялық орган. Нотариаттың юрисдикциясының ерекшелігі. Нотариат түсінігі. Нотариат құқық қорғау органдары жүйесінде. Оның басқа мемлекеттік органдармен арақатынасы. Қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі нотариаттың рөлі. Нотариат тарихы және нотариат туралы заңнама. 1986 жылы шыққан «Нотариат бөлімі туралы» Ереже. Қазақ жерінде нотариалды қызметті ұйымдастыру тәртібі. 13.08.1974 ж. шыққан ҚазКСР-нің «Мемлекеттік нотариат туралы» Заңы. 14.07.1997ж. шыққан ҚР-ның «Нотариат туралы» Заңы. «Қазақстан
«Республикасының нотариаты» курсының пәні мен жүйесі.
1. Бұл пән «Нотариат туралы» ҚР Заңымен белгіленген құзіреттер шегінде нотариаттық іс-әрекеттер жасауы кезінде мемлекеттік нотариустардың және жеке практикамен айналысатын нотариустардың, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік берілген жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдардың және консульдық міндетті атқарушы адамдардың ҚР атынан нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібін белгілейді. Нотариус сөзі латындық түбірге ие (notary – нотариус, notarial – нотариаттық, notarise – куәландыру, нотариаттық куәландыру).Тарихи тұрғыдан нотариаттың қажеттілігі меншік қатынастарының пайда болуына байланысты туындады.Қазақстанның Ресей империясының құрамында болуы бірқатар тарихи уақыт бөлігін құрайды. А.С. Ибраева өз еңбектерінде бұл кезеңде әдет-ғұрыптық құқықтық нормалар мен ережелер жойылып, би соттары қолданыстан алынып, жаңа басқару жүйесі қалыптаса бастады.
XIX ғасырдың ортасына дейін империяның көптеген аймақтарында нотариаттық қызметті заңи реттеу мен ұйымдастыру мәселелері өзекті болып табылмады. Бұл сол кезеңдегі азаматтық айналымдағы істердің шынайы мәмілелермен шектелгендіктен, ерекше заңи рәсімдеуді қажет етпеуімен байланысты болды. Азаматтық айналым барысында азаматтар арасында туындауы мүмкін даулар көп уақыт бойы дәстүрлі жолмен шешімін тауып, бұл әрекет барысында қолданылған заңи шешім нысандары әр түрлілігімен ерекшеленбеді.Алайда, XIX ғасырдың 70-ші жылдарында Түркістан өлкесі аймағында азаматтық айналым барысында туындаған қатынастар ерекше реттеуді қажет етті. Оған империя аймағының шеткері жақтарында азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысушыларды құқықтық қорғауға қатысты бірыңғай ережелер қалаптаса бастауы себеп болды. Бұл үдеріске жергілікті халық өкілдері де барған сайын көбірек қатыса бастады. Оған өндірістің дамуы, көші-қон үрдістері, шаруа халықтың басым бөлігінің қоныс аударуы, сауданың дамуы да себеп болды. Бұл үрдістердің барлығы қоғамдық қатынастардың ішінде барлық уақытта маңызды болып келген меншік қатынастарын қалыптастыруға ықпал етті.
М.Хасанаевтың жарияланымдары Ресей империясының шеткері аймақтарында нотариаттық қызметтердің даму тарихын зерттеуге арналды. Ол заңи әдебиетте алғаш рет қазіргі Қазақстан аймағында басым түрде еуропалық құқық стандарттарына бейімделген мемлекеттік нотариат институтын енгізуге ұмтылыс жасаған Ресей әкімшілігінің әрекеттерін зерттеді. Оның мақалаларында қазіргі құқықтық ғылымда белгісіз көптеген терминдер жарық көрген. Осылайша, қарастырылып отырған кезеңдегі құқық қолдану тәжірибесіне талдау жасай келіп, ол уездегі соттар барлық уақытта «васихтерге» бірдей қарамағандығын атап өткен. Васихтер – қазылар тарапынан жергілікті халықтың ішіндегі мәмілелерге қатысты жасалған құжаттар. Кейбіреулері оларды нотариаттық тәртіппен жасалған актілер деп таныса, басқалары – үй-ішілік актілер деді, ал өзгелері оларға тіптен мән де бермеді. Сауатсыз адамдар қолданған «бирка-таяқшылар» да сондай мағынаға ие болды. Бұл биркалардың бір ұшында ақшаны қарызға беру туралы сызбалар, жартылай сызбалар, келесі бөлігінде қарызды өтеу немесе шартты орындау сызбалары белгіленген. Алайда, мұндай таяқшалардың жалпы және бітімгершілік соттар үшін ешбір мәні болған жоқ, оларды тек болыстық соттар ғана мойындады.Октябрь төңкерісінің (1917 ж.) алғашқы кезеңінде уездерде бітімгер судъяларға нотариаттық қызмет көрсету уәкілеттігі берілді. Нотариаттық әрекеттерді жүзеге асыру бойынша олардың қызметтері барлық уездік қалалар мен ауылдарға таралды, ал нотариустар болмаған жағдайда аға нотариус міндеттерін соттың бір мүшесі атқарды.XIX ғасырдың 60 – шы жылдарынан басталған патшалық Ресейдегі нотариаттық қызметтерге байланысты реформалар ұлттық, географиялық және өзге ерекшеліктеріне орай бір мезгілде аяқталмады. Олар мемлекеттік қазынадан белгілі бір қаржылық шығындарды, әдеттегі жағдайдан ерекше, жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайын білікті заңгерлерді қажет етті. Осының барлығы патша әкімшілігі тарапынан болашаққа бағытталған ұзақ және мақсатты жұмыс істеуді талап етті. Самодержавиенің құлауы және одан кейін болған Октябрь төңкерісі нотариаттың одан арғы даму жолын айқындап берді. Кеңестік, мемлекеттік нотариатта буржуазиялық принциптер мен идеялар басымдығына жол берілмеді. Ал азаматтық айналым, жаңа меншік қатынастары нотариатсыз қызмет ете алмады, сондықтан большевиктік билік орталыққа және жергілікті жерлерде нотариаттық қызметтерді ұйымдастыруға мәжбүр болды. Отандық нотариат тарихына қатысты еңбегінде К.Исламова келесі тарихи хронологияны келтіреді.1921 жылы «Нотариат туралы» Ережені енгізу Декреті мен нотариаттық столдарды тарату туралы Декрет қабылданды, бірақ, 1923 жылы «Мемлекеттік нотариат туралы» Ереже енгізілді де «Нотариаттық кеңселерді тарату туралы» Декрет алынып тасталды. Ұзақ уақыт
Біздің еліміздегі құқық қорғау органдарының арасында нотариаттың азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі, шарттар мен мәмілелерді куәландыру жолымен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы, мұрагерлік құқықтарды рәсімдеудегі, атқару жазбаларын жүзеге асыру және басқа да нотариалдық әрекеттер жүргізудегі рөлі зор.
Осы заңға сәйкес нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға құқықтары бар тұлғаларды анықтайық:
мемлекеттік нотариат кеңселерінде істейтін нотариустар және жекеше нотариустер
жергілікті атқарушы органдардың нотариаттың іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті лауазымды адамдары;
ҚР-ның атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
ҚР-ның бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес ҚР-да жасалған ресми құжаттарға апостиль қоюға ҚР-ның Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар;
Осы Заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар
Заң дегеніміз – ҚР – ның Парламенті қабылдаған Президентіміз бекіткен, нормативтік – актілерді айтамыз.
Ал, нотариаттық қызмет саласында болса, онда нотариат туралы заңдар мына заңдардан тұрады:
Азаматтық кодекс нормаларынан
ҚР-ғы нотариат қызмет туралы Заң 14.07.97 ж.
ҚР-ның нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан.
Отандық нотариат тарихына қатысты еңбегінде К.Исламова келесі тарихи хронологияны келтіреді.
1921 жылы «Нотариат туралы» Ережені енгізу Декреті мен нотариаттық столдарды тарату туралы Декрет қабылданды, бірақ, 1923 жылы «Мемлекеттік нотариат туралы» Ереже енгізілді де «Нотариаттық кеңселерді тарату туралы» Декрет алынып тасталды. Ұзақ уақыт бойы бұл Ереженің осы баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жүрді.1936 жылдың 10 маусым күні РСФСР БОАК және ХКК5 «Нотариаттық органдарды қайта құру туралы» қаулысымен қалалық және кеңестік, сондай-ақ аудандық атқару комитеттерінің қарауынан нотариаттық қызметтер алынып, олар нотариаттық кеңселерге топтастырылды. Барлық аудандық, қалалық орталықтарда нотариустар басқаратын мемлекеттік нотариаттық кеңселер ұйымдастырылды. «КСРО, одақтас және автономды республикалардағы соттық құрылымдар туралы» Заң жарық көргенге дейін, яғни нотариаттық органдар жоқ жерлерде, ол қызметтер халықтық соттарға жүктелді.Қазақ КСР Кеңестік Халық Комиссарлар Комитетінің 1940 жылғы 20 сәуірдегі «Нотариаттық кеңселер жүйесін бекіту туралы» қаулысымен 1940 жылға 120 қалалық және аудандық нотариаттық кеңселер тізімі нормативтік негізде анықталды.1974 жылы 13 тамызда Қазақ КСР-нің «Мемлекеттік нотариат туралы» Заңы қабылданды. Ол барынша орталықтандырылған деңгейдегі алғашқы нормативтік акт еді, себебі бірыңғай одақтас мемлекет құрамында болған республиканың заңы болатын.Оның қолданыстағы мерзімінде Қазақстанның барлық аймақтарында осы аяны маман заңгерлермен қамтамасыз ету ісі тәртіпке келтірілді, нотариаттық тәжірибе және оны қалыптастыруға мемлекеттік бақылау жүргізілді. Нотариаттық органдарға қатысты ұйымдастыру және басқару қызметтері Әділет министрлігі мен оның жергілікті органдарына заңды негізде бекітілді.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Нотариат туралы» Заңы 1997 жылғы 14 шілдеде қабылданды.Оның қабылдану кезеңіндегі нарықтық қатынастардың үдемелі түрде дамуы және көптеген қоғамдық прцестердің өзгеруі сол уақыттағы ескі үлгідегі азаматтық заңнама мен өзге де нормативтік актілер мүлдем жаңа қоғамдық қатынастарды ретке келтіре алмады. Бұл уақытта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі) қолданысқа енгендіктен, нотариаттық заңнаманы жаңарту аса маңызды қажеттілікке айналды.Қолданыстағы «Нотариат туралы» Заң қабылданғанға дейін отандық нотариустар ҚазКСР заңнамасы мен КСРО азаматтық заңнамасы негізінде жаңа, нарықтық мазмұндағы құжаттарды рәсімдей бастады. Мүліктік қатынастарға коммерциялық құрылымдар қатынасып, бұл қатынастар кеңестік үлгідегі құқыққа белгісіз жаңа сипаттарға ие болды. Өзгерістер нотариаттық қызмет көрсету төлемдеріне де тиесілі болды, Әділет министрлігі тарапынан мемлекеттік нотариаттық кеңселерде шаруашылық есеп қатынастарын жүргізуге рұқсат берілді, ал аймақтардағы басқармалар жүргізуге рұқсат берілді, ал аймақтардағы басқармалар (бұрынғы әділет бөлімдері) мемлекеттік нотариаттық кеңселердің шаруашылық есеп операцияларына бухгалтерлік есеп жүргізді.Қазақстан Республикасындағы нотариат құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың іс жүзінде бекітілген жүйесі.Даусыз мәмілелерді куәландыру, құжаттарды куәландыру және азаматтық құқықтарды заңды түрде бекітетін өзге де нотариаттық әрекеттерді жасау нотариат міндеттеріне кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |