Қылмыс деп танылады. Қылмыстық теріс қылық



бет17/29
Дата07.02.2022
өлшемі71,63 Kb.
#84217
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
ҚҚ 3,4,5 Қылмыс Құрамы

Есi дұрыстық дегенiмiз - қоғамға қауiптi iс-əрекет жасаған кезде өз əрекетiнiң немесе əрекетсiздiгiнiң iс жүзiндегi сипатын, қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алатын, оны басқара алатын қабiлет. Есi дұрыстық ұғымы кiнə түсiнiгiмен тығыз байланысты, себебi тек есi дұрыс адам ғана кiнəлi деп танылады. Адамның қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау кездегi психикалық жағдайын сипаттайтын есi дұрыстық сот-психиатриялық сараптама комиссияның қорытындысымен анықталады. Алайда, адамды есi дұрыс немесе есi дұрыс емес деп тану туралы шешiмдi шығару соттың құзыретiнде. Адамды есi дұрыс деп танудың салдары болып адамға жасаған қылмысы үшiн жауап беру мiндетiн жүктеп, оны жауаптылық пен жазаға тарту табылады.
Есi дұрыстық туралы сөз қозғағанда, қылмыстық заңда толық жəне шектелген есi дұрыстық мəселелерi қарастырылған. ҚР Қылмыстық Кодексiне алғаш рет есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы туралы бап енгiзiлдi. ҚК-ң 17-бабының 1-бөлiгiне сəйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта психикасының бұзылуы салдарынан өзiнiң әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн толық көлемде ұғына алмаған не оларға ие бола алмаған есi дұрыс адам қылмыстық жауаптылыққа жатады. Мұнда есi дұрыстықтың бiр түрi - шектеулi есi дұрыстық.
Шектеулi есi дұрыстық кезiндегi психиканың бұзылуы дегенiмiз қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған уақытта психикасының бұзылуы салдарынан өзiнiң әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн толық көлемде ұғына алмаған не оларға ие бола алмаған есi дұрыс адам қылмыстық жауаптылыққа жатады жасаған адамның өз iс-əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғыну немесе есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын осындай психикалық аурудан iс-əрекетiне ие болу қабiлетiнiң елеулi азаюы. Есiнiң дұрыстығы шектеулi адам психикасының ауытқуынан күйзелiсте болады, бiрақ бiршама төмен болса да өз iс-əрекетiне есеп беру жəне оны басқару қабiлетiн сақтайды. Шектеулi есi дұрыстық кезiнде адамның психикалық жағдайы есi дұрыстық пен есi дұрыс еместiк жағдайларының аралығында болады. ҚК 17-бабының 2-бөлiгiне сəйкес, есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезiнде жеңiлдететін мән-жай ретiнде есепке алады және ол осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшiн негiз бола алады.
Өз əрекетiнiң маңызын ұғынуға немесе сол қылмыстық заңда көзделген əрекеттi жасау кезiнде оған басшылық жасауға қабiлетi жоқ адам психикасының қалыпты еместiгiне байланысты есi дұрыс емес деп танылады, мұндай адамдар қылмыс субъектiсi бола алмайды. Өйткенi, бұлардың əрекетiнде қылмыстық жауаптылықтың алғышарты болып табылатын кiнə жоқ.
Есi дұрыс еместiктiң ұғымы мен оның белгiлерi ҚК-ң 16- бабында былай деп жазылған ″Қылмыстық Кодексте көзделген қоғамға қауiптi іс-әрекеттi жасаған уақытта есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, ақыл-есінің кемдігі немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оларға ие бола алмаған адам қылмыстық жауаптылыққа жатпайды ″.
Есi дұрыс еместiктiң ұғымын ашу кезiнде қылмыстық құқық ғылымы екi критерийлердi пайдаланады: заңдық немесе психологиялық жəне медициналық немесе биологиялық.
Адамды есi дұрыс емес деп тану үшiн медициналық жəне заңдық критерийлердiң жиынтығы қажет. Тек олардың бiреуiнiң болуы адамды есi дұрыс емес деп тануға негiз бола алмайды.
Есi дұрыс еместiктiң медициналық критерийi, ҚК-ң 16- бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлген психикалық қызметтiң дерттi бұзылуының төртеуiнiң бiреуi болуын талап етедi. Олар:

  1. созылмалы психикалық ауру;

  2. психиканың уақытша бұзылуы;

  3. ақыл-есінің кемдігі;

  4. психикасының өзге де дертке ұшырауы;

Созылмалы психикалық ауру бұл жазылуы қиын психиканың бұзылуы ұзақ уақытқа созылатын жан ауруы. Кейде бұл ауруда психиканың бұзылуы бiртiндеп үдеуi немесе төмендеуi мүмкiн, бұл аурудың кейiн тұрақты психикалық дефект (ақау) қалдыру қабiлетi де бар. Мұндай психикалық ауруларға: шизофрения, эпилепсия , ми мүшесi (параноя) жəне т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет