Қылмыс деп танылады. Қылмыстық теріс қылық



бет1/29
Дата07.02.2022
өлшемі71,63 Kb.
#84217
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
ҚҚ 3,4,5 Қылмыс Құрамы
маршр.парақ, маршр.парақ, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, ҚҚ 7 Қ.Құқықбұз. көптігі, 1- күнгі праткикалық тапсырмасы 1

Осы Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.
Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, жеке адамға, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке болмашы зиян келтірген не зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.
Қылмысты Саралау - адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері тек Ерекше бөлімінің диспозицияларында да баяндалған. ҚК Жалпы бөлімінің тиісті баптарында әр түрлі қылмыс құрамының белгілерінің басым көпшілігі баяндалған. Барлық қылмыстар үшін немесе қылмыстардың жекелеген топтары үшін ортақ белгілер, ҚК Жалпы бөлімінің тиісті баптарында аталады (кінә түрі, қылмыстық жауаптылықтың қай жастан басталғандығы , қылмыстық әрекеттің аяқталмай қалуы т.б) Мысалы, кісі өлтіргені үшін жауаптылық көзделген 99-баптың диспозициясында адамның кісі өлтіргені үшін қанша жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы көрсетілмеген. Бұл ақпарат ҚК-тің Жалпы бөлімінің 15-бабында бекітілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет