Обьективтік жақтың қосымша белгілері және олардың мәні. Факультативті белгілері:қылмыс жасалған жері, уақыты, қылмыс жасау тәсілі, қаруы және құралы. Қылмыс жасалған орны - бұл қылмыс жасалған территория. Мысалы, 288 б 1 б тиым салынған жерде заңсыз аң аулау, ал 287 б 1 б тиым салынған жерлерде су жануарларын және өсімдіктерін алу.
Қылмыс жасалған уақыт - бұл қылмыс жасалған белгiлi бiр жыл, ай, тəулiк, сағатпен есептелетiн уақыт аралығы. Мысалы, 367 б 3 б әскери уақытта бұйрықты орындамау немесе бағынбау.
Қылмыс жасау құралы және қаруы- бұл қылмыс жасау заттар, яғни құралдары. Қылмыскердің қолданған құралдары қоғамға қауіптілік деңгейіне әсер етеді. Қылмыс құралы қылмыстың қоғамға қауіптілігін үлкейтсе ол заңшығарушымен қылмыстың құрамының объективтік жағына кіргізіледі. Мысалы, қарақшылық кезінде қару қолдану қоғамға қауіптілігін арттырады сол себепті қару қолдану арқылы жасалған қарақшылықты заңшығарушымен ҚК 179 б 2 б 2 тармағымен жіктеледі.
Қылмыс жасау тәсілі деп қылмыскер қылмыс жасау үшін қолданған әдістері. Қылмыс жасау тәсілі әрекеттік қоғамға қауіптілігіне әсер етеді. Қоғамға қауіптілік деңгейін үлкейткен жағдайда қылмыс жасау тәсілі заңшығарушы ойы қылмыс құрамының белгілеріне енгізіледі. Мысалы, жала жабу жариялы түрде жасалса немесе теледидар арқылыбұл үшін заңмен жауапкершілік белгіленген. (ҚК 129 б 2 б)ҚР ҚК Ерекше бөлімінің баптарын қылмыстың жасау тәсілін бейнеленуіне байланысты келесідей құрады:
диспозицияда қылмысты жасаудың жалғыз тәсілі көрсетіледі.
диспозицияда қылмысты жасаудың нақты тізімін көрсетеді.
диспозицияда қылмысты жасаудың нақты тізімін көрсетеді. Бұл жағдайда қылмыс көрсетілген басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін.
диспозицияда қылмысты жасаудың әр түрлі тәсілдерімен жасалу мүмкіндігін көрсетеді.
Егер қылмысты жасау жері, уақыты, құралы, тәсілі қылмыстың объективтік жағының белгілері болмаса да олар жаза тағайындау барысында жеңілдетін немесе ауырлататын мән-жайлар болуы мүмкін немесе қылмыстық іс бойынша дәлелдеме мағынасын ойнауы мүмкін.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтiк жағына қылмыстық құқық бұзушылықтардың сыртқы көрiнiсiн сипаттайтын мына белгiлер жатады: - белгiлi бiр объектiге қол сұғатын əрекет немесе əрекетсiздiк,
- қоғамға қауiптi зардаптар;
- əрекет немесе əрекетсiздiк пен зардап арасындағы себептi байланыс;
- қылмыстың жасалу тəсiлi, уақыты, орны, жағдайы жəне қаруы мен құралы;