Жұмыс үстелінің мөлшері бойынша суреттің мөлшерін (Paintбатырмасы→Қасиеттер) белгілеңдер. Жұмыс үстелінің мөлшерін былай білуге болады: Бастау→Басқарутақтасы→Экранныңшешімділігінбаптау. Шешімділік нүктемен көрсетіледі, яғни, суреттің мөлшерін де нүктемен көрсетіңдер.
Парақты көкшіл түспен бояңдар. Түстің атын оған тышқанның сілтемесін апарып білуге болады.
Қылқаламның түрін таңдап, жауған қардың суретін салыңдар.
Қисық сызықты ( Контуры – Біртұтас түс ) және Түспен ішін бояу құралын пайдаланып, суреттің төменгі шекарасына күртік қардың суретін салыңдар. Контур үзіліссіз болу керек, әйтпесе бояу суретке жойылып кетеді.
Файлды өз бумаларыңда «Түн» деген атаумен сақтаңдар.