Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет12/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

АУЫЗ БЕЗДЕРІ
Ауыз бездері, glandulae oris, сілекей өндіреді. Үлкен және кіші сілекей бездері ажыратылады. Үлкен сілекей бездері ауыз қуысынан тыс орналасады.
Кіші сілекей бездері, glandulae salivariae minores, ауыз қуысының шырышты қабығы мен шырышасты негізінде орналасады. Олар орналасқан аймақтарына сәйкес: ұрт бездері, glandulae buccales, ерін бездері, glandulae labiales, таңдай бездері, glandulae palatinae, тіл бездері, glandulae linguales, үлкен азулық бездер, glandulae molares, деп аталады. Кіші сілекей бездері ,бөліп шығаратын сөлінің ерекшеліктеріне байланысты: сірлі,шырышты және аралас бездерге бөлінеді.
Үлкен сілекей бездеріне, glandula salivaris majores, шықшыт, төменгі жақсүйекасты, тіласты бездері жатады ( 220 – сурет ).


220 – сурет. Үлкен сілекей бездері..
1 – шықшыт безі; 2 – шықшыт безінің түтігі; 3 – шайнау бұлшықеті; 4 – төменгі жақсүйекасты безі; 5 – төменгі жақсүйекасты түтігі; 6 – жақсүйек - тіласты бұлшықеті; 7 –төменгі жақсүйек; 8 – тіласты безі; 9 – тіл; 10 – ұрт бұлшықеті.

Шықшыт безі, glandula parotidea, ең ірі сілекей безі, сірлі сөл бөліп шығаратын күрделі көпіршікті (алвеолалық) без. Ол тері астында, төменгі жақсүйек тармағының сыртқы бетінде орналасқан. Без жоғарғы жағында бетсүйектік доғаға дейін жетеді. Оның терең бөлігі төменгі жақсүйек артындағы шұңқырда, fossa retromandibularis, орналасып, бізтәрізді өсіндіге, біз-тіласты, біз-тіл бұлшықеттеріне жанасып жатады. Бездің шандыры,fascia parotidea, өсінділері арқылы безді үлесшелерге бөліп тұрады. Без арқылы бет және құлақ - самай нервтері, сыртқы ұйқы артериясы, төменгі жақсүйекартындағы вена өтеді. Шықшыт безінің түтігі, ductus parotideus, бездің алдыңғы жиегінен шығып, ұрт бұлшықетін тесіп өтеді де, ауыз кіреберісіне, екінші жоғарғы үлкен азу тістің деңгейінде ашылады. Кейде шайнау бұлшықетінің бетінде қосалқы шықшыт безі, glandula parotidea accessoria, орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет