Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет10/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

219 – сурет. Тіл бұлшықеттері, оң көрінісі.
1 – тіл арқашығы; 2 – тіл ұшы; 3 – төменгі жақсүйек; 4 –иек-тіл бұлшықеті; 5 – иек- тіласты бұлшықеті; 6 – төменгі бойлық бұлшықет; 7 – тіласты - тіл бұлшықеті; 8 – тіласты сүйегі; 9 – жұтқыншақтың ортаңғы қысатын бұлшықеті; 10 – біз - жұтқыншақ бұлшықеті; 11 – біз - тіл бұлшықеті.

2. Біз - тіл бұлшықеті, styloglossus, самай сүйектің бізтәрізді өсіндісінен және біз – төменгі жақсүйек байламынан басталып, тілдің бүйір жағына енеді. Қызметі: тілді артқа және жоғары тартады.


3. Иек-тіл бұлшықеті, m.geniglossus, төменгі жақсүйектің иектік қылқанынан басталып, тілдің ортаңғы бөлігіне барады. Қызметі: тілді төмен және алға тартады.
Тілдің меншікті бұлшықеттері:
1. Тілдің көлденең бұлшықеті, m.transversus linguae, тіл қалқасынан басталып, тілдің бүйір жақтарында аяқталады. Қызметі: тілдің көлденең өлшемін азайтып, арқашығын көтереді, бұл кезде тіл ұзарады.
2. Тілдің вертикалды бұлшықеті , m.verticalis linguae, тілдің бүйір жағында, оның арқашығы мен төменгі бетінің аралығында орналасады. Қызметі: тілді жалпайтады.
3. Жоғарғы бойлық бұлшықет, m.longitudinalis superior, тілдің жоғарғы бөлігінде орналасқан, тілдің түбірінен басталып, ұшына бекиді. Қызметі: тілді қысқартады және оның ұшын көтереді.
4. Төменгі бойлық бұлшықет, m.longitudinalis interior, тілдің төменгі бөлігінде орналасқан, тілдің түбірінен басталып, ұшына бекиді. Қызметі: тілді қысқартады және оның ұшын төмен түсіреді.
Тілдің тамырлары мен нервтері. Тілді тіл артериясы қанмен қамтамасыз етеді.Тіл венасы ішкі мойындырық венаға құяды. Лимфа тамырлары: иекастылық, төменгі жақсүйекастылық және мойынның терең латералды лимфа түйіндеріне құйылады.
Қозғалтқыш нервтенуі: тілдің бұлшықеттерін ХІІ-жұп бассүйек нерві - тіласты нерві нервтендіреді. Сезімтал (ауырсыну, температура және жанасуды сезу) нервтенуі: тілдің алдыңғы үштен екі бөлігін V- жұп нервтің үшінші тармағынан кететін тіл нерві нервтендіреді. Тілдің артқы үштен бір бөлігін тіл – жұтқыншақ нерві, тіл түбірінің көмей қақпашығына жақын бөлігін кезбе нервтен кететін - көмейлік жоғарғы нерв нервтендіреді. Тілдің алдыңғы үштен екі бөлігінен дәм сезімталдығын тіл нервісіне келіп қосылатын, дабыл ішегі, chorda tympani, (бет нервісінің тармағы) өткізеді. Тілдің артқы үштен бір бөлігінен дәм сезімталдығын тіл – жұтқыншақ нерві өткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет