Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет18/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

АСҚАЗАН
Асқазан,ventriculus, өңеш пен он екі елі ішектің аралығында орналасқан ас қорыту жүйесінің қаптәрізді кеңейген бөлігі. Асқазанның жүректік (кардиалық) бөлігі, pars cardiaca, түбі ( күмбезі ), fundus( fornix) ventriculi, денесі, corpus ventriculi, және қақпалық бөлігі, pars pуlorica, болады ( 227 – сурет ).


227 – сурет. Асқазан, алдыңғы көрінісі.
1 – асқазанның жүректік (кардиалық) бөлігі; 2 – түбі ( күмбезі ); 3 – денесі; 4 – асқазанның үлкен иіні; 5 – асқазанның қақпалық бөлігі; 6 – он екі елі ішектің төмендеген бөлігі; 7 – он екі елі ішектің жоғарғы бөлігі; 8 – асқазанның кіші иіні; 9 – өңеш.

Сонымен қатар,оның алдыңғы қабырғасы, paries anterior, және артқы қабырғасы, paries posterior, үлкен иіні, curvatura ventriculi major, және кіші иіні, curvatura ventriculi minor, ажыратылады. Өңеш асқазанға жүректік тесік, ostium cardiacum, арқылы ашылады. Асқазанның осы тесікті қоршап жатқан аймағы жүректік (кардиалық) бөлігі деп, аталады. Осы бөліктің сол жағында, асқазанның жоғары қарай дөңестеніп шығып тұрған түбі (күмбезі), орналасады. Асқазанның кіші иінінде бұрыштық тілік, incisura angularis, ажыратылады. Асқазанның ортаңғы бөлігі - денесі, деп аталады. Асқазан денесінің астыңда және оңға қарай қақпалық бөлігі жатады.Бұл бөліктің жоғарғы жағы - қақпалық үңгір, antrum pyloricum, және төменгі он екі елі ішекке жалғасатын жіңішке бөлігі - қақпалық өзек, canalis pyloricum, деп аталады. Асқазан мен он екі елі ішектің шекарасы қақпа, pylorus, сыртқы жағынан жіңішке жүлге түрінде білініп тұрады. Бұл жер қақпаны қысатын бұлшықетке, m. sphincter pylori, және қақпа тесігіне, ostium pyloricum, сәйкес келеді.


Асқазанның көп бөлігі іш қуысының жоғарғы сол жақ бөлігінде - сол қабырғаастылық аймақта, regio hypochondriaca sinistra, аз бөлігі іш қуысының жоғарғы - құрсақүстілік аймағында, regio epigastrica, орналасады. Асқазанның алдыңғы беті сол жағында - көкетпен, оң жағында - бауырдың сол үлесімен, ортасындағы кішкене бөлігі - тікелей іш қуысының алдыңғы қабырғасымен жанасады ( 228 – сурет ).


228 – сурет. Асқазанның алдыңғы бетінің көрші ағзалармен жанасу бөліктері.
1 – адам денесінің ортаңғы сызығы; 2 – бауырмен жанасатын бөлігі; 3 – көкетпен жанасатын бөлігі; 4 – іштің алдыңғы қабырғасымен жанасатын бөлігі.

Асқазанның жүректік (кардиалық) тесігі Х- ХІ кеуде омыртқаларының сол жағында, ал қақпа тесігі ХІІ-кеуде немесе І - бел омыртқалары денесінің оң жағында орналасады. Асқазанның артында ұйқы безі, сол бүйрек және бүйрекүсті безі, көкбауыр, төменгі жағында көлденең жиек ішек жатады.


Асқазанды ұстап тұратын байламдар: кіші иініне бауыр-асқазан байламы, lig.hepatogastricum, бекісе, үлкен иінінен асқазан-көкбауыр, lig.gastrolienale, және асқазан-жиек ішек байламдары, lig. gastrocolicum, кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет