125
ИМАНИ ГҮЛ
бар беруіне ат үсті қарап, оны адам баласының жазған ту-
ындысы деу қисынға қайшы. Бұл жерде оның барлығын
қамтып жазу мүмкін болмағандықтан, мысал ретінде бір-
екеуін ғана беріп отырмыз.
• Салих, Лұт, Мұса
сияқты пайғамбарлар мен
қауымдарының ежелгі дәуірде ғұмыр кешкен мекендері
мен өмір сүру ахуалдарын Құран баяндағандай енді ғана
зерттеп тапқан қазіргі археология ғылымы Құранға ерік-
сіз таң қалуда.
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде румдықтар
мен сасанидтер үнемі
бір-бірімен шайқаста бола-
тын. Румдықтар сасанидтерден соңғы соғыста қайта
бас көтерместей ойсыра жеңіліске ұшырайды. Осы
жеңілістен кейін румдықтардың бірнеше жылдың ішінде
жеңіс тұғырына қайта көтерілетіндігіне ешбір кемеңгер,
данышпанның болжам жасауы мүмкін емес еді. Міне,
осындай ешбір болжамның ұшы да көрінбеген кезеңде
Құран Кәрім румдықтардың
осы жеңілістерінен кейін
сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңетіндігін
дөп басып айтып салады:
Достарыңызбен бөлісу: