Жылқаш – бейіт. Сырдарияөзенінің аңғарында, Тұран ойпатының шығыс бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Иіркөл – ауыл, өзімен аттас ауылдық округтің орталығы. Жосалы кентінен оңтүстікке қарай 17 км жерде орналасқан. Іргесі 1950 жылы «Молотов» атындағы мал және егін шаруашылығымен айналысатын ұжымшар болып құрылған. 1988 жылға дейін Байқоңыр полигонына бағынышты «Октябрь» әскери кеңшары болып келді. Ауыл 1973-96 жылдары қой өсіруге маманданған өзімен аттас кеңшардың орталығы боған.
Калинин – ауыл. Жосалы кентінен батысқа қарай 10 км жерде, Сырдарияның оң жағасында. Бұрынғы атауы – Кеңтоғай ауылы. Кеңес өкіметінің қоғам қайраткері М.И.Калининнің фамилиясынан қойылған атау.