Қызылорда облыстық ОҚу орталығЫ (Әдістемелік кабинет)



Pdf көрінісі
бет34/150
Дата29.05.2022
өлшемі9,12 Mb.
#145391
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   150
Байланысты:
1614757458 11 -emtihan-tapsyrmalarynyn-zhinagy -9-synyp -1-tom

 
3-тапсырма
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап
беруге тырысыңыз. 
1.Қандай қасиетіне қарап киіз үйді көшпелі мәдениет үлгісіне жатқызуға болады? 
_________________________________________________________________________ 
2.Неге шаңырақ бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы? Кем дегенде
2 әсерін көрсетіңіз. 
________________________________________________________________________ 
3. Киіз үй неліктен бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоймай келе жатыр?
2 дәлелді жазыңыз. 
________________________________________________________________________ 


32 
Қазақ тілі мен әдебиеті
9-сынып емтихан тапсырмалары
Жалпы білім беретін мектептерге. ІІІ нұсқа 
1-тапсырма. 
Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері 
Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі болып саналады. Бұл мереке
Орта 
Азия 
халықтарында 
мыңдаған 
жылдар 
бойы 
тойланып 
келеді.
Ал 
2010 
жылдың 10 мамырынан 
бастап 
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас 
Ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып 
белгіленді. Бас Ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі 
ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта 
Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлайтындығын» 
мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мерекесін мәдени 
мұра тізіміне кіргізді.
«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. 
Парсының «нау» сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшыраса да, мағынасы көп халықтың тілінде 
сақталған. Шығыс жыл санағы бойынша, бұл мереке ирандықтардың жаңа жылы —
Наврузға жақын. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар тойлайды. Тәжік халқы бұл 
мерекені «Бәйшешек» не «Гүлнавруз», татарлар «Нардуган», бирмалық- 
тар «Су мерекесі», хорезмдіктер «Наусарджи», буряттар «Сагаан сара», армяндар 
«Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп атаған. Қазақтардың Наурызды тойлау 
тарихын ұлы ақын Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында 
көшпелі халықтардың тарихымен ұштастырады. Бұл Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям 
тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектерінде де кездеседі. Шығыс 
халықтарының Наурыз мерекесін қалай тойлағаны туралы деректер көп. Парсы тілдес 
халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-
дәстүр, ырымдар жасаған: әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған. Жаңа өнген жеті 
дәнге қарап болашақты болжаған. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» 
ұсынған. Көне киімдерін тастаған. Бір-біріне гүл сыйлаған. Үйлерінің қабырғасына 
дөңгелек ою – «күн символын» салған. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген. Бұл 
күні кәрі-жас қуанады.Адамдар бір-біріне жақсы тілектерді айтады, татуласады. 
Наурыздың дәстүрлі тағамы «Наурыз көже» туралы деректер өте көп. Ол жеті түрлі 
азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның 
мағынасы терең. Өзбекстанда «Сумалақ» — наурыз көжеге ұқсас дәстүрлі тағам. 
Қазақстанда Наурыз мерекесі 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, халық болып
тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.Ал 1991 жылы 15 наурызда Қазақстан Президенті 
Жарлығының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. 2009 жылдың 24 сәуірінде 
Елбасы наурыз айының 21, 22, 23 күндерін «Наурыз мерекесі» деп жариялады.
Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мерекесі. Сан ғасырлық 
парасат пен еңбектің нәтижесінде қалыптасқан Наурыз мерекесі халықтың жарқын 
болашағының кепілі болып қала береді. 
(346 сөз)
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз. 
Ежелгі - ____________________________________________________________ 
Мерекелейді – _______________________________________________________ 
Елдер – _____________________________________________________________ 
Мәлімет – __________________________________________________________ 
Сайыс – ___________________________________________________________ 


33 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет