Ж кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной ұмыс Бағдарламасы



бет22/33
Дата14.10.2022
өлшемі1,2 Mb.
#153058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Құралдар мен материалдар:



  1. Таразы

  2. Қалақша (шпатель) немесе ланцет

  3. Сұрыптау тақтасы

  4. Талдау карточкасы

  5. Орташа тұқым үлгісі

  6. Зертханалық күрекше (совок)

  7. Қоқыс салатын ыдыс.



N4 – 5 зертханалық жұмыстар


ТҰҚЫМ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫ МЕН 1000 ДӘННІҢ САЛМАҒЫН АНЫҚТАУ



  1. 1000 дәннің салмағын анықтау.

Ұсақ дәнді тұқымдарға қарағанда ірі дәнді тұқымдарда қоректік заттар көбірек болады, сондықтан тұқымдардың 1000 данасының салмағы шаруашылықта ең қажетті тұқым сапасының бірі болып табылады. Ірі дәнді тұқымдардың өсіп-дамуы зор болады. 1000 дәннің салмағы тұқымның географиялық шыққан жеріне байланысты, ал іс жүзінде көшеттіктерде тұқым сепкенде себу мөлшерінің есебінде ескеріледі.Сондай ақ бір тұқым түрінің 1000 дәнәнәң салмағы климаттық жағдайларға, топырақ құнарлығына,орманның жасына, т.б. факторларға байланысты өзгеріп тұрады.
1000 дәннің салмағы тұқымдардың ылғалдылығымен өте тығыз байланысты болады. Тұқым ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, оның салмағы да жоғары болады. Сондықтан тұқым партиясын тек қана 1000 данасының салмағымен бағалауға болмайды.Ол үшін міндетті түрде тұқым ылғалдылығы ескерілуі қажет.Ыңғайлы болу үшін 1000 дана тұқымның салмағын олардағы құрғақ зат қатынасы есптеледі. Бұл салмақты абсолюттік салмақ деп атаймыз, оны мына формуламен есептейміз:
(100 - в) х а
К=------------------
100
Бұл жерде: К – 1000 дәннің абсолюттік салмағы, г;
в - тұқым ылғалдылығы, %;
а - 1000 дәннің ауақұрғақтығындағы салмағы, г.


1000 дәннің салмағы төмендегідей анықталады:
1. Таза тұқымды сұрыптау-құрама тақтасына төгіп, әбден араластырамыз;
2. Тұқымдардың ірілігіне, түсіне қарамастан, таңдамай 2 рет 500 дәннен жеке-жеке санап аламыз;
3. 500 дәннен сынама тұқымның әрқайсысын тарзыда өлшеп, нәтижелерін талдау карточкасына жазамыз; екі рет өлшегеніміздің қосындысы 1000 дәннің салмағын көрсетеді.
Тұқымның 1000 данасының өлшеу дәлдігі олардың салмағына байланысты.Егер 1000 дәннің салмағы 50 граммнан аспаса, өлшеу дәлдігі 0,01 г; оның салмағы 51 граммнан 150 грамм аралығында болса - өлшеу дәлдігі 0,1 г; ал 1000 дәннің салмағы 150 граммнан көп болса - өлшеу дәлдігі 1,0 г.1000 дәннің салмағы 150 граммнан асып кетсе, өлшеуге 250 дана тұқымнан 2 рет алынып, олардың қортындысы екіге көбейтіледі.
Егер әр бір тұқым өлшеу салмақтарының айырмашылығы 5 проценттен асып кетсе, үшінші сынама алынып, өлшенеді.Содан бір-бірінен айырмашылығы аз екі өлшеу бойынша 1000 дәннің салмағы есептеледі. Қорытындылары талдау қағазына жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет