Тұқымдарды өсіру кезінде төменгі шарттарды орындаған жөн:
1.Күн сайын 6 сағат бойы төсеніш температурасын біртіндеп 20 градустан 30 градусқа жеткізу керек. Ол үшін аппараттардағы судың температурасын 24 градустан 36 градусқа жылытамыз.Тәуліктің қалған уақытында төсеніш температурасы 20 градус деңгейінде болуы керек.
2.Төсеніш ылғалдылығы бір деңгейде болуы қажет, өте кеуіп кетпей не тым суланып кетпей.
3.Тұқымдар мен төсеніштерде көгерген өңез пайда бола бастаса, оларды таза алынады:
а) әр күн сайын - өсіру мерзімі 5 күнге дейінгі тұқымдарға (бұтақты қарағаш,тал,терек,сексеуіл);
б) өсіру мерзімі 7 ағын сумен әбден жуамыз, кейде фильтрлі қағаздар мен мата төсеніштерін жаңалап, ауыстырамыз.
4.Тұқым өсірілетін бөлме температурасы 15 градустан төмен болмауы керек.
Тұқымдарды төсенішке орналастырғаннан кейінгі, келесі күн тұқымның өсіп-өнуінің бастапқы күні деп есептелінеді.
Тұқымдарды өсіру кезіндегі бақылаулар әр жүздік бойынша жеке есепке алынады:
а) әр күн сайын - өсіру мерзімі 5 күнге дейінгі тұқымдарға (бұтақты қарағаш, тал, терек, сексеуіл );
б) өсіру мерзімі 7 күн тұқымдарына – 2,3,5,7 күндері (кәдімгі гледичия,ақ қараған,т.б.);
в) 3,5,7,10 және 15 күндері (кәдімгі қарағай, кәдімгі шырша, қотыр қайың, т.б.);
г) 5,7,10, ал ары қарай әр 5 күнде - өсіру мерзімі 20-25 күн тұқымдарына (емен,каштан,жаңғақ,тұт,т.б.);
д) 7,10 – күндері, ары қарай әр 5 күн сайын - өсіру мерзімі 30-40 күн тұқымдарына (үшқат,шырғанақ, т.б.).
Жақсы өскен тұқымдар санына тамыршаларының ұзындығы тұқымның ұзындығынан кем еместерін жатқызамыз.Ал тұқымдары өте ірі түрлердің (емен,пісте,т.б.) тамыршаларының ұзындығы тұқым ұзындығының жартысынан кем болмағандарын есепке аламыз.
Бақылау күндерінде жақсы дамыған тұқымдарды және шіріп кеткендерін әр жүздік бойынша талдау карточкасына есепке алып,төсеніштен алып тастаймыз.
Бұдан кейін төсеніштерде қалған тұқымдарды санап, олардың сандарын да талдау қағазына жазамыз; бөлшектің алымына өскен тұқымдар санын, ал бөліміне - өспегендерін көрсетеміз.
Ең соңғы есеп жасайтын күні өспей қалған тұқымдарды төсеніштен алып,ұзынынан скальпельмен кесіп,әр жүздік бойынша:сау, дұрыс өспеген, қатты, шіріп кеткендері, жарнақсыздары, бос дәнділері, энтомологиялық зиянкестермен зақымданғандары – деп бөліп талдау қағазына сандарын жазамыз. Өсіру нәтижелері бойынша тұқым өнгіштігін, өсу қуатын әр сынамаға орташа арифметикалық мәнін есептеп процентпен бүтін дәлдікпен көрсетеміз.
Тұқым өнгіштігін апнықтауда әр сынаманың нәтижелерінің айырмашылығы 6 – кестеде келтірілген ауытқу мүмкіндіктен аспауы керек.
Ауытқу мөлшерін әр 4 сынама тұқым жүздігі бойынша есептелінеді.Ол үшін тұқымдардың әр 100 сынамасы бойынша орташа арифметикалық мәнімен салыстырамыз. Егер бір жүздік тұқым көрсеткіші берілген ауытқудан асып кетсе, оның көрсеткішін есепке алмаймыз; ал өсу қуаты мен тұқым өнгіштігін қалған 3 сынама бойынша анықтаймыз.Егер ауытқу көрсеткіштері 2 сынама бойынша келтірілген ауытқу мөлшерден артық болып кетьсе, талдау дұрыс жүргізілмеді деп санаймыз.Мұндай жағдайда тәжірибе жұмысы қайталанып,жаңадан өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |