Құрал –саймандар мен материалдар:
Сұрыпталған таза тұқым
Құрама тақтасы
Дайындалған Копенгаген аппараты
Білтелерімен тігулі мата төсеніштері
Дөгелек фильтрлі қағаздар
Пинцеттер
Скальпельдер.
6 – кесте. Тұқым өсірудегі рұқсат етілген ауытқулар, %
Орташа арифмети-калық
өнгіштігі,
%
|
Рұқсат етілген ауытқу, %
|
Орташа арифметикалық өнгіштігі, %
|
Рұқсат етілген ауытқу, %
|
4 сынама 100
тұқымнан
|
3 сынама 100 тұқымнан
|
4
сынама
100 тұқым-нан
|
3 сынама 100 тұқым-нан
|
99;2
|
5
|
4
|
81-83;18-20
|
15
|
14
|
98;3
|
6
|
5
|
78-80;21-23
|
16
|
15
|
97;4
|
7
|
6
|
77;24
|
17
|
15
|
96;5
|
8
|
7
|
73-76;25-28
|
17
|
16
|
95;6
|
9
|
8
|
71-72;29-30
|
18
|
16
|
93-94;7-8
|
10
|
9
|
67-70;31-34
|
18
|
17
|
91-92;9-10
|
11
|
10
|
64-66;35-37
|
19
|
17
|
89-90;11-12
|
12
|
11
|
56-63;38-45
|
19
|
18
|
87-88;13-14
|
13
|
12
|
51-55;46-50
|
20
|
18
|
84-86;15-17
|
14
|
13
|
|
|
|
N 7 – зертханалық жұмыс
ТҰҚЫМ ӨМІРШЕҢДІГІН АНЫҚТАУ
Бұл әдіс тұқым ұрығының бояулардың түсін өз бойына сіңіру қасиетіне байланысты жасалған. Бұл жағдайда кейбір бояулар өлі клеткаларды ,енді біреулері – сау клеткаларды бояйды.
Тұқым өміршеңдігі деп тірі тұқымдардың жалпы талдауға алынған тұқымдар санына проценттік қатынасын айтамыз.
Ұрықтың боялу көлеміне, орнына, түсіне байланысты тұқым өміршеңдігіне тұжырым жасалынады.Бояу қолдану әдісі ұзақ тыныштық сақтайтын тұқымдарға пайдалынады, ал кейде тез арада өнетін ағаш түрлеріне де (қарағай,шырша,т.б.) қолданады.
Тұқым өміршеңдігін анықтау үшін келесі бояу ертінділері қолданылады: индигокармин (ұрықтың өлі клеткаларын көк түске бояйды), йод (қылқанды ағаш түрлерінің тірі клеткаларын көкшіл-сұр түске бояйды), тетразол (тірі клеткаларды қызыл түске бояйды).Кейбір ағаштар мен бұталар түрлеріне тұқым өміршеңдігін анықтау шарттары 7 – кестеде келтірілген.
7-кесте. Тұқым өміршендігін анықтау шарттары
Ағаш не бұта түрінің атауы
|
Бояу
|
Концент-
рациясы,
%
|
Ұрықты бояуда ұстау мерзімі, сағат
|
Жарық түсу жағдайы
|
Кәдімгі өрік
|
ИК
|
0,05
|
2
|
Ж
|
Кәдімгі бөрі қарақат
|
ИК
|
0,05
|
2
|
Ж
|
Шие (барлық түрлері)
|
ИК
|
0,05
|
2
|
Ж
|
Кәдімгі алмұрт
|
ИК
|
0,05
|
2
|
Ж
|
Кәдімгі шырша
|
ЙЙК
|
-
|
0,5
|
Ж
|
Шренк шыршасы
|
ИК
|
0,05
|
3
|
Ж
|
Үшкіржапырақты үйенкі
|
ТЗ
|
0,05
|
24
|
Қ
|
Татар үйенкісі
|
ИК
|
0,05
|
2
|
Ж
|
Ұсақжапырақты жөке
|
ИК
|
0,05
|
2
|
Ж
|
Сібір балқарағайы
|
ЙЙК
|
-
|
0,05
|
Ж
|
|
ИК
|
0,05
|
2
|
Ж
|
Сібір майқарағайы
|
ИК
|
0,05
|
2
|
Ж
|
Самырсын қарағай
|
ИК
|
0,05
|
2
|
Ж
|
Кәдімгі қарағай
|
ЙЙК
|
-
|
0,05
|
Ж
|
|
ИК
|
0,05
|
2
|
Ж
|
Алма барлық түрлері
|
ИК
|
0,05
|
2
|
Ж
|
Кәдімгі шаған
|
ИК
|
0,05
|
2
|
Ж
|
Қысқартылған белгілер:
ИК – индигокармин;
ТЗ – тетразол;
ЙЙК – йод ерітіндісі;
Ж – жарықта;
Қ – қараңғыда.
Тұқымдарды талдауға дайындау
Таза тұқымдардан 400 данасын немесе ірі тұқымдардан 300 данасын бөлек-бөлек 100-ден санап аламыз.Олардың ұрықтарын шығарып алу алдында арнайы дайындықтан өткіземіз.Мысалға, үшкіржапырақты үйеңкі тұқымдарын қанаттарынан босатамызда 18-24 сағатқа суға ісіндіруге салып қоямыз.Алманың немесе алмұрттың тұқымдарын суда 3-4 тәулік бойы ұстаймыз.Қарағай мен шырша тұқымдарын 18-24 сағат суға саламыз, одан соң өсіру аппаратында 48 сағат ұстаймыз.
Ұрыққаптары немесе тұқым қабықтары қатты болғанда, олар суландыру алдында скарификацияланады немесе қатты қабықтарынан босатылады.
Индигокармин ерітіндісімен кәдімгі қарағай тұқым ұрықтарын бояу
Таза тұқымдар тобынан 100 данадан 4 жеке жүздіктер санап алып, оларды 18 сағатқа әрқайсысын бөлек стакандарға ісінуге суға салып қоямыз. Тұқымдардың ұрықтарын шығару кезінде жарамсыз болып қалғандарын айырбастау үшін 5 – жүздік болғаны жөн,олар да бөлек суы бар стаканға салынады.
Тұқым ішіндегі ұрықты алу үшін скальпельмен ұрықты бойлатып тұқымды ортасынан 1 мм –ге жанатып екіге бөлеміз.Ланцет өте өткір болуы керек және ұрықты алу кезінде өте сақтықпен,абайлап істеген жөн. Алынған ұрықтарды таза суы бар стаканға салып отырамыз.Механикалық жолмен зақымдалған тұқымдар есепке алынбайды,оларды 5-жүздіктегі тұқымдардан толықтырамыз.
Стакандарға суды төгіп, орнына индигокармин ертіндісін құйып, 2 сағат осы бояуда ұстаймыз.
Ұрықтарды 2 сағаттасын сумен шайып, жуамыз да талдауға шыны үстіне төгеміз.
Өміршеңді тұқымдарға ұрықтары боялмағандарын және ұрық тамыршасының ұшынан бастап 1/3 бөлігінен азы боялғандарын жатқызамыз.
Ал тіршілік нышаны байқалмайтын, өлі тұқымдарға – ұрықтарына қарап келесілерін жатқызамыз:
а) жарнақтары боялғандарын;
б) ортасында боялған белдіктері барларын;
в) ұрық тамыршасының ұшынан бастап 1/3 бөлігінен көбі боялғандарын;
г) толық боялғандарын.
Бұларға тұқымдары бос, шірігендері де әр жүздікбойынша қосылып, есепке алынады.
Тұқым өміршеңдігін орташа арифметикалық мәнін тауып, бүтін дәлдікпен проценттеп есептейміз:
Б
Ө = ---- х 100% , мұнда
Ж
Ө - тұқым өміршеңдігі,
Б – боялған ұрықтар саны,
Ж – жалпы тұқым саны.
Тұқым өміршеңдігін анықтауда бояуға алынған әр сынама нәтижелерінің айырмашылығы жоғарыда келтірілген (6 кесте) ауытқу мөлшерден аспауы керек.
Егер тұқым өміршеңдігі стандартта көрсетілген 3-топтан 5% төмен болған жағдайда, талдауды қайтадан жасайды.
Кәдімгі қарағай тұқымдарының ұрықтарын йодты калий ерітіндісімен бояу
1.Таза тұқымдардан талдауға 100 данадан 4 жүздігін бөлек-бөлек санап алып, бөлме температурасындағы суға 18 сағатқа салып қоямыз.
2.Содан кейін тұқымдардың ұрықтарында көбіре крахмал жиналуы үшін олардың әр жүздігін жеке өсіру аппаратында 48 сағат бойы ұстаймыз.
3.Тұқымдардың ұрықтарын әр жүздік бойынша найза тәрізді ланцетпен бөліп алып, су құйылған стакандарға саламыз.Ұрықтарды айырып болысымен стакандардағы суды төгіп, 20-30 минут ерітіндіде ұстаймыз.Оның құрамында 100 см3 тазаланған су, 1,3 г калий йоды және 0,3 г кристаллды йод.
Ұрықтарды бөлген кезде, олардың бостарын, шірігеннен өсе алмайтын тұқым сандарын есептейді.
4.20-30 минут уақыт өткеннен кейін бояу ерітіндісін еппен төгеміз де, ұрықтарды суда шайқап жуамыз, сосын ақ қағазға немесе шыныға төгіп, ұрықтардың боялғандарын және боялмағандарын санаймыз.
Өміршеңді тұқымдарға жататындардың ұрықтары:
а) қарадан сұр түске дейін толық боялады;
б) тамыршалары күнгірт немесе сұр түске, ал жарнақтары сарыға боялады;
Өміршеңсіз тұқымдарға жататындардың ұрықтары:
а) жарнақтары қара немесе сұр түске, ал тамыршалары – сарыға боялады;
б) тамыршаларының ұштары қара немесе сұр түске, ал ұрықтың қалған жерлері – сарыға боялады;
в) сары түске боялғандары.
Өміршеңсіз тұқымдар санына бос және шіріп кеткендерін қосамыз. Осыдан кейін тұқым партиясының өміршеңдік проценттін есептейміз.Нәтижелері талдау қағазына түсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |