Розин байқауын жүргізу
(зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).
Дайындаңыз: 1% спирттік йод ерітіндісін (1 г кристалды йодты, сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт ректификатпен немесе Люголь ерітіндісімен ерітіп дайындайды), таза құрғақ, шыны түтікті, тамызғышты, зәрді жинауға арналған ыдысты, резеңке қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
Зәрді ыдысқа жинауға науқасты үйретіңіз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты киіңіз.
4-5 мл зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.
Шыны түтіктің қабырғасына абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ертіндісін тамызғышпен тамызыңыз.
Қараңыз: шыны түтікте ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады (егерде билирубин болса).
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Қолданған тамызғышты, шыны түтікті, зәрді жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне, ал қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |