Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау
бет 172/220 Дата 27.01.2022 өлшемі 296,97 Kb. #115097
Байланысты:
алгоритм Билирубинд і ұзынша-сопақ тестімен анықтау
Мақсаты: диагностикалық ( зәрдегі билирубинді анықтау).
Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы гепатиттер.
Дайындаңыз: жаңа жиналған зәрді , ұзынша-сопақ тестіні реактивпен, шыны түтікті.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып , тез ораудың қақпағын жабыңыз.
Қолғапты киіңіз.
Зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.
Зәрді араластырып , оған ұзынша-сопақ тестіні салып , жылдам шығарыңыз.
Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын төгіңіз.
Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.
Ескерту: жаңа жиналған зәр күн сәулесінен сақталуы керек , неге десең сәуленің әсерінен билирубин биливердинге жылдам тотығады. Қалыпта билирубин зәрде анықталмайды.
Достарыңызбен бөлісу: