Бүйректі, зәрді зерттеу ( Несептің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу техникасы.)



Дата09.02.2022
өлшемі19,04 Kb.
#131316
түріСабақ
Байланысты:
Бүйректі, зәрді зерттеу





  1. Сабақтың тақырыбы: Бүйректі, зәрді зерттеу ( Несептің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу техникасы.)
    Білімділік:

Несептің физикалық қасиетін зерттеу. Көбіне диагностикалық мақсатпен жүргізіледі. Бұндағы өзгерістер тек бүйрек пен несеп шығатын жолдардағы патологиялық құбылыстарды тану ғана емес, сондай-ақ қарын, ұйқы безі, бауыр ауруларын және зат алмасу анықтауға себебін тигізеді. Несепті клиникалық анализ үшін ертемен 200 мл алады, ал алу әдісі әр малда әр түрлі. Егер сиыр жылқы несебін табиғи несеп шығару кезінде алса, еріксіз сиырдың сарпайының төменгі жағын сипау, бұқаның күпігіне жылы тампон ұстау, жылқыға әлсіз шуыл арқылы ,тіпті болмағанда катетр көмегімен алынады. Қой , ешкі 15 – 20 сикунд тұншықтыру арқылы, шошқада табиғи жолмен , иттерде несеп нүктеріне келгенде,мысықта табиғи жолмен,болмаса құрсақ қуысына массаж жасау арқылы алынады. Несепті лабораторияға жолдамамен әкелінеді. Несепті 1 сағаттан қалмай тексерілуі тиіс, ал 1 – 2 күн сақтау үшін 4 градуссқа дейін тонастқышта сақтайды. Ал ұзақ уақыт сақтау үшін тимол ( 1 гр 1 л несеп ) қолданылады. Несептің мөлшері мензуркамен 24 сағ.- ғы өлшеммен өлшенеді. Жылқыда 3 – 6 л, ірі қарада 6 – 12 л, қой, ешкіде 0,5 – 1 л , шошқада 2 – 4 л , ірі итте 0,5 – 1 л, кіші итте 0,4 – 0,2 л , мысықта урохромға байланысты. Ірі қара малының несептің түсі ақшыл, сары ақшыл , қоңыр, жылқыда қоңыр , ақшыл сары, ит – мысықта ақ сары. Патология кезінде түссіз, диабетте өте сарғыш, қозбада , қатты терлегенде сарғыш жасыл пигменттерімен , несептер көбейгенде қанды қызыл гемотурияда ақ түсті цеститте, пиолонефритте байқалады.


Несептің тұнықтылығы тақ тұйақты малдын басқасында несеп тұнық болады. Ал майлы болуы оның құрамында лейкоциттер , эритроциттер , бактериялар, тұздар, кілегей, эпителий клеткалардың майлануынан несептің конститенциясы ыдыстын – ыдысқа сапыру арқылы анықтайды.Дені сау малда , сулы-сұйық , тақ тұяқтыларда құрамындағы мусинге байланысты кілегейлі келеді. Несептің иісі әр малға өзіне тән , яғни несеп не құрлым құнарлы болса соғұрлым иісі күшті болады. Суыл несеп бактериялық ыдырауға шалдыққанда иісі амиак тәріздес, қуық қабырғасы сау болғанда уретра цеститте бітеліп қалғанда байқалады. Несепте жеміс иістері кетозға шалдыққанда байқалады. Дені сау малда салыстырмалы тығыздығы г л, кг л. Ірі қара малда несеп тығыздығы 1,05-1,45 , ұсақ малдарда 1,15-1,050, жылқыда 1,20-1,050, шошқада 1,005-1,025,итте 1,021-025, мысықта 1,0 .
Несепті химиялық зерттеу оның рН, белокты, альбумозды, қантты, кетонды денелерді, қан пигменттерін, миогдобинді,индиканды және қышқылды анықтау.
Несептегі қантты анықтау. Ниляндер сынамасы ( Виснут нитраты 2 гр, сигнет тұзы 4 г, 10 % натрий гидрооксис ерітіндісін 100 мл ) 3-4 мл осы ерітіндіге 2 мл несеп қосып 3 - 4 минут от жалынына қыздырады. Егер несепте қант болса сұйық лайланып қоңыр қара түске боялады.
Белокты анықтау- сульфосолицил қышқылды ерітіндісін 20% 2-3 мл қышқыл реакциялық несепке 5,6 тамшы қосады.Егер несепте белок болса , пробирканы қыздырған кезде жоғалмайтын лай пайда болады.
Несеп тұнбаларын зерттеу. Несепті жобалау мөлшерлеу тәсілдерімен.Жобалау клиникалық практикада өте кең қолданылады.Мөлшерлеу тәсілі арнайы есеп камерасында санауға мүмкіндік береді, бірақ сирек қолданылады.
Несеп тұнбасынан препарат дайындау үшін пробиркаға 10-15 мл несеп құйып 5-7 мин. 1500-2000 минутына айналыммен центрафудка айналдырады. Шыққан тұнбаны тез сұйықтан айырып төсеніш шыныға 1 тамшы тамызып үстін жапқыш шынымен жауып әуелі кіші, сосын үлкен көрсеткішпен қарап элементьтерді ажыратуға кіріседі. Дені сау малда несебінде эритроцидтер әр көру аймағында 2 ге дейін ,ал гемотоурияда әр көру аймағында 2500 ге дейін эритроциттер көрсетеді .Сол сияқты лейкоциттерде несепте өте аз , ал лейкоцитурияда әр көру аймағында 50-100 ге дейін оны пиурия деп атайды.
Несеп жасалу механизмі бірінен соң бірі жүретін екі процестен тұрады: фильтрация және реабсорбция. Несеп жасалғанда бүйрек өте көп энергия жұмсайды, ал ол энергия бүйректегі өте жедел жүретін тотығу процесінен босап шығады. Энергияның көпшілігі реарбсорцияға кетеді. Реарбсорбция мен осмосқа байланысты пассивті түрде болады. Каналдарда калий және кальций иондары 90 %, несеп қышқылы 80 %, фосфаттар 55 % , натрий және хлор иондары 40 % кері сіңіеді. Су каналдарының қабырғасынан кері сіңгендіктен соңғы (нағыз) несептің мөлшері, алғашқы несептен әлде қайда аз болады. Ал құрамындағы организмге керек емес заттардың концентрациясы көп болады.
Каналшаларда жүретін реарбсорбцияны оның қай бөлімінде жүретіндігіне қарай проксимальдық және дистальдық деп бөледі. Түрлі заттардың несептен лимфаға және қанға тасымалдану механизміне байланысты пассивті, алғашқы белсенді реабсорбция және соңғы белсенді реарбсорбция деп бөледі. Нефронның порксимальды сегментінде қалыпты жағдайларда ультрасүзіндідегі глюкоза, белоктар, амин қышқылдары, пептидтер, витаминдер, мочевина, несеп қышқылы, натрий, калий, кальций, магний, хлор, фосфат иондары толығымен дерлік кері сіңіріледі. Проксимальді бөлімінің соңғы жағында оның қуысында ультрасүзінді мөлшерінің 1/3 - і ғана қалады.
Судың кері сіңуі натрий мен хлорибтер реарбсорбциясына байланысты. Натрийдің проксимальды бөліміндегі реарбсорбциясы әрі пассивті, әрі белсенді тасымалдану арқылы жүреді. Мұндай жағдай бүйрек каналшаларындағы эпителий клеткаларының полярлы, ассиметриялы болуынан. Олардың каналша қуысына қараған плазмалық мембрасының ( люминальдық лат. - Lumen қуыс, немесе апикальдық - лат. apex - төбесі деп аталатын бөлімінің ) клетканың базолатеральдық деп аталатын түбіндегі және бүйіріндегі мембранадан көп қасиеттері жағынан айырмашылығы бар


4. Жаңа тақырыпты бекіту. Оқушылардың игерген білімін сұрақ-жауап тәсілімен тексеру.
1 Несептің құрамы
2 Шығарылу жолдары
3 Химиялық құрамы
4 Зәр шығару жолдары
5 Зәр шығару процесі

5. Үйге тапсырма беру: Конспект оқу, сурет салу




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет