Абайды тану - жалпы қазақ әдебиетін тану тәрізді ғылым. Бұл ауқымды жұмысқа тек әдебиетшілер ғана емес , тарихшылар мен тілшілер, көркемөнер зерттеушілері мен педагогтар, тағы да осыларға жалғас әр саланың мамандары тарапынан үлестер қосып келеді.
Абай мұрасы – адамды адам етіп тәрбиелеудің жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың қайнары. Абайдың мұраларының танымдық-тағылымдық мәнін зерттеу- тың мәселе.
Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу - әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Ұлтымыздың осы бір жақсы әдет-салты бүгінгі тәрбие үрдісінде тиімді екені даусыз мәселе. Адамзат ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген гуманды педагогика ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін бүгінгі тәрбие үрдісінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер арқылы дәлелдеуге болады.
Тақырыптың өзектілігі: Абай тағылымы арқылы жүргізілетін тәрбие өзі үзбей жырлаған «Адам» айналасынан бастау алуы керек. «Адам кім?», «Мен-адаммын», «Абай және Адам», деген тақырыптар жас өскіннің адамға деген құрметі мен түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді. Алдына бала келген күннен – ақ, ойлы ұстаз білім мен тәрбие үрдісін олардың өзін Адам ретінде түсінуі мен оған деген мақтан сезімін қалыптастырудан бастағаны жөн. Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол. Оны жүзеге асыру мақсатында таңдап алған ғылыми жұмыстың қажеттілігі маңызды , аса өзекті деп санаймыз.
Зерттеу нысаны: Абай Құнанбаевтың мәдени мұралары. Абайдың Толық адам туралы өлеңдері.
Мақсаты: Хакім Абай мұрасындағы имандылық идеяларына тарихи- танымдық талдау жасау. Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету. Соның негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау. Өзін-өзі тануларына, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету, тәлімдік мүмкіндік туғызу.Осы мақсаттарға жету үшін мынадай нақты міндеттерді жүзеге белігілеп отырмын.
Міндеттері: * Абай мұрасындағы рухани- имандылық тәрбиесінің негізгі мазмұны мен қағидаттарын анықтау;
* Жас ұрпаққа Абай мұрасындағы рухани- имандылық тәлім- тәрбие беру жолдары мен мүмкіндіктерін анықтау.
* Оқушыларды Абай шығармашылығымен, соның ішінде Толық адам туралы ұстанымдарымен таныстыру.
* Абайтанушыларды таныта отырып, Абай әлеміне бойлау, оқу, талдау.
* Толық Адамның негізгі қасиеттерін диагностика арқылы саралау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
* Абайдың Толық Адам туралы өлеңдерінің бүгінгі таңда оқу- тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану.
*Оқу- тәрбие үрдісінде Абай мұрасын, соның ішінде оның Толық Адам туралы танымдық мәнін ұғындыру.
Абай тағылымы арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттеріне әсер ету, оларды жан-жақты дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |