Бас- басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?- деп , ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан да , мінез- құлық жағынан да татымсыз топты бөліп көрсетеді.
Халқының келешегін ойлап егілген, сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Соның бірі-достық мәселесі. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ол тіршілікте өзі көрген , халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды шын адамгершілік жолыга , қиянатсыз, адал достыққы үгіттейді. Оларды жалған татулық, бояма мінезден сақтандырады.
Қазіргі кезде қазақ мемлекетінің дүниеге келуі , оның орнығуы мен дамуы туралы бір негізді ортақ ғылыми көзқарас бар. Ал қазақтың ұлт ретінде пайда болуы,қалыптасуы жайында айқын дерек жоқ. Мұны әркім әр түрлі түсіндіреді. Әрбір ғалым өз пікірін , өз көзқарасын ұсынып , өзінше пайымдайды.
Бұл мәселе кемел ойдың кемеңгері Абайға да ой салған.Абай ел тарихына , тұрмыс салтына , әдет-машығына ерекше сын көзбен қараған. Сонымен бірге өз ұлтының арғы-бергі өмірін , түп тамырын танып білуді парыз санаған. Сондықтан да ол халықымыздың тарихына байланысты ғалым ретінде мақала жазып қалдырған.Оның бұл мақаласы – «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыұұаны туралы » деп аталатын «Қырық алтыншы қара сөзі». Бұл еңбектен Абайдың араб, парсы, қытай, орыс тілдерін де жазылған әдебиеттерді терең оқып, зерттегенін , қазақтың шығу тегіне қатысты тарихи деректерді пайдаланғанын анық байқауға болады.
Абай халқымыздың шығу тегін қарастырған осы мақаласында ислам дініне байланысты деректерді де ұсынған.
Сонымен ұлы бабамыздың шығармаларының танымдық- тәрбиелік мәніне орай былайша топтастыруға болады:
1 « Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» , «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерінде, « Бірінші қара сөзінде » білім- ғылымға қатысты ақыл- ой тәрбиесі айтылады.
2 «Қартайдық, қайғы ойладық ұйқы сергек», «Қартайдық, қайрат қайтты , ұлғайды арман », «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы.», «Адамның кейбір кездері» ,7.13.17.19 қара сөздерінде адамгершілік тәрбиесі сипатталған.
3 «Жүргеім нені сезесің?», «Не іздейсің көңілім, не іздейсің ?», «Жүрегім,ойбай, соқпа, енді», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ» өлеңдерінде эстетикалық тәрбие жайлы айтылған.
4 « Сабырсыз, арсыз, еріншек », «Шегіртке мен құмырсқа », «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры» , «Қыс» өлеңдерінде еңбек, экология тәрбиелері көрінеді.
5 «Тұтқындағы батыр», «Туғызатын ата- ана жоқ», «Адамның кейбір кездері» , «Кешегі Оспан ағасы », «Кешегі өткен ер Әбіш», «Ата- анаға көз қуаныш» өлеңдерінде отбасы тәрбиесі сипатталған.
Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |