Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.
Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.
Сүнгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі).
Залалсыздандырылған сүнгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
Залалсыздандырылған сүнгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.
Науқасты ауызын ашуын сұраңыз, суландырылған сүнгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.
Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын жұтыну қозғалысын жасап, сүнгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе онда тез арада сүнгіні шығарып алыңыз!).
Наукасқа ескертіңіз, сүнгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.
Сүнгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.
Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№ 1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену).
Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№ 2, № 3, № 4, № 5 үлестік – «өзекті» сөлдену).
Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1% 0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.